251
Құрғақ қалдық
. Суспензияны дозалаудың
дәлдігін тексеру мақсатында
анықтайды. Суспензияның қажетті мөлшерін өлшеп алып,
кептіреді содан соң
құрғақ қалдықтың салмағы анықтайды.
Жалпы мөлшеріндегі ауытқулар қатты фазаның мөлшеріне байланысты
анықталады.
Суспензиялардың теориялық негіздері - суспензиялық линименттер,
жағар майлар, суппозиторийлер технологиясында қолданылады.
Технологиясында
Дерягин ережесі қолданылады, ал лайлау тәсілі
қолданылмайды. Себебі қолданылатын негіз тұтқыр немесе тығыз зат, олар
суспензия тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Дәріханада суспензия технологиясын жетілдіру
-
кіші механизация құралдар, майдалағыштар (электрлік араластырғыштар)
енгізу, өнімділігі
төмен қол енбегін жеңілдету, суспензия сапасын
жақсарту;
-
тұрақтандырғыштар
ассортиментін
кеңейту.
Дәрілік
заттардың
тұрақтылығын жоғарлату;
-
суспензиялар сапасын бағалауға инструменталды әдістер енгізу.
Дисперстік фазаның бөлшектерінің мөлшерін микроскоп көмегімен (МФ
ГДР) анықтау;
-
суспензиялық дәрілік түрдің перспективті дамуы «құрғақ суспензия»
дайындау
болып табылады, ол - дәрілік заттар мен тұрақтандырғыштар
қоспасы, кейде
оған консерванттар қосылады, көбінесе түйіршіктер
түрінде дайындалады. Қолданар алдында құрғақ суспензияларға
тазартылған су қосылады. Құрғақ суспензиялар
тасымалдауға ыңғайлы
және ұзақ уақыт сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: