316
m
ж
= 0,2+3,0+10,0=13,2
Ланолин
30 – 100
х – 3 х = 0,9 мл су
70 – 100
х – 3 х = 2,1 г сусыз ланолин
БП
Сollargolі 0,2
Aquae purіfіcatae 0,9 ml (18 gtt.)
Lanolіnі anhydrіcі 2,1
Vaselіnі 10,0
m
ж
= 13,2
Технологиясы
: Келіге 0,2 колларголды салып, оған 18 тамшы су қосып,
ерігенше араластырады, 2,1 г сусыз ланолинды қосып, ерітіндіні эмульгирлейді,
10,0 вазелин қосып, араластырады және босататын
құтыға ауыстырып салып,
безендіреді. Негізгі этикетка «Сырт тәнге», ескерту этикеткалары «Салқын
жерде сақта», «Балалардан сақта».
Официналды эмульсиялық жағармайлар: амиказол жағармайы, (МФ Х, 53
мақала) сынаптың сұр жағармайы (МФ Х, 724 мақала), калий йодид жағармайы
(МФ Х, 727 мақала), ихтиол жағармайы (МФ Х, 726 мақала).
Аралас жағармайлар.
Аралас жағармайларға құрамына бір мезетте
физика-химиялық қасиеттері әр түрлі дәрілік заттар
кіретін көп компонентті
күрделі жүйелер жатады.
Дәрілік заттар сұйық ингредиенттер, қатты, олардың
кейбіреулері негізде
еритін, басқалары - суда, үшіншілері суда да, негізде де ерімейтін болуы мүмкін.
Аралас жағармайларды дайындағанда жәй дисперсті жүйелі жағармайларда
қолданылатын ережелер және сатылар қолданылады.
Rp.: Novocaіnі 0,3
Dermatolі 3,0
Іchthyolі 1,0
Lanolіnі 5,0
Vaselіnі 20,0
Mіsce fіat unquentum
Da. Sіgna.
Зақымдалған теріге жағуға
Рецептіде физика-химиялық қасиеттері әр түрлі
дәрілік заттар жазылған
новокаин суда ериді, дерматол суда да, негізде де ерімейді,
ихтиол негізбен
араласады. Новокаинді еріту үшін сулы ланолин құрамындағы су алынады.
Есептеу:
m
ж
= 0,3 + 3,0 + 1,0 + 5,0 +20,0 = 29,3
30,0 су - 100 г сулы ланолин
х - 5,0 х = 1,5 мл су
5 - 1,5 = 3,5 сусыз ланолин