ДЭ-1 дистилляторы. Дәріханада үздіксіз жұмыс істейтін аквадистилляторлар
қолданылады: ДЭ-1, ДЭ-25 және басқалар.
Аппарат жұмыс істеген уақытта ниппель (12) арқылы өтетін судың ағыны
үздіксіз болуы керек. Аппараттың жұмысын тоқтату үшін, ең алдымен аппарат
электр желісінен өшіріледі. Содан соң аппаратқа судың келуін тоқтатады.
Буландырғыштағы суды тетіктегі (11) кран (10) арқылы сыртқа шығарады.
Аппараттың өнімділігі сағатына 4-5 л тазартылған су.
Аквадистиллятор ДЭ-25 (сурет 25) тазартылған су алу үшін дәріханаларда
кеңінен қолданылады. Оның өнімділігі 25 л/сағ.
Аппараттың негізгі бөлімдері, буды сепарациялауға арналған тойтарыс
экрандары бар буландырғыш камера (11), конденсатор (10), электр қыздырғыш
(13), теңестіргіш (19), судың деңгейін көрсететін қондырғы (12), вентиль (14),
бастапқы судың артық мөлшерін ағызып жіберетін кран (4), сымтетік пен электр
- реле, станина (18), люктың қақпағы (7), тазартылған суды жинағышқа
жіберетін ниппель (1). Сапасы жоғары тазартылған су алу үшін
аквадистиллятордың ішіне сепараторлар (9) орналастырылады, олар бумен бірге
көтерілетін тамшылалардағы қоспалардың тазартылған суға түсуіне кедергі
болады.
Электр-қыздырғыш (13) буландырғыш камерада (11) орналасады. Жұмыс
алдында вентиль арқылы құбырмен үздіксіз келетін су, буландырғыш камераны
бекітілген деңгейге дейін толтырады. Жұмыс кезінде су, буландырғыш камераға
бөлшектеп түседі, оның артық мөлшері штуцерден канализацияға теңестіргіш
арқылы әрі қарай ағызылады. Теңестіргіш буландырғыш камерамен
байланыстырылған, ол камерада судың қажетті деңгейін ұстап тұрады. Аппарат
153
автоматты қондырғымен, судың деңгейі жіберілетін деңгейден төмен болған
жағдайда, электр қыздырғыштардың күйіп кетуінен сақтайтын, су деңгейі
көрсеткішімен қамтамасыз етіледі.
Сурет 25.