54
Интерактивті оқыту - әлеуметтік-психологиялық белсенді оқытудың Казіргі бағыты. Ол - ойындар,
пікірталас, кіші топтармен жұмыс істеу, кіші шығармашылық бӛліктерді алмастыру әрекеттерімен тығыз
байланысты. Интерактивті оқытуда оқушының белсенділігі маңызды орын алады. Белсенділіктің кӛзі оқушы
пен мұғалімның ӛзара әрекеті мен қарым-қатынас түрлерінде және білім алушының қабілеттіліктерін
қалыптастыруда болып табылады. Оқытуды белсендірудің жолдары мынадай болып келеді:
-
проблемалық сұрақтарды қоя білу;
-
оқытудағы ӛзара ынтымақтастықты кӛрсету;
-
ізденушілік әрекетте болу;
-
дербестену және ӛз бетінше оқу;
-
жаңа оқу мотивациясына жағдай жасау;
-
ӛзін-ӛзі бақылау мен ӛзін-ӛзі реттеу тетігінің орындалуы.
Интерактивті әдістердің 300-ден астам түрлері бар. Мысалы: миға шабуыл, тренингтер, психологиялық
жаттығулар, дидактикалық ойындар, дӛңгелек үстелдер, пікірталастар, пікірсайыстар. Интерактивті әдістер
басқа әдістерден келесідей артықшылықтарымен ерекшеленеді:
1.
Білім жолымен ғана емес, тікелей тәжірибе кӛмегімен игергенді қолдануға үйретеді.
2.
Қарым-қатынас дағдысын дамытады.
3.
Кері байланысты жүзеге асырады.
4.
Пікірлер мен қатынастарды қалыптастырады.
5.
Материалдың тиімді игерілуіне мүмкіндік беріледі.
6.
Білім алушылар мәселені шешу барысында ӛздерінің және басқалардың тәжірибелерін қолданады.
7.
Мұғалім да білім алушылардан кейбір нәрселерді біліп үйрене алады.
Бұл әдістерді қолдануда оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекет табыстылығын қалыптастырудың
мүмкіндіктері артады. Себебі, әрбір оқушы ӛз ой-пікірін дамытуға кӛп мүмкіндік алады, қасындағы
достарымен ой бӛлісіп, сыни пікірлерді қабылдауға, ӛз пікірін кӛпшілікке білдіруге, жариялауға бағыт
алады. Әсіресе, интерактивті оқытуда оқушылардың бір-бірінің дайындаған мәліметтеріне күмәндануы -
олардың ақыл-ойын дамытуға, іс-әрекет табыстылығын арттыруға септігін тигізеді. Біздің пікірімізше,
оқушының оқыту үдерісіндегі «күмәндануы» - ғылыми танымдағы ақиқатқа жетелейді.
Интерактивті оқыту әдістерінің кейбір түрлері мен олардың қолданылу мақсаттарын тӛменде берілген
кестеден кӛруге болады (4-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: