Сұйық дәрілік түрлердің қолдану тәсілі бойынша жіктелуі 1.
Ішуге қолданылатын дәрілер –
Medіcamentum ad usum іnternum. Бұл
микстуралар (Mіxturae) және тамшылар (Guttae).
2.
Сыртқа қолданылатын дәрілер – Medіcamentum ad usum externum.
3.
Шаншуға (инъекцияға) арналған дәрілер – Medіcamentum pro іnjectіonіbus.
Сұйық дәрілік түрлердің дисперсті фазаның ұнтақталу дәрежесі және оның дисперстік ортамен байланысы бойынша жіктелуі Осы белгі бойынша сұйық дәрілік түрлер келесі топтарға бөлінеді (кесте № 8):
-
нағыз ерітінділер;
-
жоғары молекулалы қосылыстардың ерітінділері (ЖМҚ);
-
коллоидты ерітінділер;
-
суспензиялар;
-
эмульсиялар;
-
күрделі жүйелер – дисперсті жүйелердің негізгі типтерінің қиыстырылуы.
Нағыз ерітінділер. Нағыз ерітінділер екі дисперсті жүйеде болады:
-
молекулалы-дисперсті жүйелер, олардың бөлшектерінің өлшемі 1 нм-ден кіші.
Бұлар электролит емес заттардың ерітінділері (қанттың сулы ерітіндісі,
спирттің сулы ерітіндісі);
-
ионды-дисперсті жүйелер, олардың бөлшектерінің өлшемдері 0,1 нм-ге жақын
болады. Олар электролит ерітінділері (натрий хлоридінің, магний
сульфатының ерітінділері).
Ерітілетін заттың агрегаттық күйіне байланысты нағыз ерітінділер:
- қатты заттардың ерітінділері;
- сұйық заттардың ерітінділері;
- газ тәрізді заттардың ерітінділері болып бөлінеді.
Кесте 8
Сұйық дәрілік түрлердің дисперстік жүйеге байланысты жіктелуі Жүйелердің
сипаттамасы
Дисперстік фаза Дисперстік
фаза
бөлшегінің
өлшемі
Дәрілік түрлердің
мысалдары
Төмен
молекулалы
қосылыстардың
нағыз ерітінділері
Иондар,
молекулалар
1 нм
Глюкоза, натрий
хлориді, магний
сульфаты
ерітінділері
ЖМҚ нағыз
ерітінділері
Молекулалар
1-100 нм
Пепсин, желатин
ерітінділері
Коллоидты
ерітінділер
Мицеллалар
1-100 нм
Колларгол,
протаргол
ерітінділері
148
Суспензиялар
Қатты заттардың
бөлшектері
0,1-50 мкм Күкірт, магний
тотығы
суспензиялары
Эмульсиялар
Сұйықтықтардың
бөлшектері
1-150 мкм
Майсана, шабдалы
майларының
эмульсиялары
Күрделі жүйелер
Тұнбалар,
қайнатпалар