Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет10/388
Дата05.12.2022
өлшемі6,31 Mb.
#161212
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   388
Байланысты:
ДТН Сагиндыкова

Фармакологиялық құрал
– клиникалық сынақ объектілері болып 
табылатын арнайы фармакологиялық белсенділігі анықталған биологиялық 
белсенді зат немесе биологиялық белсенді заттар қоспасы. 
Фармакопеялық мақала
– дәрілік құралдарға, олардың көрсеткіштеріне 
және оларды анықтау әдістеріне қойылатын талаптар жиынтығын белгілейтін 
құжат. 
Уақытша Фармакопеялық мақала
– шектеулі мерзімге бекітілген 
фармакопеялық мақала. 
Фармацевтік қызмет
– дәрілік құралдардың қауіпсіздігін, тиімділігін 
және сапасының қамтамасыз етілуін, дәрілік құралдардың дайындалуын
таратылуын және жойылуын қамтитын денсаулық сақтау саласында 
орындалатын қызмет. 
Экстемпоралды дәрілік құрал
– жеке дайындалатын дәрілік құрал. 
Дәріханаішілік дайындама
– майда (аз) сериямен дайындалған дәрілік 
құралдар. 
Дәрілік зат –
жеке химиялық зат немесе биологиялық белсенді қосылыс 
түріндегі дәрілік құрал. 
Дәрілік комплекс
– дәрілік заттардың жасанды немесе табиғи қоспасы, 
сонымен бірге биологиялық мүшелер мен жүйелердің жеке элементтері 
түріндегі дәрілік құрал. 
Дәрілік түрдің жартылай фабрикаты
– белгіленуі бойынша қолдану 
үшін жарамды, соңғы дәрілік түр алу мақсатында тұтынушы немесе 


12 
медициналық персоналдың қосымша технологиялық операцияларын (еріту, 
араластыру және т.б.) жүргізуді талап ететін дайын дәрілік құралдың дәрілік 
түрі. 
Әсер етуші зат –
терапевтиклық, профилактикалық немесе 
диагностикалық әсер көрсететін, фармакологиялық немесе дәрілік құрал 
компоненті болып табылатын зат. 
Шикізат –
орамдаушы және маркалаушы материалдарды есептемегенде, 
дайын өнім алу үшін қажетті бастапқы заттар және материалдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   388




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет