146
ТАРАУ 3. СҰЙЫҚ ДӘРІЛІК ТҮРЛЕР
3.1 Сұйық дәрілік түрлердің жалпы сипаттамасы және жіктелуі
Сұйық дәрілік түрлер – суда, спиртте, майда және басқа еріткіштерде дәрілік
заттарды араластыру немесе еріту арқылы алынатын дәрілік түр.
Дисперсологиялық жіктелуі бойынша сұйық дәрілік түрлер еркін дисперстік
жүйеге жатады. Бұл түрде дәрілік зат барлық үш агрегаттық: қатты, сұйық, газ
тәрізді күйде бола алады. Сұйық дәрілік түрлер
дәріхананың жалпы
экстемпоральды рецептурасының шамамен 50% құрайды.
Сұйық дәрілік түрлердің артықшылықтары:
-
ағзаға тез сіңірілетін болғандықтан, олар терапевтік әсерді тез көрсетеді;
-
кейбір
препараттарды, мысалы, бромидтерді тек сұйық дәрілік түр
ретінде
босату керек, себебі, бромидтер ұнтақ түрінде
асқазанның шырышты
қабатында жоғары концентрация түзіп, тітіркендіргіш әсер көрсетеді;
-
қолдануы қарапайым және қолайлы;
-
ащы дәмді дәрілік заттардың дәмін жасыруға болады;
-
технологиясы қиын емес.
Достарыңызбен бөлісу: