61
1.Сәйкестендір:
бүркеніш қанқыз
Рең сақтандырғыш қарашыбын
Қорғаныш кӛбелек
2. Құстарға ӛз тұмсығының маңызы қандай?
3. Жануарлардың ұрпақ қалдыруы туралы әңгімелеп бер.
III. Жаңа сабақ. Кіріспе.
а) Қайырымдылық сӛзін топтастыру
достық
жанашырлық
бауырмалдық қамқорлық
мейірімділік кӛмек беру
ә) Ой қозғау.
- Қайырымдылық кімнің арасында болады? (Адамдар арасындағы қайырымдылықты әңгімелеу).
- Қайырымдылық тағы кімдердің арасында болады? (Тоқылдақтың құстарға қайырымдылығы).
IY. Жаңа сабақты түсіндіру.
а) Қоянға түлкінің қайырымдылығы (Суретпен жұмыс).
ә) Суыр, арқар, шақшақайдың бір-бірімен тығыз байланыста тіршілік етуі.
б) Адам мен жануарлар арасындағы қайырымдылық.
в) Жануарларды қорғау – басты міндетіміз. Қазақстанның Қызыл кітабында қорғауға алынған
жануарлар тіркелген.
Y. Деректер мен дәйектер. (оқушы ізденісі).
Дельфин. Дельфин сүтқоректі жануар, суда ӛмір сүреді. 30-40-тан үйір болып жүреді. Суға
батқан адамға жәрдем береді. Бір дельфин Жаңа Зеландиядағы теңіз бұзағынан кемелердің ӛтуіне 30
жылдай кӛмектескен. Дельфин – достыққа құштар, ойыншыл жануар.
Қарлығаш. Еңбекқор құс. Қарлығаш есімді қыздарн кӛп. «Адам үй салуды қарлығаштан, ӛрмек
тоқуды ӛрмекшіден үйренген», - деп Демократ айтып кеткен. «Қарлығаштың ұясын бұзған адамға қырық
түрлі пәле жолығады» деген жорамал бар.
Аққу. Кӛлдің кӛркі, аққу жүзген кӛл таза. Қыз балалар сәнденіп, таза жүруді аққудан үйренген.
Аққу туралы қанатты сӛздер бар: «Аққуды атпайды, киесі тиеді», «Аққумен дос болсаң, жүрген жерің пәк
болар».
Арыстандар. Арыстанның адамға пайдалы жағы бар, ең алдщымен олар хайуанаттардың ауру,
әлсіздерін жейді екен, сондықтан жұқпалы аурулар кең таралып кете алмайды. Қазір арыстанды аулауға
тыйым салынады.
YI. Деңгейлік тапсырмалар.
Оқушыларға бағалау парағы таратылады.
1 деңгей (5 ұпай).
1. жануарлар арсындағы ӛзара қайырымдылық қатынасты қалай түсінесің?
2. Мысалдар келтіріп әңгімеле.
3. Адам мен жануарлар арасындағы әр түрлі қарым-қатынасқа мысалдар келтір (мысалы, адам
мен ит, адам мен мысық, адам мен жылқы).
2 деңгей (10 ұпай).
1. Сызбаны түсіндір.
жылқы
Адам ит
мысық
2. Достық, қайырымдылық, мейірімділік туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
3. Достық қатынасты қалай түсінесің?
3 деңгей (15 ұпай).
1. «Қайырымдылық» сӛзіне ребус құрастыр.
Достарыңызбен бөлісу: