Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет43/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   164
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Исламгулова С.К. Оқу үрдісін технологияландыруға жаңаша кӛзқарастар. - Алматы, 2010. 
2.Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. Оқу құралы. - Алматы, 2009Ж. 
3.ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 
4.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: Болашаққа интеллектуалдық секіріс // Білім нұры. 
2009, №8 (38). 
 
Аннотация. 
В статье рассматриваются педагогические основы инновационных технологий при 
изучении английского языка. Использование инновационных технологий в учебно-воспитательном 
процессе помогает активизировать умственную деятельность обучающихся.
Аnnotation. 
One of the main tasks of society development is the usage of new technology in educational system. 
That is why various educational technologies are inculcated into the pedagogical process. Directions of researches 
done for training future teachers of English do not deal with their training using the new technology.
 
 
А 33 
37:39(574) 
ОҚУШЫЛАРДЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ ЗАМАН ТАЛАБЫ 
 
Акдилдаева И.Т. 
Н.Тілендиев атындағы облыстық мектеп-интернаты, Тараз қ. 
 
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде оқушыларды оқыту, жаңа технологиялық әдістерді пайдалану, 
білім сапасын жетілдіру мәселесіне ерекше басымдық беріліп, тәрбие саласына жеткілікті кӛңіл 
бӛлінбеуде.


58 
Тек тәрбиелі ұрпақты ғана сауатты, нағыз ұлтжанды, елін, жерін сүйетін, Отансүйгіш тұлға ретінде 
қалыптастыруға болады. Адамгершілік тәрбиесі біртұтас оқу-тәрбие үрдісінің негізі болып табылады. 
Адамгершілік мораль, этика, ӛнеге арқылы айқындалады.
«Мораль (латыншасы моралист, қазақшасы - әдет-ғұрып) - әлеуметтік шындықтың этикалық 
саналарын (ізеттілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып т.б.) бейнелейтін қоғамдық 
сананың бір түрі. Мораль дегеніміз адамдардың бір-біріне және қоғамға деген міндеттері мен қарым-
қатынастарын анықтайтын қоғамдық ӛмір сүру ережелерінің, адамдардың мінез құлықтары 
нормаларының жиынтығы.
Бүгінгі таңда мораль ӛмірдің барлық саласында, еңбекте, тұрмыста, саясатта, ғылымда, отбасында 
әртүлі қарым-қатынаста адамның мінезін, іс-әрекетін, қатынасын, санасын реттейді. Мораль этикамен 
байланысты. Этика бұл философиялық ғылым, қоғамдық сананың нормасы, қоғамдық қатынастардың 
түрі.
«Этика (грекшесі, қазақшасы - әдет, мінез-құлық) – мораль туралы оның шығуы мен дамуы туралы, 
адамның ӛмір сүру салтының аса мәнді жақтарының бірі болып табылатын адамгершіліктің әртүрлі 
қоғамдық құбылыстағы сан алуан формалары мен нормалары туралы ілімдер жүйесі.
Моральдың екі жағы бар: ӛзім үшін, ұжым үшін. Әрбір ӛнегелі азамат қоғам ӛміріне қайшы 
жағымсыз құбылыстармен (мансапқорлық, алдау, сӛзінде тұрмау, кертартпалық, нысапсыздық, 
әділетсіздік т.б.) тікелей күресіп жағымсыз қылықтарға тосқауыл қоюы керек.
Гуманистік мораль шынайы адамгершілік қарым-қатынастарды, ынтымақтастықты, ізеттілікті, 
адалдықты, кішіпейілділікті, қарапайымдылықты, қайырымдылықты қуаттап уағыздайды.
Мораль адамның мінез-құлқын, сана-сезімін реттейді, қарым-қатынас мәдениетін жасайды. Бірақ 
ӛмірде моральды бұзушылар жеткілікті. Әсіресе мына заманда: нашақорлық, жезӛкшелік, сӛзде тұрмау, 
жауыздыққа бару. Мораль қоғамдық сананың бір түрі. Ол адамдардың қарым-қатынасынан туындайды: 
адамгершілікке жататын немесе адамгершілікке жатпайтын қылықтар арқылы белгіленеді. Біз бұны 
ӛнегелі, ӛнегесіз қылықтар дейміз.
Адамгершілік тәрбиесінің мақсаты тұлғаны дамытудың негізгі бӛлігі. Тәрбиеші мен оқушылардың
тәрбиені осы адамгершілік тәрбиесінен бастауы бекер емес. Педагогтар оқушылардың ізгі ниеттілігін, 
адалдығын, кішіпейілділігін, ілтипаттылығын орындағыштығын, жауапкершілігін қалыптастырады.
Адамгершілік тәрбиесіне тән міндеттер бар. Олар:
-
оқушыларды ӛмір талабына қоғамдық моральдық нормасын орындауға қатыстыру; 
-
оқушылардың адамгершілік тәжірибесін қалыптастыру; 
-
оқушылардың санасына және мінезіне тәрбиешінің ықпал жасауы; 
-
Республикаға, оның Президентіне, әнұранына, рәміздеріне тәрбиеленушілердің берілгендік сезімін 
тәрбиелеу. 
Бұл міндеттерді іске асыру оңай емес. Ол үшін тәрбие іс-шаралары ұтымды болу керек, балалардың 
жас ерекшеліктерін ескерген дұрыс.
Бастауыш сыныпта оқушылардың адамгершілік достық, жолдастық, Қазақстан туралы ұғымдары 
қалыптасады. Ұстаздарды, үлкендерді, туыстарды, ата-аналарды құрметтеуді еңбектенуге ізіеттілік 
норманы сақтауға үйренеді. Бұл жаста балалар тәртіпке, жолдастық ӛзара кӛмек беруге, түсінуге 
дағдыланады. Олар оқу еңбегіне ӛзінің қатынасын, мектептегі, отбасындағы қоғамдық орындардағы 
ӛзінің мінез-құлқының қандай болу керектігін біледі. Осы сыныптың оқушылары оқу-тәрбие үрдісінде 
ӛздерінің дербес және қоғамдық мінез-құлқы туралы адамгершілік тәрбиесінің мазмұны кеңейтіледе.
Оқушыларға адамгершілік тәрбиесін беруде тек мектеп қана емес отбасының да маңызы зор, себебі 
тәрбие жанұяда басталады. Жанұя-мәдениет ошағы, тәрбие мектебі. Жанұя мүшелерінің бірлігі, ерлі-
зайыптылардың сүйіспеншілігі, бір-біріне жылы қамқорлығы, әже-аталармен қатынас, бауырлар 
арасындағы жылылық, жардың адал болуы, адамгершілік қарым-қатынасын байытады. Мұндай жанұя 
балаларға ӛнеге кӛрсетеді. Осындай жанұядан жақсы азаматтар шығады. 
 
Жалпы адамгершілік тәрбиенің басқа тәрбие салаларына қарағанда ӛзіндік ерекшеліктері бар. Ол 
қоршаған ортаға, қоғамдық қарым-қатынасқа, рухани байлыққа байланысты. Әр қоғам, әр ұлт, әр отбасы 
ұрпағының адамгершілігі мықты болса екен деп тілейді. 
Адамгершіліктің жоғары деңгейі ол оқушылардың екіжүзді болмай, сана-сезімімен ой-ӛрісі қатар 
дамып, сезімі, еркі, мінез-құлқы дұрыс бағыт алуында. 
Адамгершілік тәрбиесі әр кезде мұғалімнің, ата-ананың, сынып жетекшісінің бақылауында, сондай-
ақ бұл тәрбиенің саласы диагностикалы жүйені қажет етеді. Ол үшін мұғалімдер адамгершілік тәрбиесінің 
кері мәліметпен қаруланғаны жӛн. Кері мәлімет адамгершілік тәрбиесін ары қарай қалай дамытуға 
болатыны жӛнінде құнды тәрбие береді. Сонымен адамгершілік тәрбиесі ақыл-ой, еңбек, азаматтық, 
эстетикалық, дене, экономикалық, құқықтық, экологиялық т.б. тәрбие салаларына тікелей ықпал жасайды. 


59 
Бастауыш сыныптарда балалар жолдастық қатынастың тату еңбек ету, адал ойнау, сыпайылық 
ережелерін білді. Ӛткізілген әңгімелердің барысында оқушылар адамдардың іс-әрекетін, кітап, 
кинофильм, диафильм кейіпкерінің мінез- құлықтарын бағалай біледі. 
 
Кейбір нақтылы жағдайларда оқушылар ӛздерін қалай ұстаулары керек, ӛзінің және жолдастарының 
тәжірибесін қалай бағалау керектігі, осылар жӛнінде жалпы этикалық нормалармен балаларды таныстыру 
қажет.
Оқушылармен этикалық әңгімелер айына бір рет ӛткізіледі. Ол үшін мынадай тақырыптар 
ұсынылады: «Отанға және басқа халықтарға деген қарым-қатынас туралы», «Еңбекке, еңбек адамдарына 
құрмет», «Жолдастық, достық, ұжым туралы», «Мейірімділік, қайырымдылық және кішіпейілділік 
туралы», «Адалдық туралы», «Әділлеттілік тулалы», «Үлкендерге, кішілерге және құрбыларына деген 
қарым-қатынас туралы», «Жамандық пен немқұрайдылыққа тӛзімсіз болу туралы» т.б. 
Бұл ұсынылған тақырыптарды міндетті тақырыптар деуге де, үлгі есебінде деуге де болады: міндетті 
дейтініміз, бұл мәселеге байланысты әңгімелер сӛз жоқ ӛткізілуі тиіс, ал үлгідейтін себебіміз, әңгімелерді 
ӛткізудің реті қазіргі уақыттағы кӛкейкесті тәрбиелік міндеттерге сәйкес ӛзгеруі мүмкін, олардың нақты 
мазмұны балалардың адамгершілік тәжірибесіне, тәрбиелік дәрежесіне байланысты белгіленіп отырады. 
Этикалық әңгімелер балалардың әр түрлі қылықтарына, олардың ӛзара және ересектермен қатынасына 
байланысты жекелеген мәселелерді талқылауды жоққа шығармайды. 
Этикалық әңгімелерге тәрбиешіде оқушылар да дайындалады. Тәрбиеші әңгімеге керекті мәселерді 
ойластырады, балаларға бір нәрсені оқып келуге немесе оқығанды еске түсіруге, адамдар арасындағы 
қатынастарға байланысты белгілі оқиғаларды еске алуға және оларды бағалауға (кім дұрыс, кім бұрыс 
жасады, неге) тапсырма береді. Егер әңгіме еркін пікір алысу жағдайында қысылыссыз ӛтсе, онда 
оқушылардың пікірілері біріне-бірі қайшы келіп қалуы табиғи нәрсе. Қате пікір талқыға түсе берсін, 
оқушының қатесін бетіне баспай, оны және басқа оқушыларды да дұрыс қорытындыға әкеп тіреу керек. 
Қайткен күнде де мұғалім оқушыларға дайын қорытынды бермеуге тиіс. Балалар ӛздігінен ойланып, 
адамдардың қарым-қатынасын сипаттайтын әр түрлі фактілерді, оқиғаларды салыстырып, олардың 
қайшылығын кӛріп және дұрыс баға беріп, ол қайшылықты қоғамымыздың моральдық ережелеріне 
байланыстырып отырудың зор маңызы бар. Егер балалар ӛздігінен қорытынды жасай алмайтын болса, 
мұғалім адамгершілік ережесін дұрыс тұжырымдауға кӛмектесетін кӛрнекі әдіс қолданып мысалдар 
келтіреді. Мысалы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет