Сұйық дәрілік түрлердің кемшіліктері: -
олардың сыртқы орта факторларының (ауадағы бос оттегіннің, жарықтың,
температура өзгеруінің) әсеріне тұрақтылығы төмен;
-
олар микроорганизмдердің өсуіне және көбеюіне қолайлы орта болып
саналады, сондықтан, сұйық дәрілік түрлердің сақтау мерзімі қысқа;
-
тасымалдауға ықшамды емес;
-
дозалануы дәл емес.
ҚР МФ «Оральдік қолданылатын сұйық дәрі-дәрмектер» топтық мақаласы
енгізілген (ҚР МФ т.1, 500 б.). Оральдік қолданылатын сұйық дәрі-дәрмектер
әдетте, құрамында бір немесе одан да көп әсер етуші заттары бар сәйкес
еріткіштегі ерітінділер, яғни эмульсиялар немесе суспензиялар болып келеді.
Кейбір оральдік қолданылатын сұйық дәрі-дәрмектер тек сұйық әсер етуші
заттардан ғана тұруы мүмкін (оральдік сұйықтықтар).
Кейбір оральдік қолданылатын дәрі-дәрмектерді сұйық концентраттарды
сұйылту арқылы немесе оральдік ерітінділер немесе суспензияларды дайындауға
арналған түйіршіктер немесе ұнтақтардан, оральдік тамшылар немесе
шырындарды сәйкес еріткіш көмегімен дайындайды.
Оральдік қолданылатын сұйық дәрі-дәрмектер ҚР МФ келтірілген жіктелуі:
-
оральдік ерітінділер, эмульсиялар және суспензиялар;
-
оральдік ерітінділер және суспензияларды дайындауға арналған түйіршіктер
мен ұнтақтар;
-
оральдік тамшылар;
-
оральдік тамшылар дайындауға арналған ұнтақтар;
-
шырындар;
-
шырындар дайындауға арналған түйіршіктер мен ұнтақтар.
Сұйық дәрілік түрлердің жіктелуі Сұйық дәрілік түрлердің келесі белгілері бойынша бірнеше топқа жіктеледі:
147
-
қолдану тәсілі бойынша;
-
дисперсті фазаның ұнтақталу дәрежесі және оның дисперстік ортамен
байланысы бойынша;
-
еріткіштің құрамы мен табиғаты бойынша.