Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет49/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   164
 
 
 
 
 
Білімгердің пәнге деген 
қызығушылығының артуы 
Білімнің тереңдігі 
Сабақ уақытын тиімді 
қолдану 
Практикалық 
дағдыларды игеруі 
Тексеру түрлерімен 
бағалануы 
Білім, білік, дағды 
деңгейінің қалыптасуы 
Дидактикалық 
материалдарды қолдану 
тиімділігі 
Қағазды үнемдеп 
экологиялық тазалықты 
сақтауы 
Жылдам да, тез керекті 
мағлұматтарды беру
Білімгердің сабаққа деген 
ынтасын арттыру 
ACTIV STUDIO
 
технология
 


65 
ӘОЖ 374 Р18
БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС МӚЛШЕРІ МЕН ДЕРБЕС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН
ОҚУ – ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ЕСКЕРІЛУІ 
 Алиева П.С., Кҥмісбекова Ж.Н., Бҧзаубақова К.Ж. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Адамның белгілі сипаты мен сапасын қалыптастырудағы тәрбиешілердің мақсат тәрбиесі белгілі бір 
жас мӛлшеріндегі топқа бағытталған, осы арқылы сол топтың мүмкіндіктері мен міндеттері тәрбиенің 
әдістемелері қолданылады. Адам ӛмірінің мектепке дейінгі кезінде, жасӛспірім шақта және әлеуметтік 
ортада қалыптасқан есейген шақ кезеңдеріндегі мінез-құлқы ерекшеленеді. 
Жастарды ӛмірге және ұжымдық еңбекке тәрбиелеудің, әрбір жас адамның жеке тұлғасының 
ӛмірлік бағыт-бағдарын анықтайтын дүниетанымын қалыптастырудың қоғам алдындағы зор міндеттері 
мектепке жүктелген . Тәрбие, шын мәнінде, жеке тұлғаның дамуы мен жалпы қоғамның негізгі мақсаты 
болып табылады және ол қоғамның әрбір мүшесінің жан-жақты дамуына жағдай жасауға бағытталған. 
Белгілі бір жастағы балалардың жас мӛлшері дегенде олардың кӛпшілігінет тән ерекшеліктері мен 
сипаттарды айтамыз. Бұл ерекшеліктерді педагогикалық процесте ескеру қажет және соған сәйкес оқыту, 
тәрбие берудің тиісті түрін, әдістемесін және тәсілін пайдалану керек. 
Бастауыш сынып жасындағы баланың салмағы бір жылда 2-2,7 кг еседі.6 жастан 12 жасқа дейінгі 
аралықта бала денесінің салмағы екі есе артып, 18 кг 36 кг –ға дейін артады. Осы жаста бала миының 
кӛлемі де ұлғаяды, яғни ол 5 жаста үлкен адам миының 90 пайызындай болса, 10 жаста 95 пайызға тең 
болады. Нерв жүйесінің жетілуі де жалғасады. Нерв клеткалары арасында жаңа байланыстар түзіліп, 
мидың жарты шарында икемділік күшейеді.7-8 жаста жарты шарды жалғап тұрған нерв талшықтары
жетіле түседі және олардың ӛзара қарым-қатынасының арта түсуін қамтамасыз етеді. Нерв жүйесіндегі 
бұл ӛзгешеліктер баланың ақыл-ойы дамуының келесі кезеңінің ірге тасы қалануына негіз болады. 
Баланың білім алудағы іс-әрекеті де, бұған дейінгі барлық іс-әрекеттер (манипулияциялық, пәндік, ойын 
арқылы) сияқты, оған ену тәжрибесі арқылы бірте-бірте дамиды. Білім алу іс-әрекеті оқушы баланың ӛзіне 
бағытталған іс-әрекеттен тұрады. Бала тек білім алуды ғана емес, сонымен бірге оны қалай меңгеруді де 
үйренеді. Жазу,есептеу,оқу және тағы басқаларына үйрену арқылы бала ӛзін-ӛзі ӛзгертуге қарай бағыттай 
алады, яғни, ол іс-әрекеттік және ақыл-ойлық қажетті мәдістерді (оны қоршап тұрған мәдениетке тән) 
меңгереді. Рефлексиялы түрде, яғни ӛз санасы арқылы ӛзінің психологиялық күйіне ой жүгіртіп, ол ӛзін 
бұрынғы және бүгінгі қалыпымен салыстыра алады. Ӛзіндік ӛзгерістері ӛз бойындағы жетістіктері арқылы 
қадағаланады және айқындалады. 
Білім алу іс-әрекетіндегі баланың маңызды әрекеті – бұл ӛз-ӛзіне деген рефлекциясы, жаңа 
жетістіктерін және ӛзгерістерді қадағалай алуы. «Бұған дейін қолымнан келеді» .»Бұған дейін жасай 
алмадым», «Бұрын қандай болдым-қазір қандаймын», бұларқол жеткізілгендер мен ӛзгерістердің, терең 
рефлекциясы қорытындысына берілген негізгі бағалар. 
Бала мектеп табалдырығын аттағаннан кейін, оның әлеуметтік жағдайы ӛзгереді, бірақ ішкі әлемі, 
психологиясы әлі мектепке дейінгі қалыпта болады. Баланың ең негізгі іс-әрекеті әлі де ойын, сурет салу, 
ойыншықтарды құрастыру болып қала береді. Оқу іс-әрекеті әлі де дамуды қажет ететін деңгейде болады. 
Оқу іс-әрекеті әлі де дамуды қажет ететін деңгейде болады. Оқу іс-әрекетіндегі, тәртіп сақтаудағы қажетті 
іс -әрекетке еріктілік беру алғашқы кездерде ғана мүмкін болады, бұл кезде балаға жақын арадаістелінуі 
тиіс мақсаттар және оның күш салуын қажет ететін тапсырмалардың мӛлшерінің аздығы түсінікті болады. 
Оқу іс-әрекетіне ерікті түрде назар аударту ол балаға жеңіл тиеді. 
Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, баланың алдында оқу іс-әрекетінің шарттарын қойса, 
бұл баланың шын мәнінде оқу іс-әрекетіне тез араласып кетуіне (бұл жағдайда ол білімді алуға 
қалыптасқан) себеп болады немесе ӛзінің шамасы келмейтін оқу тапсырмаларының алдында сасқалақтап, 
бірте-бірте ӛзіне деген сенімін жоғалтады, мектепті және оқуды ұнатпаушылық сезімін оятып, бұл тіпті 
баланың бойындағы әдетке айналады. Тәжірибеде бұл екі вариант та типтік болып табылады: білім алуға 
дайын тұрған балалардың саны да, бұл жағдаймен оқуға шамасы жетпейтін балалардың саны да ӛте 
жоғары.
Оқу іс-әрекеттің жағдайында балаға оның ойын емес екендігін түсіндіруге тырысу керек, сонда ғана 
ол оқуға ат үстілікпен емес, ынтамен, шын кӛңілмен назар аударып, ӛзін-ӛзі шынай ӛзгертуге үйренеді. 
Балалар ойынға құрылған тапсырмалар мен оқу тапсырмаларын айыра біліп, оқу тапсырмаларын құлқы 
болса да, болмаса да оны қалайда орындауы керектігін білуге үйренуі керек. Әрине, ойын баланың 
белсенді ӛмірінің аясынан шығып қалмауы тиіс. Балаға оның енді үлкен екендігін, кішкентай балалар 
сияқты ойыншықтармен ойнап отыру ұят деген сияқты сӛздерді айтуға болмайды. Ойын тек қана 
балалықтың ғана емес, ол барлық жастағы адамдардың бос уақтыларында айналысып, кӛңіл кӛтеретін
құралы. Әдетте бала адамдардың әлеуметтік қарым-қатынасы жүйесіндегі ӛзінің жаңа орында ойынның 


66 
мәнін бірте-бірте түсіне бастайды, әрі ойнағанда да аса маңызды әлеуметтік дағды қалып тастырады. 
«Балалар қоғамының» ролі мен ережелері үлкендер қоғамының қалыптасқан ережелері туралы білуіне 
мүмкіндік жасайды. Ойын үстінде ынтымақтастық пен бәсекелестік сезімі қалыптасады. Ал әділеттілік 
пен әділетсіздікке кӛзжеткізу, теңдік, лидерлік, бағыныштылық, адалдық, сатқындық әрекеттері баланың 
бойындағы жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастырады. Баланың дұрыс психикасының ерекшелігі - 
танып – білуге деген белсенділігі. Баланың құштарлығы ӛзін қоршаған әлемді тануға және осы әлемнің 
құрылысын ӛзінше бейнелеуге бағытталған. Бала ойнай жүріп тәжірибеден ӛтеді, сбеп-салдарлық 
байланыстар мен тәуелділіктің себебін ашуға тырысады. Ол мысалы, қандай заттардың суға батып 
кететінін, қандай заттардың қалқып жүретінін білетін болады. Бала ой-қабілеті жағынан неғұрлым 
белсенді болса, сол ғұрлым сұрақты кӛп қояды және әр түрлі сұрақтар қоятын болады. Баланы бәрі 
қызықтыруы мүмкін: 
Мұхиттың тереңдігі қандай? Су астындағы жәндіктер қалай тыныс алады? Жер шарының кӛлемі 
неше мың километр болады? Бала білуге ұмтылады, ал сол білімді игеруі «неге?», «Қандай?» 
«Нелікетен?», деген сұрақтар арқылы игеріледі. Ол білімге сүйенген, жағдайды бағамдауға және ӛз 
сұрағына жауап табудың жолын іздеуге тырысуға мәжбүр болады. Кейбір мәселелер туа қалған жағдайда 
бала оны ӛзі шешуге тырысады, әрине, ол тек ойша араласып, іс-әрекет жасайды. Сол жағдайды шешу 
үшін образдармен іштей әрекеттесуден туындаған ой-кӛрнекі образды деп аталады. Образды ойлау 
бастауыш сынып жасындағы баланың негізгі ойлау түрі болып табылады..
Мектепте оқыта бастағанда баланы ойлау жұүйесі ӛзінің эгоцентризмі мен белгілі бір мәселелерді 
дұрыс шешуге қажет болатын білімнің жоқтығынан ойлау үрдісінің ерекше болуымен назар аудартады. 
Мысалы, бала ӛзінің тәжірибесінде заттардың ұзындығы, кӛлемі, салмағы сияқты ерекшеліктерін онша 
түсіне бермейді. Бала қоршаған тортаны зерттеуге бағытталған танымдықұ белсенділігімен ӛзі зерттей 
бастаған объектісінен ұзақ уақыт бойы назарын алмайды, бұл әрекеті ол оған қызықсыз болып қалғанға 
дейін жалоғаса береді. Егер 6-7 жастағы бала ӛзі үшін аса маңызды ойын ойнап жатса,ол ода.н екі немесе 
үш сағат бойы бас алмауы мүмкін. Сондай-ақ ол ӛнімді жұмыс жасауда да мысалы, сурет салуға, 
ойыншықтарды құрастыруға, ӛзіне қажетті әлденелерді 
Жасауғада осындай ынтамен кірісе алады. Балалар назарының бір нәрсеге ұзақ қадалуы, оның сол 
ӛзі жасап отырған «іс-әрекетіне деген ерекше ынтасымен кӛрсетеді. Егер бала ӛзіне ұнамайтын нәрсемен 
айналысып, соған ұзақ уақыт назарын салып отыруға мәжбүр болса, ол шаршайды, кӛңілі басқа жаққа 
алаңдай береді. тіпті ол ӛзін соншалықты бақытсыз сезінеді. Үлкен адам сӛзбен айту арқылы баланың 
назарын белгілі бір нәрсеге бұрып, ұйымдастыра алады. Ол оған тапсырманы орындаудың қажет екендігін 
түсіндіреді және оны қалай жасау кертігінің әдісін де айтады. Балалар альбомдарыңды ашыңдар. Қызыл 
қарандашты алыңдар да қағаздың сол жақтағы бұрышына, міне , мына жерге дӛңгелек сызыңдар және т.б. 
Бастауыш сынып жасындағы бала белгілі бір деңгейде ӛзінің атқаратын жұмысын ӛзі де жоспарлай 
алады. Мұндай кезде ол не істеу керек екендігін және неден кейін нені орындау керек екендігін ӛзіне-ӛзі 
күбірлеп айтатынын да баиқаймыз. Бұлайша жоспарлау, сӛз жоқ, баланың назарын жүйелеп, 
ұйымдастырады. Алайда, бала тӛменгі сыныпта жүрген кезіде-ақ ӛзінің мінез-құлқын ӛзі үйлестіре алады 
десек те, оның назарының ӛз еркінен тыс басқа жаққа тез ауып кету жағдайлары кӛбірек болады. 
Балаларды біртектес, тез жалықтыратын немесе қызғылықты болса да, бірақ ойлануды қажет ететін 
жұмыстар тез жалықтырады. Ал бала назарының анда-санда басқұа жаққа ауып отыруы оны тез 
шаршатудан сақтайды. Бұл ерекшелікойынның сабаққа кірісуге мүмкіндік беретін маңызды элемент 
екендігін кңӛрсетеді және іс-әрекетті онымен жиі алмастырып отыру керек болатынын дәлелдейді. 
Тӛменгі сыныпта оқитын балалар интеллектуалды тапсырмаларды назарында ұстауға қабілетті, алайда 
бұл ерекше ерік жігерді және үлкен ұйымдастырушылықты қажет етеді. Бастауыш сынып жасындағы 
бала әртүрлі жағдайдағы ӛз қиялында бейнелей алады. Ойын үстіндегі бір затты екінші затпен алмастырп 
кӛру арқылы баланың қиялы іс-әрекеттің басқа түрлеріне ауысады, Оқу іс-әрекетінің жағдайында бала 
қиялына арнайы талаптар қойылады, олар бала қиялын ӛз күшімен әрекет етуге ұмтылады. Мұғалім 
сабақта балалрға заттардың, бейнелердің белгілердің қайта пайда болу жағдайын кӛз алдарына елестетіп 
кӛру береді., алайда онв арнайы құралдармен пысықтап отыруға тура келеді., әйтпесе баланың ӛз 
қиялын ӛз күшімен ілгері жылжытуы қиын болады. Ол құралдар заттар, схемалар, макеттер, белгілер, 
графикалық бейнелер және т.б. болуы мүмкін.
Әр түрлі оқиғалар, «ӛлеңдер» ұйқастыру, ертегілер ойлап табу, түрлі кейіпкерлерді бейнелеу арқылы 
бала ӛзіне белгілі оқиғаларды, ӛлең жолдарын, графикалық бейнелерді ӛзі де байқамастан айта бастауы 
мүмкін. Баланың ӛзіне белгілі оқиғаларды әдейі бір-біріне қосып, ӛз кейіпкерлерінің сапалық жақтары 
арқылы жаңа беинелер жасауы да жиі кездеседі. Егер баланың сӛйлеу және қиялдай алу қабілеті жетілген 
болса, егер ол сӛздің мәні мен мазмұнынан пайда болған рефлекісіне кӛңілі қанағаттанса, онда ол 
кәдімгідей мәнің бар мазмұндағы оқиғаларды айтып, тіпті, ӛзінің ойлап табушылық қабілетінен шабыт 
алып, басқа адамдарды да қосып жаңасып ойлап тауып, оны әңгімелеп бере алатын. Ең басты – 
тапсырманы орындаудағы қиындықты жеңу, дос табу, жарыққа шығу, қуанышты сәтті бастан 


67 
кешіру.Қиялдағы оқиғаны жасау және оны ӛрістетеу кезінде санаға тсетін салмақ, мазмұнды басқару 
әрекетін тоқтату және оған қайтып оралу әрекеттері бала қиялын ерікті шығармашылық қызымет ретінде 
жаттықтырады. Оның үстіне, қиял әсер беретін іс-әрекет ретінде кӛрініс табады. Бала шынайы ӛмірдегі 
қиындықтарды бастан кешетін, ӛз басындағы жағдайды тығырыққа тірелгендік деп түсінген шақта, ол ӛз 
қиялындағы әлемге кетіп қала алады. Мысалы, әкесі жоқ болса, бұл баланың жанын жаралайды, ал ол 
қатты қиналған кезінде ӛз қиялында ең керемет, мейірімді де ер жүректі әкеге ие бола алады.
Қиял ӛз мазмұны бойынша қандай да бір адам сенгісіз нәрсе сияқты болып, кӛрінгенімен, шынайы 
әлеуметтік кеңістіктің нормативтеріне сүйенеді. Бала ӛз қиялында мейірімділікті немесе қатігездікті 
кӛруі арқылы, ол балашақтағы ӛз-әіс-әрекеттеріне мазмұн болатын жағдайларға бейімделе алады. Қиялға 
берілуі үлкен адамға қарағанда баланың ӛмірінде үлкен роль атқарады, қияладың жиі кӛрініс беруі 
арқылы ол шынайыв ӛмірде кӛбірек қателеседі. Қиялдап шаршауды білмейтін жұмысы баланың қоршаған 
ортаны тануға және игеруге мүмкіндік беретін, ӛзінің ӛмірлік тәжірибесінің шеңберінен шығып кетуге 
жағдай жасайтын маңызды жолы болып табылады, ол шығармашылық қабілетінің дамуының маңызды 
психологиялық алғы шарты және әлеуметтік кеңістіктің нормативін игерудің тәсілі. Соңғысы қиялдың 
жеке тұлғаның ӛзіндік ерекше сапасының мүмкіншілігімен тікелей жұмыс істеуге мәжбүр етеді. Ақыл-
ойдың дамуына оқу іс-әректеі ерекше әсер етеді. Әсіресе оқу жүйесінде сӛйлеу қбілетін меңгердің және 
дамытудың айқындаушылық маңызы бар. тСӛйлеу қабілетін бағдарлама бойынша дамыту мақсатында 
баланы оқытудың және дамытудың мынандай түрлері болады: біріншіден, нормаға сәйкес әдеби тілді 
меңгеру, екіншіден оқи, және жаза алу. Оқи білу де жаза білуі де – тіл жүйесіне, оның фонетикасына, 
таңбалануына, лексикасына, граматикасына, орфогафикасына сүйенетін сӛйлеу дағдылары . үшіншіден, 
оқушылардың сӛйлеу мәдениетінің бір талап деңгейіне сәйкес келуі, яғни, ол оқушы деген атқа ие 
болғандықтан да сол деңгейден тӛмен болмауы тиіс. 
Бастауыш сынып жасындағы бала үлкендердің сӛзін бірте-бірте толық және дәл қабылдау, ӛз 
бетінше оқып, радио тыңдау дәрежесіне жететін болады. Ол сӛз әлеміне қиындықсыз араласып, оның 
мазмұнын бағамдай алатын болады. Яғни,әңгіменің не туралы болып жатқанын ұғынып, сӛздің негізгі 
тақырыбының дамуын қадағалап, соған сәйкес сұрақтар беруге және диалог құруға шамасы жететін 
болады. Бала ӛзінің сӛздік қорын ынталы түрде кеңейтуге ұмтылып, ӛзі үтірінген сӛздермен сӛз 
тіркестерін жиі пайдалануға, қарапайым граматикалық түрлері мен құрылымдарды меңгеруге тырысады. 
Мұның бәрі баланың сӛйлеу қабілетінің және ақыл-ой қабілетінің дамуындағы жетістіктер. 
Тіл меңгеу базасында жаңа әлеуметтік қатынастар пайда болады, олар баланың ойлау жүйесін 
байтып және ӛзгертіп қана қоймайды, сонымен бірге, оны жеке тұлға ретінде қалыптастырады. Бала 
мектепке барған кезден бастап, оның сезімталдық дамуы оны қоршаған сырт адамдарға және оныцң 
сырттан алған тәжірибесіне қатысты болады. Баланың үрейленуі ӛзін қоршаған ортаны қабылдауының 
санада сәулеленуі болып табылады, ал қоршаған орта бала үшін біртіндеп кеңейе береді. Үрейдің негізгі 
бӛлігі отбасындағы, мектептегі және ӛз құрбылары арасындағы жағдайлардан құралады. Ӛткен уақыттағы 
адам түсіндіріп бере алмайтын және ойдан құрылған қорқвныштары бірте-бірте күнделікті тіршіліктің
толып жатқан саналы мәселелері мен алиасады. Ал баланың үрейленуіне негіз болатын алда тұрған сабақ 
немесе укол, тіпті түрлі табиғи құбылыстар немесе жора-жолдастарының арақатынасы болуы да мүмкін. 
Әдетте мұндай балалар жақсы оқиды, ал олардың қорқыныштары жаман баға алып қаламын дегендіктен
емес, негізінен ата-аналары үшін, әсіресе анасы үшін алаңдағандықтан туындайды, мысалы баласы үшін 
олардың имұңға батып, қайғы-қасіретте қалуы оны қатты алаңдатады. Сабақ алдында үрейлену әдеті 
пайда болған баланы тезірек мектепке қайтару керек болады. Басы ауырып тұрғанына немесе басқада сәл 
нәрсені сылтау еткеніне ерекше кӛңіл аудару сол белгілердің күшейіп кетуіне әкеліп соқтыруы 
мүмкін.Кейде тіпті баланың кӛңіл-күйін жоқтығы мен шағымына кӛңіл аудармау керек болады. Баланы 
тыңдап отырғаннан да, мектепке баруға ниетпен қалай да кӛндірген дұрыс. 
Бастауыш сынып жасындағы балалардың ішіндегі ер балалрадың 5-8 пайызының , қыз балалардың 1 
пайызының ерекше белсенділігі байқалады, бірақ бұл әзірге психикалық ауытқу емес.Алайда бұл жағдай 
баланың эмоцианалдық, ақыл-ой, интелектуалдық дамуының кешеуілдеуімен қатар жүреді. Мұндай 
мінез-құлық жүйкеге күш түсіруінен пайда болуы да мүмкін және ол баланың жүйкесін ерекше қоздырып 
жібереді. Аса белсенді балалар берілген тапсырмаларды орындауда қатты қиналады, себебі оларға ӛз 
назарын бір жерге аударып , тыныш отыруы ӛте қиын. Мұндай балалар, әдетте ата-аналармен 
мұғалімдердің ерекше назарында болуы керек. 
Мектеп оқушыларында болатын ерекше белсенділіктің себебі, әлі күнге дейін толық анықталған 
жоқ, бірақ кӛптеген жағдайларға байланысты белгілі бір пайымдаулар айтылып жүр. Мысалы, 
сарапшылар мұндай жағдайды орталық нерв жүйесінің генетикалық әсерімен түсіндіреді. Кӛптеген 
зертеушілер оның себептерін, күнделікті ішіп жүрген тағамнан\, баланың ӛзінің ерік жігерінен, оның 
ӛрескел қылықтарына қолдау кӛрсетушіліктерінен іздейді. Бүгінгі таңда келеңсіз жайттардың алдын алу 
мен емделудің түрлі тәсілдері қолданылып жүр. Кейбір дәрі-дәрмектер белсенді балалрды 
тыныштандырады. Сондай-ақ кең таралған әдістің бірі – тағамның құрамына қантты, жасанды 


68 
дәмдеуіштермен тағамға қосылатын заттарды алып тастау арқылы диета қолдану. Баланың мінез-құлқына 
ата-ана мен мұғалімдер тарапынан үнемі және табанды бақылаудың жасалуы және сыртқы әсерді, 
мысалы, қоғамдық орындарда кӛңілді тыныштандыратын кӛгілдір жарықтың түсірілуі жақсы нәтиже 
береді. Осы және осыған ұқсас басқа да әдістемелер баланың бойындағы ерекше белсенділікті 
бәсеңдетуге мүмкіндік береді, ал бұл ӛз кезегінде оқушының сабақ үлгерімін жақсартуына,сыныптағы, 
үйдегі, кӛшедегі мінез-құлқының жақсаруына себеп болады. Әрине, емделудің бірыңғай тәсілі жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет