252
3.10 Эмульсиялар – Emulsa
Ішуге арналған эмульсиялар -
Emulsa ad usum іnternum
. Дисперстік фазасы
және дисперстік ортасы бір бірінде ерімейтін немесе аз еритін сұйықтықтардан
тұратын микрогетерогенді жүйені эмульсия деп атайды. Бөлшектерінің өлшемі
1мкм 50 мкм дейінгі аралықта болады. Ішуге арналған эмульсиялар официналды
дәрілік түр. КСРО МФ ХІ басылымына (2 т.) «Эмульсии»
топтық мақаласы
енгізілген.
КСРО МФ ХІ басылымында эмульсияларға келесі анықтама беріледі:
эмульсиялар - бір бірінде ерімейтін майда дисперсті жүйеден тұратын ішуге,
сырт тәнге және парентеральды қолдануға арналған сыртқы түрі
бойынша
біртекті дәрілік түр. ҚР МФ I т., 500 б. «Оральдік қолданылатын сұйық дәрі-
дәрмектер» мақаласында эмульсияларға смпаттама берілген.
Дисперстік
фазаны
түзетін
сұйықтықтың
табиғаты
бойынша
эмульсияларды екі типке бөлуге болады:
1.
Егер
дисперстік фазасы май болса, ал дисперстік ортасы су болса, онда
эмульсия
бірінші типті, яғни судағы май (М/С) типіне жатады. М/С типті
эмульсия ішуге қолдануға белгіленеді.
2.
Егер дисперстік фазасы су, ал дисперстік ортасы май болса,
онда эмульсия
екінші типті, яғни майдағы су (С/М) типіне жатады. Эмульсияның С/М типі
сырт тәнге қолдануға белгіленеді.
Суретте эмульсияның типтері көрсетілген, сулы
бөлігі штрихпен боялған
(сурет 35).
Достарыңызбен бөлісу: