83
Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі жыл сайын тӛмендеп, қазіргі таңда Жапония, Қытай,
Нидерланды секілді дамыған мемлекеттердің кӛрсеткішіне жетті. Бұлай деп айтуымызға еліміздің
Статистика жӛніндегі агенттіктің жариялаған ресми дерегі себеп болып отыр. Агенттіктің мәліметінше,
2012 жылдың желтоқсан айында Қазақстанда 474,4 мың жұмыссыз адам тіркелген, яғни жұмыссыздық
деңгейі 5,3 пайызды құраған.
Еуропа елдерінде ӛмір сүру деңгейі Қазақстанмен салыстырғанда бірталай асып түседі. Еуропа
елдері ең тӛменгі жалақы деғгейінің мӛлшері бойынша 3 топқа жіктеледі, бірінші топқа – ең тӛменгі
жалақы мӛлшері 82-331 евроны құрайтын мемлекеттер, екінші топқа - 427- 668 евроны, ал үшінші топқа –
1200 евродан жоғары соманы соманы құрайтын мемлекеттер құрайды. Бұл ретте Қазақстанның ең тӛменгі
жалақы деңгейі Еуропа елдерінің ішіндегі ең тӛменгі ең тӛменгі мемлекеттерінен де азболып отыр.
Сондықтан еліміздегі ең тӛменгі жалақы кӛлемін кӛбейтіп, Еуропа елдерінің жоғарыда айтылған үш
топтың бірінде кӛрсетілген деңгейге жетуіміз керек. Осы стандартқа сәйкес Германияда орташа зейнетақы
орташа жалақының 62 %,Францияда 50% құраса,Қазақстанда ол 33% құрайды. Мұнда, Қазақстан мен
Еуропа елдеріндегі зейнетақы жүйесінде ұқсастықтар болғанымен, бӛлінген зейнетақы мӛлшері бойынша
айырмашылық кӛп.
Ежелгі заманда тайпалардың кӛсемдері ашаршылық немесе ақырзаман болар тұста халқын
тыныштандыру үшін сабырлыққа шақырып, ӛмірлерінің жарқын екенін түсіндіріп, сәуле нұрын шашып
тұрған күнге, жерде ӛсіп тұрған түрлі ӛсімдіктердің, тіршілік етіп жатқан жануарлардың барлығына
шүкіршілік білдіріп, соған табындырған. Бүгінгі дәуір де бұл жағдайдан алыстай қоймаған сияқты.
Жұмыссыздық деңгейі әрбір елдің әл-ауқатын, оның қарқынын, ӛндірістік қуатын анықтайды.
Алайда, статистика агенттігінің 16,5 миллион халықтың тек 474 мыңы жұмыссыз деп айта салуы ақылға
қонымсыз. Біріншіден, заң бойынша Қазақстанда жұмыспен қамтылғандар деп кімдер саналады?
Жұмыспен қамтылған азаматтардың санатына толық не толық емес уақыт жағдайында жұмыс істейтіндер,
кәсіпкерлікпен шұғылданатындар, ӛз бетінше жұмыспен айналысатындар, азаматтық-құқықтық шарттар
негізінде еңбек ететіндер, ақы тӛленген (кез келген, мерзімі белгісіз) жұмыста істейтіндер кіреді.
Жұмыссыздық – психология мәселесінің біртұтас элементі болып табылады. Жұмыссыздық ӛте күрделі
құбылыс және қоғамның дамуы барысында әр түрлі экономикалық мектептердің кӛзқарастары әр түрлі
болған.
Достарыңызбен бөлісу: