Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет52/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   164
 


72 
Пайдаланған әдебиеттер:
1.ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы / Қазақстан мектебі. 2004. №2 
2.ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 2010ж. 
3.Атаханова Р.К. Шет тілінен проектік сабақ жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау. Тараз.2008 
4.Fremdsprache Deutsch. Muenchen. 2009 
Аннотация.
В этой статье рассматриваются методы и способы организации и проведения проектных 
работ. Проектная работа- это самостоятельная работа студентов. Во время презентации проектной работы 
студенты могут использовать интерактивную доску. Проектная работа дает студентам большую 
возможность, искать, проанализировать, систематизировать материалы говорить на английском языке 
свободно.
Annotation. 
This article discusses the methods and ways of organizing the project works. It is independent work 
of the students. The students can use all the opportunities of the interactive board at the presentation of the project 
work. Project work gives a great opportunity for students to seek to analyze and classify materials and speak 
English fluently. 
 
ӘОЖ 159.9 
Б 73 
 
АЖЫРАСУ МӘСЕЛЕСІ БЕЛЕҢ АЛЫП КЕТУІНІҢ НЕГІЗГІ СЕБЕПТЕРІ 
 
Болтаев А.Д., Алтаева Ҥ.А., Зәуірбекова Ҧ., Белгібаева А., Мауленова Қ.И. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Ұлт ұрпағының болмыс-бітімін қалыптастыру, дүниетанымын жетілдіру мәселесі отбасынан бастау 
алады. Әрбір ұлт ӛкілінің ӛз ұрпағын ӛз ұлтының болмысына сай дамытып, жетілдіруі - бұл талдауға 
жатпайтын мәселе. Әр адам — адамзаттың жеке-дара ӛкілі болғанымен, ӛзіндік ерекшеліктерімен 
дараланады. Себебі, біз — ӛзіндік мінез-құлқымызбен бет-әлпетімізбен бір-бірімізден ерекшеленетін 
тұлғамыз, әрқайсымыз ерекше жаратылғанбыз. Біз ӛзіміздің ата-тегімізбен тығыз байланыстамыз, біздің 
болмысымызда олардың тәндік ерекшеліктері бар [1]. 
Тұлғаның дамуы барысында отбасы мен мәдени ортаға лайықты оның дүниетанымы жетіледі. 
Адамдардың кейбіреулері «дүниедегінің барлығы үнемі қарама-қайшылықта болады» деседі, енді 
біреулері «әлемде үйлесімділік пен келісім болса, даму жоғары деңгейдегі жетістікке жетеді» деп 
тұжырымдайды. Тұлғаның рухани жетілуі үшін, ең алдымен, рухани саналылықты меңгеруі тиіс. 
Тұлғаның рухани санасы ӛмірдің мәнін, ӛзінің ӛмірдегі орнын, ӛз тағдырын халықтың тағдырымен ортақ 
деп түсіну қабілетін дамыту, отбасы мүшелерінің арасындағы сыйластық, ұғынысуды сезінгені абзал. 
Отбасының атқаратын белгілі кызметтері бар: 
- қайта ӛндіру (репродуктивті) 
-
ұрпақ келтіру (тек жалғастыру тума әрекеті, перзентті болу, оларды ӛсіру және тәрбиелеу қажеттігі); 
- шаруашылық- экономикалық, (ортақ шаруашылық және қаржы пайдалану, еңбекке жарамсыздарға 
қамқорлық және оларды материалды қамсыздандыру); 
- тәрбиелеу (отбасы, оның әрбір мүшесінің тұлғалық қалыптасуына жағдайлар жасау; отбасы 
ұжымының ӛз мүшелеріне жеке-дара ықпал жасауы; ӛмірлік тәжірибе, инабаттылық тәртіптері мен 
адамгершілік құндылыктарға баулу); 
- қарым-қатынас құру (коммуникативті—отбасы ішіндегі қатынас түзу, отбасының басқа 
адамдармен, жанұялармен, әлеуметтік топтармен байланысын ұйымдастыру); 
- қайта қалыпына келу (рекреативті - бос уақыттарындағы демалыс іс-әрекеттерін ұйымдастыру; 
отбасы мүшелерінің күш-қуатын, денсаулығын қайта тіктеу шараларын қамтамасыз ету). Міне осы 
арқылы отбасындағы ауызбіршілікті,ынтымақты сақтауға болады.
Отбасы тәрбиелік қызметтерінің іске асуы оның ұлттық ерекшеліктеріне, әлеуметтік-мәдени салт-
дәстүрлеріне және ол енген қауымдастыққа тән талап-тәртіп ұстанымдарына байланысты. Тұлғаның 
әлеуметтенуінде жетекшілік маңызға ие жалпыға бірдей жағдаяттар болады. Олар: туған күнінен бастап, 
балаға болатын үздіксіз де тұрақты ықпал; отбасыдағы қарым-қатынастың туысқандық, сүйіспеншілік, 
сенім, ӛзара жауапкершілік сезімдеріне негізделуі; ұрпақтан-ұрпаққа тәжірибе ӛткізуге бағытталған 
әрқилы деңгейдегі отбасы мүшелерінің ӛзара қарым-қатынасы және ықпалы. Ал қазіргі таңда толық емес 
отбасы ӛте кӛп, бұл біздің қоғамымыздағы ӛзекті мәселе. Қазіргі кездегі ажырасу санының кӛбеюіне 
байланысты (әлеуметтанушылардың есебі бойынша, әрбір некелескендердің екіншісі ажырасады, осыдан 
он жыл бұрын әрбір үшінші жұп ажырасатын болған) ажырасқан адамдардың проблемаларын 


73 
құрылымдық түрде шешу жолдарын іздеу, дағдарыстық жағдайларды жеңуге психологиялық кӛмек 
кӛрсету тек қана психология ғылымы үшін ғана емес, сонымен қатар, жалпы қоғамның алдында тұрған ең 
үлкен міндет болып табылады. 
Отбасы мүшелері үшін, әсіресе, балалар үшін ажырасу үлкен психологиялық жарақат болып 
есептеледі. Ажырасу қандай себептерден пайда болмасын, оның ӛзінің адамдардың кӛбі елемейтін терең 
психологиялық негізі бар. Ол ажырасушы жұптар мен олардың балаларына және ӛмірлік іс-әректтерінің 
барлық жағына ӛз әсерін тигізе отырып, олардың физиологиялық және психологиялық денсаулығына да 
белгілі бір деңгейде кері әсер ететіні белгілі. Отбасындағы ажырасу мәселесін кең ауқымда қарастырған 
авторлардың бірі С.С.Седельников бойынша, ажырасу жағдайында адам ішкі психологиялық әлеміндегі 
тұрақсыздығымен қатар, әлеуметтік тұрғыдан да, мысалы, қарым-қатынас формасында, белсенді іс-әрекет 
барысында да тұрақсыздық кӛрсететіндігін атап кӛрсеткен болатын. Сонымен қатар, ажырасқан 
адамдардан некенің құлауы, сол жағдайға бейімделу мен жаңа ӛмір стилінің пайда болуы туралы 
мәліметтерді бір мезгілде шешу талап етіледі. 
Ажырасу кезінде үлкен эмоционалды күйзелісті әйелдер мен жасӛспірімдер кӛп сезінеді. Әйелдер 
үшін қайғырулардың ауыртпалығы жӛнінен ажырасу бала мен күйеуінің ӛлімінен кейінгі үшінші орында 
тұр. Ажырасудың әсерінен болған күйзелістер оларды белгілі дәрежде стреске шалдығуларына әкеледі [2]. 
Отбасындағы ажырасу мәселесі қазіргі таңда ӛте ӛзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл жағдай 
тек ерлі-зайыптылардың ғана эмоционалды күйзеліске ұшырауын қамтып қоймай,сонымен қатар, олардың 
балаларына, әсіресе, жасӛспірімдік шақтағы балаларына ӛзінше кері әсерін тигізеді.
Сәтсіз құрылған некелік жұптарды конфликтілі, кризистік және проблемді деп бӛліп кӛрсетуге 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет