154
Су жинағыштар сыйымдылығы 6, 16, 40, 100 және 250 л көлемінде
шығарылады. Жинағыштар су өлшейтін түтікшемен және ағызатын кранмен
жабдықталады. Корпустың үстінгі жағында ішкі бетін тазалауға және
санитарлық өңдеуге арналған люк бар. Люк
ауа өткізетін фильтрі бар
қақпақпен жабылады. Қабылдағыштар аквадистилляторға штуцер (17) (25
және 26 суреттерді қара) арқылы қосылады. Оларды, жұмыс орнына су
өздігінен ағып түсуге мүмкіндік жасайтын, қондырғыларда орналастырады.
Су қабылдағыштарды айына 1-2 рет жуғыш құралдармен тазалау керек.
Аз мөлшерде суды химиялық тұрақты шыныдан
жасалған баллондарда
сақтайды. Осы баллондарда суды шаңнан және микробтардан сақтау үшін, екі
тесігі бар резенке тығынмен немесе полимерлі қақпақпен тығыз жабады, ал
тесіктерге шыны түтіктерді кіргізеді: біреуі дистилденген судың келіп түсуіне
арналған; ішіне стерильді мақта тампоны салынған екінші түтік сыртқы
қысыммен қатысуын қамтамасыз етеді. Осы баллондарды аквадистилляторға
шыны түтіктер көмегімен қосады.
Тазартылғаг су асептикалық жағдайда 3 тәулік бойы 19.04.15 жылы
шыққан ҚР Ұлттық экономика министрінің № 232
бұйрығы талаптарына
сәйкес сақтлады.
Судың әр сериясы НҚ талаптарына сай тексеріледі. Тазартылған су
химиялық және бактериологиялық бақылаудан өтеді. Күнделікті әр
баллондағы су хлоридтердің, сульфаттардың
және кальций тұздарының
жоқтығына сапалық талдаудан өтеді. Тоқсанына бір рет су бақылау
лабораториясында толық химиялық талдаудан,
тоқсанына екі рет
бактериологиялық талдаудан өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: