Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет50/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   164
 
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Әбиев Ж.Ә., Бабаев С.Б., Құлдияров А.М., Педагогика. Алматы. Дарын, 2004. 448 б. 
2. Дайрабаев Е., Дайрабаева А:, Педагогика пәнінің негіздері.-Алматы, 2005. 
3. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі.-Алматы. «Санат», 1995. 
4. Қоянбаев Ж.Б. Қоянбаев Р.М. Педагогика Алматы, 2000 348 б. 
5. Сейталиев Қ., Педагогиканың жалпы негіздері.-Ақтӛбе, 2004-240 б.б. Тӛлениязов Г.
\Оқушының дарындылық қабілетін анықтау. Мектептегі психология.-226 6 24 б. 
Аннотация. 
Данная статъя посвящена учѐту возрастного оъѐма детей и их индивидуальных особенностей. 
Воспитание направлено на создание условий для всестороннего развития членов общества. В статъе 
использованы труды современных учѐных- педагогов.
 
Annotation. 
This article is devoted to the age volume of children and their individual peculiarities. Education is 
directed on the development of members of society. Some works of modern scholars are used in this article.
 
 
 
ӘОЖ 378-1А 
 
ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕР АРҚЫЛЫ БІЛІМГЕРДІ ӚЗ БЕТІНШЕ
ЖҦМЫС ІСТЕУГЕ ҤЙРЕТУ 
Алиханова Г.Е., Сарыбекова Қ.Н. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
 
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Жоғары 
білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми зерттеу 
қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің 
әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысы, білім беру және ақпараттық 
технологияларды жетілдіру болып табылады» деп атап кӛрсетілген. /1/ Сондықтан, қазіргі білім беру 
саласындағы басты мәселе- білім мазмұнына жаңалық енгізуді және жаңа әдістерді іздеуді, және оларды 
іске асыра алатын болашақ мамандарды даярлау қазіргі таңда ең ӛзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Сонымен қатар, бұл міндеттерді шешу үшін білім ошақтарының, әр оқытушының күнделікті ізденісі 
арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, ӛзгерістерге батыл жол ашарлық тәжірибеге, жаңа қарым-
қатынасқа ӛту қажеттігі туындайды. Білім алушылардың ӛз бетімен жұмыс жасауларын арттыру мен 
шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа педагогикалық техноглогияларды пайдалану мен оның 
тиімді әдістемесі ӛзекті мәселеге айналып отыр. 
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламаға сәйкес, қазіргі кездегі әрбір маман иесі шет тілін жетік меңгеруі тиіс. Ӛйткені әлемдегі 
ғылым мен техниканың жедел дамуы жастардың алдына шет тілдерін еркін меңгеру мәселесін қойып 
отыр./2/ Қоғамдағы ӛзгерістерге байланысты бүгінгі білім беру жүйесінде оқытудың жаңа әдістеріне кӛшу 
қажеттілігі туып отырғаны белгілі. Оқу процесінде жаңа оқу технологияларын, яғни интернетті, дӛңгелек 
үстел басындағы жарыс сӛздерді, электронды оқулықтарды, проектік сабақтарды т.б. пайдаланудың 
дәстүрлі сабақтардан гӛрі берері мол. Бұндай оқыту түрлері білімгерді шығармашылық, ізденіске 
дағдылануды, ұжымда жұмыс істеуді үйретеді. Білімгерлер дәстүрлі ӛткізілетін сабақтардан гӛрі, 
оқытудың жаңа технологиясын пайдаланған сабақтарға кӛбірек қызығып, белсене қатысады. /3/ 
Проектік сабақтардың дәстүрлі сабақтардан едәуір айырмасы бар. Проектік сабақты дайындау, 
ӛткізу оқытушылардан да, білімгерлерден де шығармашылық ізденісті, кӛп күш – жігер және уақыт талап 
етеді. Қазіргі біздің міндетіміз - жастарға тек сапалы білім беріп қана қоймай, ӛзінше ізденетін, лайықты 
жұмысты анықтай білетін, ӛмірден ӛз орнын таба алатын жастарды қалыптастыру. Қазіргі дайындалған 
мамандардың сапасымен болашақтағы қоғамның дамуы байланысты болғандықтан, дайындалып жатқан 
мамандарымыз нарықтық экономика қоғамындағы бәсекелестікке тӛзе білетін, жеке кӛзқарасы бар, ӛз 
бетінше ойлай білетін тұлғалар болуы қажет. Ал жастарға ӛз бетінше ойлауды қалай үйретуге болады? Ол 
үшін ең бірінші ―не ойлау‖ керектігін үйретуден бас тартып, ―қалай ойлау‖ кректігін үйрету қажет. Бұл 


69 
үшін бізге проектік сабақтар кӛмектеседі. Себебі проектік сабақтарда білімгерлер белсенді болады, яғни 
оқытушы не айтады деп күтіп отырмай, ӛздері іздейді, зерттейді, тыңдайды, шешеді, жасайды, басқа 
білімгерлермен, мамандармен бірігіп жұмыс істейді. Оқытушы дәстүрлі сабақтардағыдай аудиторияда 
информация беретін жалғыз адам болмайды, осы жұмыстарды істеу кезінде білімгерлерге кеңес беріп 
кӛмектеседі, яғни алға қойған мақсатқа жету үшін оқытушы мен білімгер бірігіп жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет