Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет56/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   164
 
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Қоңырбаева С.С. Қазіргі кезеңдегі отбасының қызметі мен ерекшеліктері. Тәрбие отбасынан басталады. 
№4. 2008.
2.Ж. Ақпарова. Жанұяның методологиялық негіздері. Ұлт тағылымы,2002. 
3.Андреева Т.В. Семейная психология. Учеб. пособие. – СПб. «Речь», 2004. 
4.Сысенко В.А. Устойчивость брака. М., 1981. 
Аннотация. 
В статье рассматривается проблема готовности молодежи к браку и психологические 
предпосылки счастливой семейной жизни. 
Annotation. 
In article the problem of readiness of youth to marriage and psychological prerequisites of 
happy family life is considered. 
 
ӘОЖ 159.9 
Б 73 
 
ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕ РЕТІНДЕГІ ЖҦМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ БОЛУ СЕБЕПТЕРІ 
 
Болтаев А.Д., Қыдыр З., Тасов Б., Ӛкен С., Мауленова Қ.И. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институт, Тараз қ. 
 
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына 23 жыл болып қалды. Алайда Қазақстанның 
бірінші күндерінде алдынан шыққан мәселелер әлі де толық жетілген жоқ. Сондай мәселелердің бірі 
жұмыссыздық болып табылады. Жұмыссыздық дегеніміз – әлеуметтік – психологиялық құбылыс, осы 
құбылыс кезінде елдің экономикалық белсенді халқының бір бӛлігі біршама уақыт не тұрақты жұмыссыз 
немесе жалақысыз болады. Соңғы жылдары жұмыссыздық халықтың қалың топтарын қамтуда және 
барған сайын ұлғайып келеді. Оның деңгейі ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ–ОЭСР) кіретін 
елдердің барлығында дерлік ӛсу үстінде. Тіпті экономикалық ӛсудің жоғары қарқындары белгіленген 
дамушы елдердің кӛпшілігі халық санының ӛсуінен қалып қоймаулары үшін біршама жылдам 
қарқындармен жұмыспен қамтуды ұлғайту мәселесін әрең игеріп отыр. Шығыс Еуропа және ТМД 


79 
елдерінде кепілденген және толық жұмыспен қамтылуға ұзақ жылдар бойы дағдыланып қалған адамдар, 
кенеттен мемлекеттік секторды қайта құру мен жеке секторда жұмыс орындарын ашудың баяу 
қарқындары себебінен жұмыспен қамтылу кепілдігінен айырылып, жұмыссыздықтың ӛсу проблемасын 
бастан кешірді. Тіпті экономикасы ӛрлеу үстіндегі елдерде де жалақы деңгейінің тӛмендеуі байқалады [1].
Жұмыссыздық – әлеуметтік жетістіктерінің адам дамуына ықпалын азайтатын құбылыс. Біріншіден, ол 
адамдар мен үй шаруашылықтарының белгілі бір бӛлігін (кейде едәуір кӛлемін) экономикалық әрекет 
жағдай жасайтын мүмкіндіктерге қол жеткізуден айырады. Олар үшін адам даму жағдайлары едәуір 
нашарлайды. Екіншіден, жұмыссыздық (әсіресе, ұзақ мерзімді, тоқыраулы) еңбек дағдыларын жоғалтуға, 
яғни жинақталған адам капиталынан айырылуға ұшыратады және осылайша ол адам дамуына теріс 
ықпалын тигізеді. Үшіншіден, жұмыссыздық тек жеке адамдардың ғана емес, сонымен бірге 
жұмыссыздардың әл–ауқатының деңгейін қолдауға, мемлекеттердің жұмыспен қамту жӛніндегі түрлі 
бағдарламаларын іске асыруға байланысты елеулі әлеуметтік шығындарға ұшыратады, ал мұндай жағдай 
адам дамуына анағұрлым тиімді бағытталуы мүмкін ресурстарды қоғамнан оқшауландырады. 
Жұмыссыздық құбылысы қоғам үшін қазыналық жоғары шығындарды, адам капиталынан айырылуды, 
әлеуметтік саралардың күшеюін, жастар проблемасының шиеленісуін білдіреді [2]. 
Осы мақсатқа жетуде келесідей міндеттер қойылады: 
1.Жұмыссыздықтың мәні мен пайда болу себептерін анықтау; 
2. Жұмыссыздықты еңбек рыногының элементі ретінде қарастыру және жан-жақты талдау; 
3. Жұмыссыздықтың түрлері мен олардың психологиялық ерекшеліктерін қарастыру; 
4. Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесінің жалпы жағдайын, жұмыссыздық деңгейін, олардың 
ӛзіндік ерекшеліктерін қарастыру; 
5. Еліміз тарапынынан жұмыссыздықпен күресудің негізгі шараларын және әлеуметтік саясаттың 
негізгі бағыттарын айқындау.
Жұмыссыздықты жою, жұмыссыздық деңгейін тӛмендету мақсатында түрлі бағдарламалар 
қабылданып, соларды жүзеге асыру негізінде елдегі жұмыссыздар саны біршама азайып келеді. 
Жұмыссыздық – бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың ӛндірісте жұмыспен қамтылмауы. 
Жұмыспен қамтылмау ӛндірістің тиімділігін арттыруы, сонымен бірге жұмысшы күшінің бір бӛлігін 
жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын 
ғылыми – техникалық прогресстің салдары болуы мүмкін. Жұмыссыздық – құбылыс, жұмысқа қабілетті 
адамдардың тұрақты немесе уақытша жұмыс істемейтін бӛлігі. Жұмыссыздық әлемдегі орталық 
проблеммалардың бірі болып табылады. Және де ол бір жүйеден екіншісіне ӛтетін елдерде кең байқалады. 
Мысалға мұндай процес Қазақстанда жүріп жатыр. Ол ӛзімен бірге бірқатар жаңа проблемаларды алып 
келеді. Сонымен қатар жұмыссыздық проблеммасы адамдармен тығыз-байланысты және соларға тікелей 
әсер етеді. Жұмысынан айрылу олардың табысының азаюына, ӛмір сүру деңгейінің тӛмендеуіне, сонымен 
қатар психологиялық стреске алып келеді. Осы себепті кӛптеген саясат адамдары ӛзінің сайлауалды 
компанияларында жұмыс орындарын жасауға кӛп кӛңіл бӛледі. Жұмыссыздықты зерттеу олардың пайда 
болу себептерін аныктайды, мемлекеттің тарапынан шараларды анықтайды. Бірақ сонымен қатар кӛптеген 
экономистердің ойынша жұмыссыздық қажет нәрсе, оны зұлымдық ретінде қарастыруға болмайды. 
Ӛйткені жұмыссыздықтың ең маңызды пайдалы жақтарына оның сапалы еңбекті, бәсекені туындыратыны 
болса керек.
Жұмыссыздықтың негізгі себептері: 
Неоклассикалық теория. Жұмысшылардың табыспен келіспеуі, тӛмен жалақымен жұмыс істеуден 
бас тарту. Кейнтік теория. Жұмыс бастылық жиынтық ұсынысқа, тұтыну бейімділігіне және 
инвестициялар кӛлеміне байланысты. 
Маркстік теория. Қорланған капиталдың қажетті нәтижесінде, жанды еңбекте машина мен 
жабдықтарға қарағанда аз ӛседі. 
Қазіргі замандағы жұмыссыздықтың сипаттына бірнеше факторлар ықпал етеді: 
Ғылыми – техникалық прогресс; 
Психологиялық және әлеуметтік негіздері; 
Сыртқы экономикалық бәсекелестің күрт күшеюі. 
Мұндай жағдайларда еңбек нарығы мынаған міндетті: 
1. Ӛте жоғарғы жинақылыққа жетуге (кәсіпойлық, біліктілік, аймақтық және халықаралық 
кӛзқарастар аясында) 
2. Үлкен икемділікке барып, қазіргі заманғы жағдайларға сай ӛте үлкен бейімділік танытуға. 
Ӛнеркәсібі дамыған елдердегі жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып, шетел авторлары олардың 
жекелеген түрлерін тудыратын нақты факторларын қарастырады. Мысалы, АҚШ Конгресі экономикалық 
статистика бойынша комиссиясының жүргізген зерттеуі, жұмыссыздықтың 70 түрін атаған. Олардың 
әрқайсысының ӛзінің ерекше себептері бар. Барлық жұмыссыздықтың түрлерін негізінен екі топқа жіктеп 
қарайды. Жұмыссыздықтың бірінші тобына – «жиынтық сұранымның жеткіліксіздігінен» туындауын 


80 
жатқызады, алдыменен циклдық жұмыссыздықты айтамыз. Жұмыссыздықтың екінші тобына – «жиынтық 
сұраным ӛзгерісімен байланысты емес фрикциондық, құрылымдық, технологиялық және басқа түрлерін» 
жатқызамыз. Жұмыссыздық психологияда типтілік құбылыс. Себебі, жұмыс күшіне сұраным, оны сатып 
алуға жұмсалатын капитал кӛлеміне тәуелді. Сондықтан капитал кӛлемінің азаюы, жұмыс күшіне деген 
сұранысты тӛмендетеді. Осы заңның нәтижесінде қосымша жұмыс күшін ӛндіріске тарту жай жүреді және 
капиталдың органикалық құрылымының ӛсуінің әсерімен ӛндірістегі жұмысшылар қысқарады – 
нәтижесінде жұмыссыздар армиясы пайда болады [4]. Кез келген жұмыссыздықтың болуы – қоғам үшін 
ең ауыр психологиялық және әлеуметтік сілкініс. Батыс ғалымдарының пікірі бойынша, адамды 
жұмыссыз деп есептегенде, ол тек жұмыстан айырылып қана қоймай, ӛзінің абыройын да жоғалтады. 
Шетелде жұмыстан айырылуды психологиялық зақым ретінде бағалап, тек ең жақын туысқаны қайтыс 
болғанда алатын стресс деңгейінде қаралады. Жұмыссыздық оның деңгейімен ӛлшенеді. Жұмыссыздық 
деңгейі – жұмыссыздар санының жұмысқа қабілеттер санындағы үлес салмағы. Жұмыссыздық деңгейі 
жұмыспен толық қамтылғанда ―жұмыссыздықтың табиғи деңгейі‖ деп атайды. 
Жұмыссыздық деңгейі психологиялық жағдайының негізгі кӛрсеткіштерінің бірі, бірақ оны тура 
кӛрсеткіш деп толық айтуға болмайды. Себебі , ресми статистикада, кім жұмыссыздыққа байланысты 
кӛмек алады, соларды ғана есептейді.
Жұмыссыздық деңгейін есептеу тӛмендегідей формуламен анықталады:
ЖД = ЖС/ЖК* 100%
Мұндағы: ЖД – жұмыссыздық деңгейі;
ЖС – жұмыссыздар саны;
ЖК – жұмыс күшінің саны; 
Жұмыссыздық деңгейі оның нормасымен сипатталады. Оның нормасымен жұмыссыздықтың жалпы 
санының жұмыс күші санына қатынасымен пайыз түрінде есептеледі. 
Жұмыссыздықтың психологиялық және әлеуметтік салдары: 
1. ЖҰӚ-нің кӛлемі қоғамның ӛзінің бар потенциалды мүмкіншілігін пайдаланғандағы кӛлемімен 
салыстырғанда тӛмендеуіне әкеліп соғады. 
2. Халықтың әр түрлі топтарының арасында жұмыссыздық шығыны бірдей бӛлінбеуіне соқтырады. 
3. Жұмысшылар мамандығын тӛмендетіп (ескіреді), тіпті айырылып тақалады. 
Жалпы жұмыссыздық мәселелерін шешуде психологияға мемлекеттің араласуы қажет. Мемлекет 
жұмыссыздықты реттеуді негізінен тӛрт бағытта жүргізеді. 
1. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту, оларға мамандығын жоғалтпау үшін еңбек биржасы арқылы 
кәсіби дайындықтардан және қайта дайындаудан ӛткізуге кӛмек кӛрсету. 
2. Әрбір әлеуметтік топтардың (әйелдер, зейнеткерлер, жастар) ерекшеліктерін толық есептеу үшін 
икемді еңбек нарығын қалыптастырып, оны осы жұмыстарды жүргізу үшін ынталандыру. 
3. Еңбек қатынасын құқықтық қамтамасыз ету. 
4. Жұмыссыздық зардабын шеккен адамдарды әлеуметтік қорғау [5]. 
Кез келген жұмыссыздың деңгейімен байланыста болатын экономикалық зиянды анықтау үшін, 
әлемдік практикада Оукен заңы қолданылады. Бұл заң американ экономисі Артур Оукеннің (1724-1780 
ж.ж.) есімімен аталған. Осы заң математикалық тұрғыдан жұмыссыздық деңгейі мен жалпы ұлттық ӛнім 
(ЖҰӚ) кӛлемінің тӛмендеуі арасындағы байланысты кӛрсетеді. Егер жұмыссыздықтың сандық деңгейі 
табиғи деңгейден 1%- ға асса, онда ЖҰӚ кӛлемінің тӛмендеуі 2,5% құрайды. Осы 2,5 санымыз – Оукен 
коэффициенті болып табылады. Мына 1:2,5 қатынасы, бұл жұмыссыздықтың ЖҰӚ кӛлемінің тӛмендеуіне 
қатынасы болып табылады және жұмыссыздықпен байланысты ӛнімнің абсолюттік зиянын анықтауға 
кӛмектеседі. Мысалы, жылына (1983 ж) жұмыссыздық деңгейінің тӛмендеуі 9,5% немесе 3,5 % - ке жетті, 
артық ұйғарудың табиғи деңгейі 6%. Осы 3,5% санын Оукен коэффициентіне (2,5) кӛбейтсек, онда 
1983ж. ЖҰӚ кӛлемінің тӛмендеуі 8,75% құрайды. Басқа сӛзбен айтқанда, егер де 1983 ж. Жұмыссыздық 
деңгейі толық қамтамасыз етілсе, ЖҰӚ нақтыға қарағанда 8,75% - тен кӛп болар еді. 
Жұмыссыздықтың теориялары ( Дж. Кейнс, К. Маркс). Жұмыссыздық экономикалық теорияның 
бұрынғы және қазіргі тарихындағы ең ӛткір мәселелердің бірі. Мысалы, мальтузиандық теория 
жұмыссыздықтың пайда болуын түрғындардың тым артып кетуінен түсіндіреді. Кейнстік теория бұл 
құбылысты рыноктық сұраныстың жетіспегендігімен түсіндіреді, еркін кәсіпкерлік мектебінің геориясы 
жұмыссыздық жалақы деңгейінің жоғарылауымен туындайтынын айтады, яғни ол еркін болып табылады. 
К.Маркстің қорлану теориясы мен қазіргі технологиялық теория жұмыссыздықтың болуын 
біріншіден


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет