Сборник республиканских Педагогических чтений для педагогов в сфере дошкольного образования



Pdf көрінісі
бет14/50
Дата06.12.2022
өлшемі3,05 Mb.
#161640
түріСборник
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   50
Байланысты:
Sbornik 241221

Әдебиеттер
1. Республикалық ғылыми-әдістемелік «Бала мен балабақша» журналы 
2018ж №9 
2. Көмекбаева С.О Қазіргі кездің білім беру мазмұнын қалыптастыру 
мәселелері-2009ж. 
 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДА
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
ИДЕЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ
 
Сейітова Алтын Талиевна
«Ақ қайың» бөбекжай- 
бақшасының меңгерушісі 
СҚО, Петропавл қаласы 
 
Ажданова Роза Маратовна
«Ақ қайың» бөбекжай-бақшасы
қазақ тілі мұғалімі 
СҚО, Петропавл қаласы
 
Шыр етіп дүние есігін ашқан сәби алдымен ананың ақ сүтінен нәр алып, 
ата-әженің құшағында еркелеп өседі. Кейіннен жеке тұлға ретінде қалыптаса 
бастағанда балабақшаға барып, мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленіп, 
мектепке негізгі дағдылары қалыптасып барады. Сондықтан баланың тәрбиелі 
болып өсуі – тікелей ата-анаға, одан кейін мектепке дейінгі ұйым 
педагогтерінен бастау алады. Ал педагогтер алдында отырған балаларға білім 
мен тәрбие нәрін толық сіңіру үшін ең алдымен өзі білімді, жан-жақты болуы 
абзал. Қараңғылыққа жарық сәуле түсірген тұңғыш педагог Ыбырай 
Алтынсариннің еңбектері бүгінгі педагогтердің басты қарулары болуы керек. 
Оның мына өлең жолдары балаларды білімге, оқуға деген ынтасын 
арттырудың бүгінгі ұраны іспеттес. 
Кел, балалар, оқылық! 
Оқығанды көңілге 
Ықыласпен тоқылық, 
Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар, 
Тілегенің алдыңнан 
Іздемей-ақ табылар,[1,8б]- 


21 
демекші, жаңа оқу жылын осы қарқынмен жалғастыруды көздедік.
Ұлы ағартушы, балалар әдебиетінің негізін қалаған ұстаз шығармалары 
– бүгінгі ұрпақты тәрбиелеудің нағыз қайнар көзі. 
Иә, тәуелсіз ел болып, қанат жайып келе жатқанымызға биыл 30 жыл 
толуымен қатар, өз ұлтын ерекше сүйіп, бар өмірін ағартушылық, ұстаздық 
жолда сарп еткен Ыбырай Алтынсарин ұстазымызға да биыл 180 жыл екен. 
Ұлы даланың алып қоңырауы болған, Ыбырай атамыз қазіргі ел болашағына 
мүлтіксіз сенген. Ұрпағының көкірегі ояу, тәрбиелі, білімді, әрі саналы азамат 
болуын арман еткен. Өз елі үшін аянбай еңбек етіп, артына мол мұра 
қалдырған шығармалары бүгінгі күні ұстаздардың шамшырағы іспеттес. 
Ұлы ұстаз әр шығармасын, әр өлеңін баланың дамуы мен жас 
ерекшелігіне, қабылдау қабілетін ескере отырып, жан дүниелеріне жететіндей 
етіп жаза білген. Барлық туындысы тұнып тұрған адам болмысының 
қалыптасуына үлкен үлес қосатын тәлім тәрбие. Қазіргі бүлдіршіндер тәрбиені 
телефондағы тиктоктан емес, Ыбырай 
Алтынсарин 
жазып 
кеткен 
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет