78
белгілі бір дәрежеде дәрілік заттардың фармакологиялық белсенділігіне әсер
етуі мүмкін: дәрілік заттардың әсерін күшейтуі немесе төмендетуі, әртүрлі
себептер салдарынан әсер ету сипатын өзгертуі, атап айтқанда, комплекс түзу,
молекулярлық реакциялар, интерференциялар және т.б.
Қосымша
заттар
дәрілік
түрлерден
дәрілік
құралдардың
резорбциялануына әсер етеді, оны күшейтеді немесе баяулатады,
демек
қосымша
заттарды
қолдану
арқылы
дәрілік
құралдардың
фармакодинамикасын реттеуге болады.
Қосымша заттар дәрілік құралдардың тек қана терапевтік тиімділігіне
ғана емес, сонымен бірге, дайындау және сақтау процесіндегі дәрілік түрдің
физика-химиялық сипаттамасына да әсерін тигізеді. Әртүрлі тұрақтандырғыш
құралдарды қосу дәрілік препараттардың ұзақ мерзімде сақталу кезіндегі
жоғары әсерлігін қамтамасыз етеді.
Қосымша заттар барлық дәрілік түрлердің міндетті түрдегі
ингредиенттері болып табылады және қолданған кезде ағзаның мүшелерімен,
ұлпаларымен контактіге түседі, сондықтан,
оларға белгілі бір талаптар
қойылады:
1)
дәрілік препараттың медициналық белгіленуіне сәйкес болуы, яғни,
дәрілік құралдың сәйкес фармакологиялық әсер көрсетуін қамтамасыз
етуі, дәрілік құралдың биологиялық тиімділігіне әсер етпеуі және
өзгертпеуі тиіс;
2)
қолданылатын қосымша заттардың мөлшерлері
биологиялық зиянсыз
және ағза ұлпаларымен биологиялық сыйымды болуы және аллергиялық,
улы әсер көрсетпеуі қажет;
3)
қосымша заттар дәрілік түрге талап етілетін қасиеттер беруі тиіс:
құрылыстық-механикалық, физика-химиялық. Қосымша заттар дәрілік
препараттардың органолептикалық қасиеттеріне кері әсерін тигізбеуі
керек (иісі, дәмі, түсі және т.б.);
4)
дәрілік препараттарды дайындау және
сақтау процесінде дәрілік
құралдармен, орамдаушы және тығындаушы құралдармен, сонымен бірге,
технологиялық қондырғы материалдарымен химиялық немесе физика-
химиялық әрекеттесуінің болмауы. Әртүрлі әрекеттесулер салдарынан
дәрілік препараттың әсерінің төмендеуі,
жеке жағдайларда улы
қасиеттерінің пайда болуы да мүмкін;
5)
қосымша заттар дәрілік препараттардың микробтық ластануының негізгі
көзі
болып
табылатындықтан,
дайындалатын
препараттың
микробиологиялық тазалығының дәрежесіне байланысты, жіберілуі
шектеулі микробтық контаминация талаптарына
сәйкес болуы және
стерильдеу мүмкіндігі болуы қажет;
6)
экономикалық тиімді және отандық өндіріспен қамтамасыз етілуі керек.
Тамақ өнеркәсібінде және халық шаруашылығының басқа да салаларында
қолданылатын құралдар тізімін қысқарту қажет.
Достарыңызбен бөлісу: