Сборник республиканских Педагогических чтений для педагогов в сфере дошкольного образования



Pdf көрінісі
бет4/50
Дата06.12.2022
өлшемі3,05 Mb.
#161640
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
Sbornik 241221

Мақсаты: 
«Даналық» үстел үсті ойынымен таныстыра отырып, ойын 
шартын бұзбай ойнауға үйрету. Қазақтың ұлттық ойындары арқылы 
балаларды қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпын сақтауға тәрбиелеу. Мектеп 
жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігін дамытудағы ұлттық 
ойындарды ойнай отырып, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттырып салт-
дәстүрлерді сақтай білуге ынталандыру. Ойынды ойнау барысында көру 
арқылы балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, тілін ұстарту, 
сөздік қорын кеңейту, ұсақ қол моторикасын дамыту.
Ойын барысы: 
Тәрбиеші ойыншылардың біреуін ойын бастаушы етіп 
белгілейді. Ойында шеңбер бойында балалар тізбектеліп отырады. Бастаушы 
бала сан берілген текшені иіреді, түскен санды көріп, арнайы жүру белгісімен 
белгіленген санға байланысты жүреді. Тоқтаған жерінен картотеканы ашып ол 
суретте не бейнеленгенін түсіндіріп айтып береді (ұлттық ойын түрі, ұлттық 
тағам, ұлттық киім, салт дәстүріміз бейнеленеді). Дұрыс жауабын тауып 
айтқан бала оюлы жетонға ие болады. Ойын соңында кімде көп жетон болса, 
сол бала жеңімпаз атанады. Ойынды ойнау барысында баланың жас ерекшелігі 
ескеріледі.



Ұлттық «Даналық» үстел-үсті ойын құралдарынан мектепке дейінгі 
балалардың 
танымдық 
құзыреттіліктерін 
дамыту 
мақсатында 
ұйымдастырылған дидактикалық ойындар арқылы балалардың топтастыру, 
беттестіру, құрастыру қабілеттерін дамытуға болады.
Бұл ойынды басқа да тәрбие құралдары ретінде бала тәрбиесінде кеңінен 
қолдануға болады. Оның теориялық және тәжірибелік бағыттары негізге 
алынып ойынның жүру барысы түзіледі. Осы ойын негізінде педагогикалық 
жұмыстардың қағидалары мен әдістемелері жасалады. 
Осы ойынды өз тәжірибемде тәрбие құралы ретінде қолданамын. Бұл 
ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттаудың бірден-бір тиімді жолы және 
ұлтымыздың асыл қазынасы болған ұлттық ойындарымызды ұрпақтан-
ұрпаққа жетуін қамтамасыз ету болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет