453
беру. Допты қабылдау: жоғарыдан, төменнен, орында және алдыға қозғалумен, артқа, оңға
және солға.
Допты ойынға қосу:
қапталдап, төменгі, жоғарыдан түзу, тордан асыра,
аймақтарға. Доп ойынға қосылғаннан кейін қабылдау. Сақтандыру. Командалық ойын.
Футбол
Допты бір орында және жан-жаққа (алдыға, артқа, оңға, солға) қозғлыста
әріптесіне аяқпен(оң аяқпен, сол аяқпен) беру. Допты аяқпен (оң аяқпен, сол аяқпен)
тебуді орындау және қақпаға теуіп кіргізу. Командалық ойын.
Допты қабылдаулар
табанмен, табанның ішкі және сыртқы жандарымен, санмен,
көтермемен, аяқтың ұшымен, көкрекпен және баспен жүзеге асырылады.
Футболшының доппен және допсыз орын ауыстырулары.
Жүріс түрлеріндегі, баяу
жүгірістегі, шапшаңдату жүгірісіндегі және арқамен алдыға жүгірудегі жаттығулар.Ойын
жағдайындағы жылдам орын ауыстырулар:орнынан ең шапшаң жүгіріс, шапшаңдату,
жалғамалы қадамдармен жүгіру; түзу, доға,
қарсы жаққа, ирек және т.б. әртүрлі
бағыттардағы қозғалыстар.
Допты тебу
футболдағы ойын техникасының негізін құрайды. Допты аяқпен тебу
арқылы допты әріптесіне береді, қақпаға тебеді, допты алып жүруді
және басқа да
әрекеттерді жүзеге асырады.
Допты алып жүру
көтерменің ішкі және сыртқы бөлігімен ретімен итермелеп,
табанның ішкі жанымен, көтерменің орта бөлігімен, аяқтың ұшымен, бір аяқпен немесе
кезектесіп жүзеге асырылады.
Допты тартып алу.
Допты тартып алуда кезінде, допты иеленіп тұрған ойыншыға
жақындап, ол доптан бақылауын жоғалтқанда допқа қарсы
аяқты салуы тиіс Жұптағы
және үштіктегі жаттығулар.
Қақпашының ойын техникасы.
Қақпашы ойын барысында бір орында тұрмайды:
ол допты қағып алады, қақпаны қорғауда допты қайтарады,
қағып алған допты ойынға
қосады немесе допты аяқпен алып жүреді.
Гандбол
Қозғалыстар, допты ұстау және берулер, лақтырулар, допты алып жүру және алдау
әрекеттері, тосқауылдар, оқшаулау және допты қағып әкету.
Қорыстағы және шабуылдағы
техникалық және тактикалық іс-әрекеттердің негіздеріне үйрету.
Допты ұстау және беру.
Бір орында, алдыға қозғалыста, қарсы жүріс кезінде,
қарсыластың қарсылығымен.
Допты алып жүру.
Допты адымтап (бір адымдап, екі адымдап), жүгіріп,
бұрылулармен алып жүру. Бір орында, қозғалыста және қарсыластың қарсылығымендопты
алып жүру мен берулер.
Допты қақпаға лақтыру түрлері.
Қозғалыста және секірісте әртүрлі
тәсілдермен
допты лақтыру. Жеті метрлік айып добын орындау.
Допты оқшаулауды, допты қағып әкетуді және қорғаныс тұрыстарына үйрету.
Қақпашының ойын әдістері.
Қақпашы ойын барысында бір орында тұрмайды:ол
допты қағып алады, қақпаны қорғауда допты қайтарады.
Қақпашының ойын
барысындағы негізгі мақсаты- бұл өз қақпасына доп жібермей шұғыл шабуыл
ұйымдастыру. Барлық ойын техникасы, қорғаныс техникасы
мен шабуыл техникасы болып
бөлінеді.
Командалық ойын.
Достарыңызбен бөлісу: