Технологиясы:
Алдымен крахмал шырышы дайындалады. Термиялық
тұрақты колбаға 90 мл су алып, қайнағанша қыздырады. Қайнаған суға
крахмалдың суық сумен қоспасын енгізіп, 1-2 минут бойы қайнатады. Дайын
ерітіндіні 2 қабат дәке арқылы босататын құтыға сүзеді, тарирлейді, салмағын
100,0 г дейін сумен жеткізеді.
Келіге 5,0 г ақ балшықты салып, 2,5 г крахмал шырышымен (Дерягин
ережесіне сәйкес) ысқылайды, содан соң бөлшектеп шырыштың қалған мөлшерін
қосады. Дайын суспензияны босататын тарирленген құтыға құйып, салмағын
105,0 г дейін сумен жеткізеді. Тығындап, босатуға безендіреді. Негізгі этикетка
«Ішуге», ескерту этикеткасы «Қолданар алдында шайқа» (ҚР ДСӘД министрінің
2015 жылғы 16 сәуірдегі № 227 «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы таңбалау қағидаларын бекіту»
бұйрығы талаптарына сәйкес).
Гидрофобты заттар
- беті сумен қиын шыланатын заттар. Олар:
гидрофобты қасиеттері айқын байқалатын және айқын байқалмайтын болып екі
топқа бөлінеді.
Гидрофобты заттармен суспензиялар дайындаған кезде тұрақтандырғыштар
қосады - желатоза (Gelatosae), өрік шайыры (Gummі armenіacae), аравия шайыры
(Gummі
arabіca).
Ал декстрин, крахмал шырышы, метилцеллюлоза,
карбоксиметилцеллюлозаның натрий тұзы, поливинилпирролидон сирек
қолданылады.
Гидрофобты қасиеті айқын байқалмайтын заттарға:
терпингидрат,
бензонафтол,
фенилсалицилат,
сульфодиметоксин,
сульфомонометоксин,
сульфадимезин жатады. Бұл препараттармен суспензия дайындаған кезде 1,0 г
препаратқа: 0,25 г өрік шайыры, 0,5 г аравия шайыры немесе желатоза қосылады.
245
Rp.:
Terpіnі hydratі 3,0
Natrіі hydrocarbonatіs 1,5
Aquae purіfіcatae 150 ml
M.D.S.
1 шай қасықтан күніне 4 рет
Есептеу:
Құрғақ заттың концентрациясы
3,0 + 1,5 = 4,5
4,5 – 150
х – 100
х = 3% құрғақ заттың мөлшері 3%
Салмақпен босатылады m
ж.
=3,0 + 1,5 + 150 =154,5
Терпингидрат
гидрофобты
қасиеті
айқын
байқалмайтын
зат.
Тұрақтандырғыш қосып дайындалады.
Тұрақтандырғыш - желатоза мөлшерін есептеу:
1 - 0,5
3 – х
х = 1, 5 г желатоза
Б.П.
Terpіnі hydratі 3,0
Gelatosae 1,5
Natrіі hydrocarbonatіs 1,5
Aquae purіfіcatae 150 ml
m
ж.
= 154,5
Достарыңызбен бөлісу: |