Жоғары педагогикалық білім



Pdf көрінісі
бет432/451
Дата24.11.2022
өлшемі6,57 Mb.
#159716
түріБағдарламасы
1   ...   428   429   430   431   432   433   434   435   ...   451
Байланысты:
Готовый-ТУП-в-типографию-с-испр.-08.12.-для-Бауржана-новый

Жеңіл атлетика 
Спринтердің (қысқа қашықтыққа жүгіруші) жалпы жетілдіру мен арнайы 
жаттығулары, әртүрлі сөреден шығу түрлерімен қарқынды шапшаңдату. 
Жүгіру АЖЖ (арнайы жүгіру жаттығулары). 
Кібіртіктей жүгіру, санды көтеріп жүгіру, 
жіліншікті осқылап жүгіру және т.б. Жүгірушілерге арналған жалпы және арнайы жаттығулар 
кешені. Кросстық дайындық (кедергілі жерлермен жүгіру). Бақылау старттары: 100м, 400м, 
8000м. Түзу жолмен жүгіру, виражбен жүгіру, қайталамалы жүгіріс және т.б. Қысқа қашықтықта 
шапшаңдықты үдету. Эстафеталар . 
Лақтырулар. 
Лақтырушының жалпы жетілдіру және арнайы жаттығулары. Жеңіл 
атлетикалық снарядтарды лақтыру техникасын меңгеру. Лақтырушының жалпы және арнайы 
дайындығын дамыту үшін нығыздалған доптармен және басқа да құрылғылармен жаттығулар. 
Секірулер. 
Секірумен айналысатын спортшының жалпы жетілдіру және арнайы 
жаттығулары. Секіру элементтерімен әр түрлі тәсілдерде орындалатын жаттығулар. Секіру 
техникасы (орнында тұрып ұзындыққа секіру, жүгіріп келіп секіру). Секіру жаттығуларының 
дербестендірілген кешендерін меңгеру. Дене жүктемелерінің жаттығу әсеріндегі түсінігі. Дүркін 
секіріс (үш есе, бес есе және т.б.). 
Шаңғы дайындығы 
Саптық пәрмен мен шаңғыдағы әдістерді, шаңғымен қозғалу, және шаңғымен оқу 


452 
алаңдары мен шаңғы жолдарында әр түрлі тәсілдермен орындау. Шаңғымен көтерілу және төмен 
түсу, қозғалыста және бір орында бүрылулар мен тежелулер. 
Шаңғымен ойлы-қырлы жерлермен қозғалу техникасы. Берілген аралықты баяу және 
орташа қарқында уақытқа жүріп өту. Шаңғымен эстафеталар. Әртүрлі шаңғымен жүру 
техникасын үйрену. 
Адымдағыш қадам. 
Адымдағыш қадаммен қозғалу «шаңғыны сезуді», «қарды сезуді» 
дамытуға арналған құрал болып табылады. Адымдағыш қадаммен қозғалу, шаңғымен сырғанақ 
қадамды үйретудегі ерекше бір жетелегіш жаттығу болып табылады. Адымдағыш қадам - бұл 
шаңғының ұшын кезекпен көтеріп шаңғымен жүру, бұл ретте шаңғының артқы жағы қарға 
жабысады, адамның денесі бір шама алдыға еңкейіңкі болады. 
Сырғымалы қадам. 
Сырғымалы қадам барлық шаңғымен жүру техникасындағы негізгі 
элемент болып табылады. Шаңғышы шаңғымен қозғалу кезінде осы қадаммен алма-кезек 
итеріледі (сол аяқпен, оң аяқпен). 
Алма-кезек қос адымды жүріс. 
Әр кез қозғалғанда осы тәсілмен екі сырғымалы қадам (оң 
және сол аяқпен) орындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   428   429   430   431   432   433   434   435   ...   451




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет