Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет51/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   164
Сонымен проект сабағы деген не?
Проект сабағы бұл алдын ала жоспарланған, алдына қойған мақсаты бар сабақтың ерекше бір түрі. 
Оның дәстүрлі сабақтардан теориялық жағынан ғана емес, практикалық жағынан да ӛзгешелегі бар. 
Проектік сабақтың басы – бір мәселе, не ерекше ой – пікірмен (идея) басталып, аяғы презентациямен 
аяқталады. Сабақтың басында ұсынылған мәселені шешу үшін оқытушы мен білімгерлер бірігіп жоспар 
құрып, жұмыс істеу әдістерін таңдайды. Жоспарлау, жұмыстарды орындау барысында білімгерлер ӛз 
беттерінше жұмыс істейді. Атап айтқанда:
-
білімгерлерге ӛз ӛмір тәжірибелерін, ӛз ойларын сабақта пайдалануға мүмкіндік беріледі;
-
сабақтың бір бӛлігін жүргізу білімгерлерге жүктеледі; 
-
білімгерлер ӛздері мәліметтер іздейді, шешімдер қабылдайды, тапқан материалдарын ӛңдейді, 
құжаттандырады, жұмыстарының қорытындысымен басқа білімгерлерді топ алдында шығып 
таныстырады, баяндайды.
―Проект‖ деген сӛздің ӛзі латын тілінен Еуропа тілдеріне еніп – ―алғатасталған ой, алға шығып 
сӛйлеуші‖ деген мағыналарды білдіреді.
Проект сабақтары Еуропа елдерінде, оның ішінде Алмания мемлекетіндегі мектептерде, жоғары 
оқу орындарында кеңінен пайдаланылады. Ӛз Отанын танып білу мақсатында мектеп оқушылары мен 
мұғалімдер арнайы жоспар бойынша, ӛз туған жерлері, тарихи ескерткіштері, атақты адамдары жайлы 
материалдар жинайды, зерттейді, саяхаттар жасайды, алған мәліметтерін қорытындылайды, ӛз елінің 
экономикасымен, тарихымен, географиясымен, экологиялық жағдайымен танысу үшін арнайы 
мекемелерге барып, экологиялық, экономикалық, тарихи, лингвистикалық т.б. зерттеулер жүргізеді, ұлы 
адамдар тұрған үйлерге барып, еңбектерімен танысады, кітапханалардан ұлттық мерекелердің шығу 
тарихын зерттейді, сұраунамалар жүргізеді, ұлттық мекемелерге іс-шаралар дайындап т.б. қыруар 
еңбектер атқарады. Мұндай сабақтардың елін, жерін, ұлтын, салт-дәстүрін жақсы білетін ұлтжанды ұрпақ 
ӛсіруде маңызы зор екені естен шығарылмайды және осы сабақтарға қажетінше қаражатты аямайды.
Проект сабақтар әр түрлі кезеңдерден, қадамдардан тұрады. І. Дайындық кезеңі:
а) негізгі тақырыпты түсіндіру, талдау, ӛз ойларын айту;
ә) сабаққа қажетті жаңа сӛздермен жұмыс істеу; 
б) қосымша материалдар енгізу;
ІІ. Тақырыптарды бӛлу; 
а) білімгерлерді кіші топтарға топтастырып, әр топқа кіші тақырыптар табу;
ә) тақырыптарды талқылау;
ІІІ. Негізгі тақырыптарды нақты кіші тақырыптарға бӛлу;
а) сұрақтар құрастыру, жоспар құру, рольдерді, тапсырмаларды бӛлу; кім не істейді, қашан, қалай, 
қандай құралдар пайдаланады т.б.
Проект сабағына дайындық кезінде жоспарды басшылыққа алған жӛн. Бірақ сабақ жоспарынан 
ауытқуға да болады. Себебі проектік сабақ барысында шығармашылық еркіндік болуы қажет.
ІV. Мәліметтерді жинау;
а) түпнұсқадағы кітап, газет-журнал т.б. мәліметтер; 
ә) теле-радио хабарларындағы мәліметтер;
б) белгілі бір жерді зерттеуден алынған мәліметтер;
в) кӛшеде алынған сұхбат мәліметтері;
г) фото-сурет т.б. 
ғ) интернеттен алынған мәліметтер. 
V. Жиналған мәліметтерді презентацияға дайындау;
а) таңдау, реттеу, ӛңдеу, презентацияға дайындау.
ә) плакаттар дайындау, карта жасау, газет шығару, кӛрме дайындау, брошюра жазу, слайдтар 
дайындау, бейнетаспа түсіру, мақала, реферат жазу, т.б.
VI. Презентация:
а) әр кіші топ дайындаған презентациясын басқа білімгерлер алдында айтып түсіндіреді, кӛрсетеді;
ә) жұмыстың нәтижесін кӛрме, брошюра, плакат, бейнетаспа, слайдтар, топтамалар рольдік ойындар, 
қабырға газеті, реферат, баяндама, мақала т.б. түрінде дайындау;
б) жұмыстың нәтижесін кӛрме, брошюра, плакат бейнетаспа, слайдтар, топтамалар рольдік ойындар, 
қабырға газеті, реферат, баяндама, мақала т.б. кӛмегімен ауызша айтып беру;
в) пікірталас, пікірсайыс, рольдік ойындар, конференция әдістерін пайдалану т.б.


70 
г) қорытындыда қысқаша жұмыс жоспарымен, істің барысымен таныстыру (не істеу жоспарлады, не 
істелді, жұмыс қалай жүрді, егер бастапқы жоспар ӛзгерсе, неге байланысты ӛзгерді, бұдан да жақсы 
істеуге болар ма еді т.б.); Білімгерлерге сабақты бағалау ұсынылады. Сабақ ұнады ма? Несімен ұнады 
немесе не ұнамады? Жоспар іске астыма? т.б. /3/ 
Проект жұмысы мынандай 4 бағытта жүзеге асады.
1.
Тақырып таңдау; 
Идея болу. (Бұл тақырыппен біз не істейміз, не кӛрсетеміз, қайда барамыз?) 
2.
Мақсат қою. (Не үшін бұл тақырып таңдалды?, Таңдалған тақырып бойынша не біледі, не білгісі 
келеді?) Қойылған мақсат анық болу қажет. 
3.
Тақырыпқа, идеяға байланысты материалдар жинау, (кітапханаларға бару, қажетті жерлерге бару) 
4.
Презентация (Қашан, кай жерде, және кімдер үшін екенін алдын ала хабарлап айту)
Презентацияға 15-20 минут қана беріледі. /4/ 
Бұндай сабақтарды бір күнде дайындықсыз ӛткізе салу мүмкін емес. Проект жұмысы әрі қызықты, 
әрі материалдар кӛп болу үшін оған арнайы (кемінде екі аптадан кем емес) жеткілікті уақыт берілуі тиіс. 
Дәстүрлі сабақтарға үйренген білімгерлер бір күнде проектік сабаққа ауыса да алмайды. Проект жұмысы
білімгерлерді адами қасиеттерге баулиды. Сондықтан проектік сабақтар жұмысы білімгерлер үшін: 
-
ӛз бетінше жұмыс істеу, іздену; 
-
шет тілін оқытушысыз қолдана алу; 
-
әр түрлі сӛздіктермен жұмыс істеу, аудару; 
-
топтарда, пармен жұмыс істеу;
-
жұмыс кезінде бірін-бірі қолдап, кӛмектесу; 
-
басқалардың жетістіктерін бағалау;
-
бір-бірімен тіл табысып жұмыс істеу; 
-
басқалардың алдында жауапкершілігін түсіну; 
-
ӛз қабілетін анықтау; 
-
кӛптеген техникалық құралдармен ( компьютер, фотоаппараттар, видео камералар т.б.) жұмыс 
істеу; 
-
түрлі бағдарламалармен (Activ Studio, FLP, PPT) жұмыс істеу болып табылады. 
Проект сабақтары – бірнеше сабаққа созылатын ұзақ әрекет деп ойлауға болмайды. Сабақтардың 
ұзақтығы әр түрлі, ол қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Олардың кейбіреулері бірнеше 
айға созылады, кейбіреулерін мақсатына қарай бір күнде ұйымдастыруға болады. Бұндай сабақтарды 
ӛткізер алдында оқытушы ұсыныс жасайды, білімгерлердің инициативасын қолдайды, қажетті 
материалдарды қайдан табуға болатынын айтып, кеңес береді, сабақтың құрылысын анықтауға 
кӛмектеседі. Оқытушының рӛлі ӛзгереді. Егер ол бұрын аудиторияда барлық сұрақтарға жауап білетін 
басшы, үйретуші ретінде болса, енді белгілі бір жағдайда қолдану керек әдістерді, мақсатқа жетудің 
жолдарын кӛрсететін кеңесші рӛлінде болады.
XVIII ғасырдың аяғында ӛмір сүрген шведтік педагог Иоган Пестолици ―Оқыту кезінде бас, жүрек, 
қол‖ бірге қатыстырылуы қажет деп айтып кеткен екен. Проектік сабақтарда ұлы педагогтің айтып кеткен 
қағидасы пайдаланылады. Білімгерлер баспен ойлап, жүрекпен түсініп, қолдарымен істеген сабақтар 
оларды дәстүрлі жалықтыратын сабақтардан құтқарып, еркін кеңістік ашуға мүмкіндік береді. Үлгерімі 
нашар білімгерлер бір нәрсені дұрыс айтпай қалармын деген қорқыныштан арылып, сабаққа белсене 
қатыса алады. Білімгерлерге сабақтың соңғы кезеңі – презентация кезеңінде ӛз еңбектерінің жемісін кӛру 
ұнайды.
Ғалымдардың есептеуінше проектік сабақтар кезінде білімгерлер алған мәліметтерінің 90 % есте 
сақталады. Қытай мақалында айтылғандай, ―Мен естігенімді – ұмытамын, мен кӛргенімді – еске 
сақтаймын, мен – қолмен істегенімді түсінемін‖ - білімгерлер ӛздері жүргізген сабақтарды, ӛздері тапқан 
мәліметтерді естерінде жақсы сақтайды.
Проект сабақтарына тӛмендегідей сипаттама беруге болады:
1.
Оқытушы мен білімгерлердің бірге жұмыс істеуі;
2.
Топпен жұмыс істеу (пармен жұмыс істеу);
3.
Білімгерлердің белсенділігі (жоспарлайды, эксперимент жасайды, іздейді, дайындайды, 
безендіреді); 
4.
Басқа мекемелермен, ұйымдармен мамандармен бірге жұмыс істейді;
5.
Сабақ үстінде де, сабақтан кейін де жұмыс істелінеді;
6.
Білімгерлердің шешім қабылдауға құқығы бар; 
7.
Сабақ зерттеулерге, шығармашылыққа бағытталған;
8.
Білім алу, білімгерлердің ӛз іс-әрекеттері арқылы іске асады;
9.
Ӛз қателерін ӛздері түзету арқылы үйренеді;
10.
Теория мен практика байланысты;


71 
11.
Жиналған материалдар сабақтың соңы қандай болатынын анықтайды;
12.
Білімгерлер дербес, ӛз бетінше жұмыс істейді;
13.
Оқытушының жаңа рӛлі (тексерушіден - кеңесшіге);
14.
Сабақтың соңы – презентациямен аяқталады.
Проектік сабақты дайындау кезінде тӛмендегідей әдістерді пайдалануға болады:
1.
сұраунама жүргізу;
2.
экскурсияға бару;
3.
сұхбат алу;
4.
кітапханада мәліметтер іздеу;
5.
әр түрлі мекемелермен байланысу;
6.
мәліметтерді Интернеттен іздеу;
7.
эксперименттер жүргізу;
8.
мамандармен әңгімемелесу; объектілерді бақылау;
9.
мәліметтерді сұрастыру.
Тақырып бойынша табысты жұмыс істеу үшін тӛмендегідей дағдыларға машықтану қажет:
жоспарлау; таңдау; пікірлесу;пікір таластыру; дәлелдеу; шешім қабылдау; бірлесіп істеу; зерттеу; 
іздестіру; жасау (қолмен); ойлап шығару; безендіру; бағалау; қорытынды шығару; құжаттандыру;
Презентацияға материалдарды тӛмендегіше дайындауға болады: 
- брошюролар дайындау; плакаттар дайындау; коллаждар желімдеу; эскиздер салу;
- карталар, кестелер, эмблемалар, декорация, схемалар салу; фотодокументтер дайындау; қабырға 
газеттерін, үндеулер шығару; викториналар, фотовикториналар дайындау; кӛрмелер дайындау; мақала 
жазу; репортаж жасау; бейнефильм түсіру; хат жазу; телехабар түсіру; реферат жазу; есеп жазу; баяндама 
жазу; слайдтар дайындау. 
Проектік сабақ дайындау барысында қолмен атқарылған жұмыстар:
- ӛлшеу, санау, есептеу; тәжірибелер жүргізу; үлгілерді (заттардың) қолдан жасау, тігу; ӛлең айту, 
билеу, аспаптарда ойнау; сурет салу, эскиздер жасау, фотоға түсіру; плакаттар жазу; материалдарды 
ӛңдеу; компьютерде теру. /3/ 
Сабақ дайындау, жүргізу барысында пайдалануға болатын құралдар:
1.
компьютер;
2.
бейнекамера;
3.
фотоаппарат;
4.
магнитофон;
5.
микрофон;
6.
кітаптар, журналдар, сӛздіктер т.б.
Проектік сабақтың презентациясында пайдаланатын басқа интерактивті әдістерінің түрлері:
1.
жарыссӛздер;
2.
пікір таластарулар;
3.
рӛлдік ойындар;
4.
ойындар;
5.
кӛріністерді сахналау;
Проект жұмысы оқытушы үшін:
1.
кӛмекші;
2.
бірге істеуші;
3.
бағыт беруші;
4.
партнер (серік);
5.
бақылаушы;
6.
кеңесші.
Жобалау әдiсiн зерттеп ӛз теориясын ұсынған ғалымдардың бiрi П.Я. Гальпериннiң ақыл-ойдың 
кезеңдiк қалыптасуы туралы теориясына сүйене отырып, шет тiлiн жобалау әдiсi арқылы оқыту жолын 
тиiмдiлiкпен ұйымдастыру мүмкiндiгiнің мол екенiн анықтауға болады. /4/ Бұндай жұмыстарды атқарған 
білімгерлер келешекте икемді, бейімделгіш, ізденгіш, шығармашылық ойлайтын мамандар болып шығары 
сӛзсіз. Проектік сабақтарды дайындау, ӛткізу барысындағы – қол жеткізетін табыстар – қазіргі біздің 
жоғары оқу орындарының алдына қойылып отырған мақсатпен – жан-жақты дамыған жеке тұлғаның 
қалыптасуына кӛмектесу – мақсатымен сәйкес келеді. Сондықтан проектік сабақтардың жастарымызға 
берері мол деп есептейміз. Қорыта айтқанда, интерактивті әдістер арқылы шет тілін жетік меңгерген, 
шығармашылықпен жұмыс істейтін, сыни кӛзқарасы бар, бойларында белсенді азаматтық ұстанымы, 
әлеуметтік жауапкершілігі, отансүйгіштік сезімі жоғары, адамгершілік және кӛшбасшылық қасиеттері бар 
болашақ маманды даярлауға әбден болатыны анық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет