6.
Тәрбие жұмысы:
Мектеп пен бекітілген сыныптағы, сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны және
ұйымдастырылуымен танысу, сол бағытта келесі жұмыстарды орындау:
-
осы мектептегі тәрбие жұмысы бойынша директор орынбасарының хабарламасын
тыңдау;
-
практиканттың өзі бекіліген сынып жетекшісімен сыныптағы оқу-тәрбие жұмысы
туралы (жалпы үлгерімі, ұжым ретінде қалыптасуы, қоғамдық жұмыс, ата-аналармен
байланыс және т.б.) сұхбатқа қатысуы;
-
бекітілген сыныптың ұжымы туралы ақпаратты үйрену (үлгерімін, тәртібін, қоғамдық
белсенділігін, көшбасшылығын, қызығушылығын және т.б.);
-
жалпы білім беретін пәндер бойынша 2-3 сабаққа қатысу;
-
мектептің, сыныптың тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес шараларын іске асыруға
қатысу;
-
бекітілген сынып оқушыларымен бірге тәрбие жұмыс бойынша 2 іс-шара өткізу.
7.
Студент жұмысының есебі мен есеп беруі:
-
студент практика барысында практикант журналын үнемі толтырып отырады.
Практика аяқталған кезде студент ұсынады:
-
практикант журналын;
-
дене шынықтыру сабақтарының жоспар-конспектілерін;
Практика қорытындылары бойынша дифференцияланған сынақ қойылады. Соның
ішінде бағдарламалық талаптарды өз уақытында және сапалы түрде орындауы ескеріледі.
Оған қоса практикант қызметін бағалау барысында оның практикаға деген қатынасына,
мінез-құлықтық пен жеке басының сапаларына аса үлкен мән беріледі, атап айтқанда:
-
кәсіби тәртіптілігі, жауапкершілігі, қозғалыс даярлығының жарасымдылығы;
-
оқушылармен мінез-құлық және қатынас жасау мәнері (мейірімділігі, талапшылдығы,
әдептілігі, эмоциялық тұрақтылығы және т.б.);
-
сабақтағы сыртқы келбеті: түзу дене бітімі, қалыпты дауыс ырғағы, сөз бейнелілігі,
көңіл-күйін білдіруі.
Практика қорытындысын шығару
Студент практика аяқталған кезде келесі құрамдағы дифференцияланған бағалау
комиссиясына дифференцияланған сынақ тапсырады (есебін қорғайды): практика жетекшісі,
практика меңгерушісі, бітіруші кафедраның әдіскері және практика базасындағы дене
шынықтыру пәні мұғаліміне.
Достарыңызбен бөлісу: |