38
әңгіме–«Ескендір»поэмасының сюжеті нақпа-нақ баяндалатын, кейде тұтас сӛз тіркестері қайталанып
жататын «Тәкәппар әскербасы турасынан» – екеуі де Абай прозасының үлгілері болып танылады деп 1988
жылы «Жалын» баспасынан шыққан Шәкәрім шығармаларының алғы сӛзінде ӛз ойын келтіре кеткен.[2]
Шығарманың негізгі арқауы махаббат трагедиясы болғанымен, ақын шағын кӛлемде тарихи ақпарат
беріп, Ақтабан шұбырынды күндерін, елдің қырғынға ұшырап азып-тозуын сипаттай келе, қазақтардың
қайта күш жиып, жауға қарсы аттанғанын, үлкен жеңістерге жеткенін айтады. Автор сол арқылы Еңлік-
Кебек трагедиясына болған әлеуметтік жағдайларды ашу. Сол себепті де, ақын ойрат одағы жойылғаннан
соңғы кезеңде шығыс облыстарға ауа кӛшкен рулардың ӛзара күресіне арнайы тоқталады. Хандық ӛкімет
құлап, әркім ӛз басына би болған замандағы бұл қақтығас ел мүддесінен емес, ағайынға тиесілі болған
жайлау, қыстауды тартып алу мақсатына туындаған еді. Әрине, тар жерде тек отырып, аштан қырылмадың
деп Тобықтыны кінәлау қиын,бірақ кең қонысының бір ӛңірін қаны қарайып келген ағайынға қимаған
Матайды да ақтап алу мүмкін емес. Енді ағайын арасында күрес басталды. Дәл осындай уақытта албырт
кӛңіл, ақ махаббат табыстырған Тобықты жігіті Кебек пен Матай қызы Еңліктің тағдыры қандай болмағы
айтпаса да түсінікті.
«Еңлік-Кебек» поэмасында Кебек образы нағыз батырға тән образ десек қателеспейміз. Ол Еңлік
үшін басын ӛлімге де тігеді. Еңлікпен елсіз тауда ӛмір сүруге бел бууы, Матайлар қоршаған сәтте нағаз ер
жігітке тән мінез. Кейбір зерттеушілер осы сәттегі Кебекті Шәкәрім әлсіздеу кӛрсеткен деседі. Ал біз
бұны Шәкәрімнің Кебекті шыншылдықпен бейнелеуі деп түсінеміз.
Батыл Еңлік те сол тұста қазақ қызына бергісіз шешімділік танытып, Кебекке қалайда бірге болуға
қолқа салады. Еңліктің бұл әрекетінен біз ӛрескелдік қылықты емес, керісінше ӛз бостандығы үшін
күрескен үлгі боларлық берік рухты кӛреміз.
Шәкәрім Құдайбердіұлы бұл поэманы қара ӛлең үлгісінде жазып, 652 жолға сыйдырған. Бірақ осы
шағын ғана кӛлемге толық романтикалық материалды енгізген.
Жазушының ӛзі жоқ, шығармалары сайрап тұр. Мінезі, бейнесі, тұрмысы, барша тағдыры
шығармаларынан ӛріп шыға келеді. Шығармалары сӛйлеп тұрған жазушыны ӛлді деуге хақың жоқ. Оны
ұғуға кӛңілдің кӛзі, зерденің зейілі болса, жетіп жатыр.
Шәкәрім ! Ол – ұлы есіммен жүректің дәл түбін шаншыған, қияға шарқ ұрып самғаған, ел
болашағына жаңа бағыт іздеген, әзір таппаған, бірақ қайдан табатынын дәл сезіп болған ел баласы, заман
жасы, дүйім жұрттың алысты болжай алған, ілгері сүйреген ойы, қиюы қашып ыдырай бастаған ескі
қоғамдағы әділетсіздікке қарсы күресіп, демократияшыл озат ойларды берік тұтынған кесек тұлғалы аса
кӛрнекті жазушы.
Ел мен Жерге ем болған ердің қадір қасиетіне бас имейтін, поэзиядан мақұрым ездер мен ерсі, ессіз
мемлекеттік мекеме басшыларының салғырт, салақтығының салдарынан салмақты асылдарымызбен
сабақтасып жатқан ақын, батырларымыздың салы суға кетіп, ӛздеріне тиесілі жер бетіндегі сыбағаларына
сына қағылуда. Менің ойымша, қазақ халқының зиялылары қандай бір қиындық кездеспесін, басына
қандай бір қауып-қатер тӛнбесін, зиялы болып қалулары керек. Барлық кезде ӛзін-ӛзі ұстап, ӛзімен еріп
келе жатқан іні-қарындастарына, ұл-қыздарына, үлгі ӛнеге танытып, зиялылыққа тәрбиелеулері тиіс.
Ӛсетін елдің, ӛркен жаятын елдің ұрпағы осы шығармадан ғибрат алар, ұлттық рухы биік жақсылар
мен жайсаңдар кӛбейер деп ойлаймын. Сондықтан да оған бағышталар бүгінгі заманның, болашақтың
ескерткіші де қоладан құйыла ма, шомбал жартас, мӛлдір бұлақтан ӛріле ме, бәрібір ең бастысы тектілік-
тегіне лайық шын пейіл кӛңілімен кӛмкеріліп, ӛзі медет тұтқан тек таза әуен мен әуезден ғана
құрастырылуы шарт.
Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларында айтылған ұшқыр ойлар егеменді еліміздің, қазақ
тағылымындағы жас ұрпақтың ойына - ой қосып, жігеріне – жігер қосып, азаматтық рухта тәрбиелейді деп
сенемін. Біріміздің кӛзімізге кӛрініп қуанышқа кенелтер, біріміздің күпті кӛңілімізді ойландырып есейтер
Қазақстанның келер ғасыры осындай аяулы перзенттері ғибраты мен рухани кеңестігін кӛріктендіре
берері хақ.
Достарыңызбен бөлісу: