Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет54/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   164
Ажырасу
бұл отбасылық ӛмірдің дұрыс ұйымдаспауының, ұрыс-керіс, жиналған ашу-ыза, реніш 
және келеңсіздіктердің ұзақ уақытқа созылуының мәресі.
Психологтар мен әлеуметтанушылар алдында тұрған үлкен мәселе нақты неке жұптарының 
құлдырауының бірлік фактісі емес, ажырасу жағдайының әлеуметтік мәселелері мен отбасылық ӛмірдің 
дұрыс ұйымдаспауына әкелетін жағдайлардың жиынтығын қарастыру болып табылады. Мысалы, ажырасу 
саны 1999- ші жылдармен салыстырғанда 2009– шы жылдары 4,6 есе ӛсті, бұл неке-отбасылық қарым-
қатынаста маңызды ӛзгерістердің болғандығын кӛрсетеді. Бұл ӛзгерістер, ең алдымен, маңызды 
әлеуметтік-экономикалық жағдайлармен байланысты: қоғамдық ӛндірісте әйелдердің жоғары деңгейде 
орын алуы, әйелдердің білім деңгейлерінің күрт кӛтерілуі, әйелдердің аналық және ӛндірістік 
фукцияларының арасында қарама-қайшылық жүйелерінің пайда болуы.
Ажырасу мәселесінде оның географиясы да ӛте маңызды. Біршама жоғары деңгей кӛршілес Украина 
және Белорусия елдерінде деп кӛрсетілсе, Орта Азия мен Кавказ елдерінде ажырасу деңгейі бұлармен 
салыстырғанда 2 – 3 есе тӛмен. Әйтсе де, бұған мәдени-тарихи және этнографиялық ерекшеліктер, 
сақталған әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер, отбасында патриархалдықтың кейбір элементтерінің болуы 
және т.б. себеп болады.
Ажырасу динамикасын қарастырудағы маңызды тағы бір нәрсе - ол ауыл тұрғындарының арасында 
ажырасу, қала тұрғындарымен салыстырғанда, 2 – 3 есе тӛмен болуы. Бұл жерде басқа да статистикалық 
заңдылықты ескеру керек: тұрғындардың есеппен 1000 адамына ажырасу саны қалалардың кӛлемінің 
ӛсуіне байланысты болады.
70-ші жылдардың басында демографтар мен әлеуметтанушылар ажырасудың мотивтерін талдауды 
бастаған болатын. Мұндай зерттеулерді әр түрлі қалалардың зеттеушілері жүргізді (Л.В. Чуйко – Киев, 
В.Д. Чечот – Ленинград, В.Т. Колокольников – Минск) және т.б. Олар ажырасудың мотивтері мен 
себептерінің түрлі классификацияларын ұсынды, олар ӛте кӛп, бірақ ең маңыздыларына тоқталып 
ӛткеніміз жӛн.
Ең алғашқы ажырасудың мотивтері мен себептерінің классификациясын ұсынған Н.Я. Соловьева 
болды. Ол мынандай себептер:
1. ерлі-зайыптылардың біреуінің ауруы;
2. баланың болмауы;
3. мәжбүрлі айырылысу;
4. ӛгей балалардың болуы;
5. физикалық күш кӛрсету; 
6. кӛзге шӛп салу, басқа отбасының болуы;
7. маскүнемдік;
8. мінездердің сай келмеуі;
9. екі жақ ата-аналарының араласуы;
10. басқа біреуді жақсы кӛріп қалу;
11.әлеуметтік жағдайлардың сәйкессіздігі және т.б. 
Кӛріп тұрғандай, классификация отбасылық ӛмірдің сыни жағдайларының кӛптеген жақтарын 
қамтиды. Бұлардың барлығы шын мәнінде ӛмірде бар және некені бұзуға бірден-бір себеп болады. 
Н.Г. Юркевич ажырасудың мотивтері мен себептерінің біршама басқаша классификациясын 
ұсынды:
1. ерлі-зайыптылардың мінездерінің сәйкессіздігі; 
2. жұбайлар сенімдерінің бұзылуы; 
3. ата-анаға деген қарым-қатынастың нашар болуы;
4. маскүнемдік;
5. некеге махаббатсыз түсу немесе жеңілтектік күйде болу арқылы некеге түсу;
6. жұбайлардың біреуінің бас бостандығынан 3 жыл немесе одан кӛп ұзақ уақытқа айырылуы. 
Сонымен, Н.Г. Юркевич Н.Я. Соловьеваның классификациясын толықтырғанын байқаймыз. Ажырасу 
мотивтерінің жаңа аспектілері Н.В. Колокольниковтың классификациясында байқалады:


75 
1. маскүнемдік;
2. мінездерінің сәйкессіздігі;
3. басқа адамға кӛз салу;
4. некеге жеңілтектікпен отыру;
5. ұзақуақыттық бӛлектенушілік (объективті себептерге байланысты);
6. қатыгездік;
7. бас бостандығынан 3 жыл және одан да кӛп жылға айырылуы;
8. физикалық және жан ауруларына шалдығу;
9. ата-аналардың және басқа туысқандардың араласуы;
10. әйелдің бала кӛтере алмауы;
11. Басқа да себептер. 
Кӛрініп тұрғандай, бұл классификация алдыңғы екеуін толықтырады. Осыдан келіп, ғылыми 
тұрғыдан ажырасу жағдайының жаңа аспектілері және ажырасу мотивтерінің кӛлемі кеңейе беретіндігін 
байқауға болады [4]. Ажырасу жағдайы мотивтерінің әртүрлілігіне байланысты бұл мәселе бойынша 
мотивтерді объктивті емес, субъективті түрде талқылау қажет етіледі. Ажырасушы жұптардың 
ажырасуының субъективті мотивтері әрқашан әр түрлі болады. Мұндай мотивтер арқылы некені 
бұзушылардың шынайы себептерін талдау қиынға түседі. Кей кездері шынайы мотивтер басқалармен 
ауысуы мүмкін. Мысалы, күйеуі әйелінің отбасында лидер болуын қаламаса, сотта ол ажырасудың себебі 
әйелінің нашар адам, ӛзінің үй шаруасын дұрыс атқармайтындығымен түсіндіруі мүмкін.Сол үшін 
шынайы себепті анықтау ажырасу процесінің материалын зерттеу кезінде қиындық туғызады [5]. 
Ажырасу туралы шешім
- әйел мен ерінің ӛмірлеріндегі маңызды оқиға. Бұған ұзақ уақыттық 
мотивация процесінің жүруі кіреді. Бұл - тұлғалық қажеттіліктер мен қызығушылықтар, кӛзқарастар, 
құндылықтық бағдарлары жағынан қалыптасқан кӛзқарас бойынша жан-жақты қарастырылып 
қабылданған шешім. Бұл - мінез-құлықтың ӛте күрделі формасы, оның шартты атауы ажырасу мінез-
құлқы. Ажырасу процесі мотивтерінің ар жағында біз есепке алмайтын басқа да себептер мен мотивтер 
жатуы мүмкін. Мысалы, «мінездеріміз сәйкес келмейді» деген стереотипті ойлау. Егер жұбайлар бірнеше 
жылдар бойы бірге тұрып, арман-тілектерін сәйкестендірген болса, «мінезіміз сәйкес келмеді» деген себеп 
туындамауы қажет [6]. Осы мәселемен айналысатындардың зерттеулерінің нәтижесі кӛрсеткендей, 
ажырасу жағдайы кезінде ең кӛп эмоционалды күйзеліске түсетін- бұл әйелдердер мен балалары дейді. 
Америкалық зерттеулерге сүйенсек ерлі-зайыптылардың қатынасын бұзуға тәуекел фактор-кедейлік, 
жұмыссыздық немесе жұмысқа қысым мен жүктеменің кӛптігі, қаржылық мәселелер болып табылады. 
Қанағаттану деңгейі тӛмендеп, ажырасуға әкелуі мүмкін. Ажырасу кезінде ерлі-зайптылар арасындағы 
мәселелер күрт кӛбейеді, себебі олар оны алдын ала ойламайды(Фигдор Г.,1995). 
Жас отбасының ажырасуына объективті және субъективті себептер әсер ететіні анық, оның бастысы 
қарым-қатынасқа түсу мен қақтығыс кезінде бір-бірімен түсіністікке келуге шешім қабылдамайтыны [7]. 
Қорыта келе, жас отбасылардың ажырасу мәселесі тек жастарға ғана қатысты емес, олардың материялдық 
жағдайына, отбасы құрамына да байланысты деген тұжырымдама айтқымыз келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет