74
Кӛптеген жұмыстардың ішінде ең жақсы қорытылған еңбек – ажырасқан әйелдер мен балаларының
проблемалары туралы жазылған Гельмут Фигдордың еңбегі. Г.Фигдордың ойы бойынша, ажырасудан
кейінгі дағдарыстың ұлғайып кетуіне екі себеп бар: яғни, біріншіден, ол ажырасудың салдарынан болатын
баладағы әртүрлі жағдайларда ӛзіне жауапкершілік ала алмауы, екіншісі – баламен қалған әкесінің немесе
анасының дағдарысы. Ажырасқан әйелдер мен ер адамдардың кӛпшілігі біраз уақыт ӛткеннен кейін
қайтадан отбасын құруды шешеді (кейбір мәліметтер бойынша 83% ер адамдар және 76% әйелдер).
Екінші рет отбасын құрғанда олар ӛз қарым-қатынасын қадірлей біледі, ӛз міндеттерін жақсы орындайды,
барлық нәрсеге салмақпен қарайды.
Отбасылық ӛмірдің дұрыс ұйымдаспауы және ерлі-зайыптылар арасындағы конфликтілердің болуы
әсіресе ажырасу статистикасынан анық байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: