62
2. Ӛзің тұратын жерлерде жануарларды қорғау туралы қандай жұмыс жүргізіледі?
4 деңгей.
«Қайырымдылық» туралы әңгіме жазып келу.
YII. Сабақты қорытындылау.
а) Түртіп алу кестесі (жаздырып, оқыту)
Не білемін?
Не білдім?
Не білгім келеді?
ә) Оқушыларға сұрақ қою арқылы қорытындылау.
YIII. Оқушыларды бағалау.
Әр оқушы бағалау парағына ӛз ұпайларын есептеп қорытындылайды, мұғалім жинаған ұпай
сандары бойынша баға қояды.
IX. Үйге тапсырма.
Мәтінді оқып, түсінік айту.
Деңгейлік тапсырмаларды аяқтап келу.
Дүниетану сабағында саралап-деңгейлеп оқыту технологиясы оқушыларды шығармашылыққа, ӛз
бетінше ізденуге баулиды, дүниетанымдық білім деңгейлерінің артуын қамтамасыз етеді.
Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі
жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру.
Оқытудың жаң технологияларының принциптері – оқытуды ізгілендіру, ӛздігінен дамитын, дұрыс
шешім қабылдай алатын, ӛзін-ӛзі жетілдіріп, ӛсіруші, тәрбиелеуші жеке тұлға қалыптастыру болып
табылады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық жаңа технологияларын меңгермейінше
сауатты, жан-жақты, жетік маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің ӛзін-ӛзі
дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына кӛмектеседі.
Бастауыш мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану
тиімді болады, егер де: мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың тиімді жаңа инновациялық әдіс-
тәсілдерін таңдап алынса және деңгейлеп дамыта оқытудың мұғалім және оқушы қызметін белсендірудегі
ролі психологиялық-педагогикалық теория тұрғысынан негізделіп, оқу-тәрбие үрдісінде әрбір оқушының
жеке және дербес ерекшеліктері мен қабілеттері ескеріліп, оқытудың саралап оқыту әдісін қолданудың
орны ерекше екендігіне кӛз жеткіздік.
Оқу-тәрбие үрдісінде әрбір оқушының танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру үшін
дамыта оқытуды жүзеге асыру арқылы дүниетану сабағының тиімділігін, әрбір оқушының пәнге деген
қызығушылығы және ӛз күшіне, біліміне деген сенімін арттыру үшін мұғалім қызметінің әрекеттік
белсенділігі күшейер еді, яғни білім беру мен оқыту сапасы артатындығы дәлелденді деп есептейміз.
Достарыңызбен бөлісу: