Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет62/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   164
.
 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1.Назарбаев Н.Ә.ҚР Президентінің « Қазақстан- 2050» стратегиясы бойынша, Қазақстан халқына 
жолдауы. 2012.- 14 Желтоқсан. 
2.Крайг Г. Психология развития. СПб.: Питер,2003. Кречмер Э. Строение тела и характер. М.: НО 
Научный фонд ―Первая Исследовательская лабаратория им. Акад. В.А.Мельникова‖, 2000 
3. Лидерс А.Г. Возрастно-психологические особенности консультировария пожилых людей // 
Психология зрелости и старения.1999 С.13-22 
4.Лютов Е.К., Монина Г.Б. Тренинг эффективного взаимодействия с детьми. Комплексная программа. 
СПб.: Речь, 2001. 
5.Малкина-Пых И.Г.Ритмо-двигательная психокаррекция:работа с женщинами в период климакса (часть 
1)//Современные технологии.Медицинская техника,фармация, диагностика. 2002 
Аннотация. 
В статье рассмотрены возрастные и психологические особенности старческого возраста. 
Annotation. 
This article describes the psychological characteristics of age and elderly. 
ӘОЖ 371.13:37.018. 
 
ҚР-НЫҢ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ЖҤЙЕСІНДЕГІ ОҚУШЫ ТӘРБИЕСІНІҢ
ҚҦНДЫЛЫҚТЫҚ МАЗМҦНЫ 
 
Ботамқҧлова А.Б. 
Жамбыл гуманитарлық -техникалық университеті, Тараз қ. 
 
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дaмыту мәселелерінің негізгі мақсаты 
– білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның талаптарына сәйкес келетін білімді, кәсіби біліктілігі 
жоғары, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелейтін білім негізін қалыптастыру. Білім берудің адамға, жеке 
тұлғаға қарай бағытталуы, білім мазмұнының демократиялылығы, заман талабына сай білім беру мен 
ұлттық тәрбие үрдісінің гуманистік сипаты – 12 жылдық білім берудің әдіснамалық негізі ретінде қызмет 
ете алады.


92 
Елбасы Н.Назарбаевтың «Қ Р-ның болашағы- қоғамның идеялық бірлігінде» еңбегінде «Біз құрып 
жатқан қоғамның ең жоғарғы құндылығы- адам,бүкіл ӛзгерістердің бәрі сол үшін, соның игілігі үшін 
жасалып жатыр» деп, кӛрсетілген. Ендеше, оқушының ӛз ӛмір жолын таңдай білу қабілетін дамытуда- 
оқушылардың ӛмірлік ұстанымын, адам ӛміріндегі ең жоғарғы құндылық екенін санаға сіңіруде 
құндылық-тәрбиенің маңызы зор. 
Білім беруде үйренушінің дербес мүмкіндіктері, жас және жеке ерекшеліктері ескерілуі қажет. 
Оқушының жеке тұлға ретінде дамуы, ӛзіндік кӛзқарасының қалыптасуы, ой-ӛрісінің кеңеюі мектеп 
қабырғасынан басталып арнайы орта оқу орындарында жалғаса түседі. Сондықтан да, 12 жылдық білім 
беретін мектептегі үрдіс жеке тұлғаға бағдарланған оқыту ұстанымына негізделіп, оқушының жеке 
ерекшеліктеріне қарай қоғамдағы ӛзгерістерге бейім даму мүмкіндігін айқындауды қажет етеді.
12 жылдық білім беру жүйесіне кӛшу-әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді кӛздейтін заман 
талабынан туындап отырған мәселе. Қоғамның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге 
қойылатын талаптарды түбегейлі ӛзгертті. Еліміз оқытудың «Нәтижеге бағытталған білім беру» моделіне 
кӛшті. Ал, нәтижеге бағытталған білім беру дегеніміз жеке тұлғаның құзырлығын қалыптастыру. 
Білім берудің басты мақсаты – білімге, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде 
лайықты ақпаратты ӛзі табу, талдау және оны пайдалану сӛйтіп қарқынды дамып жатқан заманға лайықты 
ӛмір сүру болып табылады. 
Үшінші мыңжылдық – құзыреттілік білім беру жағдайында мамандардың инновациялық даярлығын 
қажет ететін, жаңа тұрпатты инновациялық іс-әрекет кезеңі.
Тұлға – мазмұнды күрделі ерекше әлеуметтік ұғым. Оның ӛсуі мен қалыптасуы ортасы мен 
қоғамдық ӛмірге тәуелді. Қай кезде болмасын ұрпақ тәрбиесін қазақ халқы ӛзекті мәселе ретінде 
бағалаған. Осы орайда А.Құнанбайұлы «Он тоғызыншы» қара сӛзінде: «Бала ата-анадан туғанда есті 
болмайды: ол естіп, кӛріп, ұстап, татып,ескерсе дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан 
білгені, кӛргені кӛп болған адам білімді болады» - деп баланың социумда жинаған тәжірибесі арқылы 
білімді болатындығы туралы ой түйіндейді.
Ағартушы педагог-ғалым М.Жұмабаев тұлға мәселесін қарастырғанда: «Тәрбие деген – баланы 
бетке қақпай, бетімен жіберу емес. Баланы тәрбиелі қылу – тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе 
білетін адам шығару, қаласа- ӛзін, барлық адам баласын әділ жолмен ӛрге сүйрейтін ер шығару деген сӛз» 
деп педагогикалық кӛзқарасын ашты. Қоршаған әлемге ӛз қатынасын сезінетін, іс-әрекеттің нақты түрімен 
айналысатын, белгілі топтағы адамдардың ӛкілі, нақты адамды – психологияда тұлға ретінде кӛрсетеді. 
Сонымен қатар әрбір индивид ӛзіндік ішкі ерекшелік пен сапаға ие.
Психология ғылымының зерттеушілері тұлғаның айрықша психологиялық белгілерін келесідей 
бӛліп кӛрсетеді: сана–қоршаған әлемге адамның саналы ықпал ету қабілеті; ӛзіндік қалыптасқан сана-
ӛзін-ӛзі 
сезіну 
қабілеті;
ӛзіндік 
реттелу-ӛз 
мінез-құлқын 
және 
іс-әрекетін 
басқару;
даралық (ӛзіндік бейне, «Мен», ӛзінің ойлауы мен іс әрекет стилі) . Осы тұлғадан білім алушы пайда 
болады Адамның тұлғалық қалыптасуы – үздіксіз және күрделі процесс. Демек, оқушыға білім бере 
отырып, біз оқушының жан-жақты дамуына мүмкіндік жасауымыз қажет. Білім беру барысында 
оқушының жеке тұлға ретінде ерекшеліктерін ескеру – баланың ӛзін-ӛзі жан-жақты дамыту мәселесін 
оңтайлы шешуге мүмкіндік береді. Бүгінгі ұрпаққа әлемдік білім беру стандартына сәйкес жаңаша білім 
беруімізді ӛркениетті дамудың ӛзі талап етіп отыр. Сондықтан да бүгінгі таңда жалпы 12 жылдық білім 
беру жүйесіне кӛшумен жеке тұлғаның бойында мәдени, рухани құндылық қасиеттерін қалыптастыра 
оқытумен қоса тәрбие де аса маңызды орын алады. Жеке тұлғаның бойында мәдени құндылық қасиеттерін 
қалыптастыруда оқыту мен тәрбиенің теориясы мен практикасын ұштастыра отырып жүргізу қамтамасыз 
етілуі керек. 12 жылдық оқу мерзіміне кӛшу жауапты жұмыс екені даусыз. Оны жүзеге асыру арқылы 
білім беру жүйесі жалпы әлемдік білім аймағына ене алады. Осындай деңгейде болу ұрпағымыздың
жер шарының кез-келген жеріне барып таңдаған, қалаған мамандығын игеруіне мүмкіндік 
береді.
Оқушылардың оқудағы белсенділігі оқуға қажетті білім, білік, дағдыны саналы меңгеруінен, оны 
тәжірибеде пайдалана алуынан кӛрінеді. Ол оқу үрдісінің барлық кезеңіне қажет. Оқу тапсырмаларын 
орындау нәтижес ішкі белсенділікке байланысты. Ішкі белсенділікке оқушының белсенді түрде ойлау 
әрекеті жатады. Адамның қандай да болмасын әрекеті белгілі бір қажеттіліктерден туындайтыны 
баршамызға белгілі. Негізгі құзіреттіліктер түріндегі күтілетін кейбір нәтижелерге тоқталуды жӛн кӛрдік. 
Олар оқушыларды ӛз бетінше талдауға, ӛз қызметіне мақсат қоюға, жоспарлауға, жинақтауға, 
қорытындылауға, салыстыра дәлелдеуге, сыни тұрғыдан шешім қабылдауға, қарым-қатынас диалогына 
қатысуға, баламалы ӛзін-ӛзі бағалауға, ӛзін-ӛзі реттеуге, ӛзін-ӛзі түсінуге, ӛз әрекетінің әлсіз және күшті 
жақтарын кӛрсете білуге, ақпаратты сұрақ қоя отырып жауап алуға, нені меңгергенін, нені меңгермегенін 
анықтауға, ӛз білімін ӛзгермелі жағдайларда қолдана білуге үйрету. Бұл үшін ең біріншіден оқушыларға 
білім беретін оқулығымызға байланысты деп ойлаймын. 


93 
Кӛрнекті психолог - ғалым Д.Б.Элькониннің оқу әрекеті баланың психикалық дамуын 
шапшаңдататын жетекші әрекет болуымен қатар, қарқынды жаңа ӛзгерістер кіші мектеп жасындағы 
кезеңге тән деген тұжырымын әр уақытта есте сақтаған жӛн. Сондай-ақ , оқу әрекетінің басқа әрекеттерге 
де ықпалы зор. Демек, бастауыш сынып мұғалімдерінің негізгі міндениеттерінің бірі – оқу әрекетін 
оқушыларға игерту. Оқу әрекетінің ӛзіне тән ерекшеліктері мен бағытының дамуына кем дегенде тӛрт 
жағдай ықпал етеді. Олар: біріншіден, ғылымның даму деңгейі; екіншіден, қоғамның ӛскелең талабының 
оқушыларға ғылыми білім беруді қажетсінуі; үшіншіден, нақтылы қоғамның материалдық мүмкіншілігі; 
тӛртіншіден, психология-педагогика ғылымының даму деңгейі. Олай болса, біздің әлемнің бәсекеге 
барынша қабілетті елу елінің қоғамдастығына кіруге дайындық барысында оқушыларға нені, неге, қашан, 
қайда және қалай үйрету негізгі мәселе болып отыр.
Қазіргі ӛзекті мәселелердің бірі - ӛзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда ӛмір сүруге 
дайын ғана емес, айналасындағы шынайы ӛмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете 
алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға 
қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, әлеуметтілік 
жауапкершілік, ой - ӛрісінің кеңдігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылық, танымдық әрекетке 
қызығушылығының басымдығы. Осыған байланысты оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыру қажеттілігі 
туындайды. Білім алу, іскерлік пен дағдының қалыптасуы тек ғана болады деп бір жақты түсінуге 
болмайды. Ол басқа әрекеттерге де тән, бірақ олар ӛте баяу жүреді, ұзақ уақытты талап етеді.
12 жылдық орта білім берудің құрылымдық-мазмұндық моделі тӛмендегі ұстанымдар негізінде 
ұйымдастырылады: жеке тұлғаның жас және жеке ерекшеліктерінің басты назарда болуы; жеке тұлғаның 
жас кезеңдерінің ескерілуі; күтілетін нәтижелердің оқушы жетістіктеріне бағыттылығы; оқытудың 
сабақтастығы; әрбір оқыту сатысының даралығы.
Оқушының оқу әрекетіндегі ӛзін-ӛзі басқару мен басқаруды ұйымдастыру, оқыту процесін 
моделдеудің педагогикалық-психологиялық және дидактикалық мәселелері бойынша бірқатар 
ғалымдардың еңбектерінде (Ю.К.Бабанский, А.А.Вербицкий, Ю.Н.Кулюткин, М.И.Махмутов, 
В.В.Сериков, Г.С.Сухобская, Т.И.Шамова, И.С.Якиманский т.б.) жан-жақты талқыланып келді. 
Оқушылардың ӛзіндік жұмысы, ӛздігінен білім алу әрекеті жайлы Т.С.Сабыров, А.Е.Әбілқасымова, 
А.Х.Аренова, С.Смаилов, М.А.Құдайқұлов еңбектерінде сӛз қозғалған. Ӛзіндік жұмыстар оқушылардың 
ақыл-ой еңбегінің жоғары сатыда болуын қамтамасыз етіп, біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру 
нәтижесінде, оқу үрдісінде жоғары нәтижелерге жетуге кӛмектеседі. Сонымен қоса оқушылардың 
бойында ұйымдастырушылық, тәртіптілік, еркіндік, мақсаткерлік, ізденімпаздық, белсенділік қасиеттерін 
дамытады.
12 жылдық орта мектеп оқушысы нарықтық қатынастар мен ақпараттық қоғамның ӛзгермелі 
жағдайларына анағұрлым дұрыс бейімделген, жүйелі білім негіздерін практикалық іс-әрекеттерге 
ұштастыра білетін, функционалды сауатты, ӛмірлік қажетті дағдылары мен кең спектрлі компетенциялары 
қалыптасқан, ӛзін-ӛзі дамытуға, ӛз бетінше табысты ӛмір сүруге, ӛзіне және қоғамға пайдалы қызмет 
атқаруға лайықты тұлға болуы тиіс. Орта мектептің 11-12 сыныптарында бейінді (профильді) оқудан 
ӛткен мектеп түлектері қазіргі мектеп түлектерімен салыстырғанда ӛз мамандықтарын, ӛмір жолдарын 
таңдауға және оны тез, табысты меңгеруге әлдеқайда жақсы әзірлікте болмақшы. Бұл – қазіргі тез дамып, 
тез ӛзгеріп отырған, талғамы мол уақыт талабы. 
12 жылдық білім мазмұнының негізгі ӛзегі – қарқынды дамып келе жатқан ӛзгермелі қоғамда ӛмір 
сүруге икемді, жеке басының, сондай-ақ, қоғам пайдасына қарай ӛзін-ӛзі толық жүзеге асыруға дайын 
білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту 
болып табылады.
Білім алушы білім алудың белгілі бір сатысымен (мектеп немесе жоғары оқу орнымен) шектелмейді.
Бүгінгі таңда, демек, болашақта да білім қажеттілігі адамның белсенді ӛмірін қамтиды. Сондықтан 
жастардың бүгінгі білімі – болашақта ӛз білімін жетілдірудің және ӛз бетімен білім алуларының тек қана 
негізі. Мұнан шығатын қорытынды оқушыларды үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын 
іздестіру ӛзекті мәселелердің бірі екендігі сӛзсіз. Қазіргі уақытта білім берудің алғашқы парақтарында 
«адам проблемасы» ӛзекті мәселелердің біріне айналып, «адам проблемасы» қазіргі ғылымда білім беру 
саласында толығымен зерттеуді қажет ете бастады. Білім берудің мақсатында – адамның ӛмір сүру 
ортасының мағынасы мен бейнесіне сәйкес, тұлғаны қалыптастыруға назар аударылуда.
Білім беру саласының проблемаларының болжамдарында,әзірленген білім беру жүйесінің кӛмегімен 
– биосфералық, адамдағы ізгілікті, жоғары биологиялық және әлеуметтік сапаларды жасай, қазіргі заман 
талабына сәйкес білім беру қарастырылған. Қазіргі заманғы тұлға кеңейген әлеуметтік кеңістікте , ішкі 
икемділігі мен түрлі мүдделерін кӛрсете, ӛзін жетілдіруге ұмтыла, адамзат тұрмысының маңызын сезінуге 
бағдарлану керек. Орыстың ұлы педагогы В.А.Сухомлинский мектептің басты міндеті - әрбір адамның 
дарындылығын ашу, оны толыққанды шығармашылық, интеллектуалдық еңбек жолын бағдарлау. Әрбір 


94 
оқушының қайталанбас дарынын дӛп басып табу, аша түсу, қастерлеу бұл – тұлғаны адамзат қадір-
қасиетінің ӛркендеуінің жоғары деңгейіне дейін кӛтеру деген сӛз деп атап кӛрсетеді.
12 жылдық мектеп оқушысы ӛзіндік санасы мен ӛзіндік танымы бар, ӛз бетімен білім ала алатын,
коммуникативті құзіретті тәрізді тұлғалық сапалары жоғары болуы қажет деген тұжырым жасауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет