35
Педагогикалық инновациялар тәрбие мен оқыту процесіне сай
жаңашылдықтан қалыс қалмай ұмтылсақ педагогтердің
алар асуы биік деп
ойлаймын.
https://youtube.com/shorts/HbRtQS-FllY?feature=share
Инновциялық технологиялар педагогикалық
қызмет процесінде өзінің тиімділігін дәлелдеген
білім берудің прогрессивті технологиялары мен
стереотиптік элементтерін үйлестіреді. Оқу-
әдістемелік кешен мазмұны білім беру жүйесін
жаңғыртудың ақпараттық-құқықтық негіздеріне,
мектепке дейінгі тәрбие
мен оқыту саласындағы
мектеп жасына дейінгі балаларды 12-жылдық
оқытуға көшуге дайындауға бағдарланған.
Мен өз тәжірибиемде, әсіресе ұйымдастырылған оқу қызметтерімде
шағын көркем шығарма түрлерін (әңгіме, ертегі) ақпараттық құралдармен
аннимация арқылы үйрете отырып, балалардың
шығарма мазмұнын дұрыс
түсініп, байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіріп, сөйлеудің дыбыстық
мәдениетін қалыптастырып отырдым. Сонымен қатар, грамматикалық
жағынан дұрыс байланыстырып, жүйелі әңгімелеп берулерін алға қойдым.
Мұндай аннимациялық ойын-ертегілер балалардың
сөздік қорын дамытып
қана қоймай, жаңа ақпараттық инновациялық құралдармен жұмыс істеуге ерте
жастан қалыптасуына мүмкіндік береді. Алдағы уақытта да, осы
SCRATCH
-
бағдарламасын оқу қызметтерімде кеңінен қолданамын.
ХХІ ғасырда білім берудің ұлттық жүйесін дамытудың негізгі бағыттары
тәрбие мен оқытуда инновациялық қағидалар мен тәсілдерді қолдану, білім
берудің ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуін тереңдету,
материалдық-техникалық
базаны жаңарту және кеңейту, білім беру
бағдарламалары мен қызметтерінің кең таңдауын қамтамасыз ету, білім беруді
ақпараттандыру болып табылады.
Қазіргі таңда жаңартылған оқу бағдарламасы озық технологиялардың
барлық қыр-сырларын білуге жетелейді. Заман ағымына қарай ақпараттық
технологияларды қолдану, білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық
ізденістегі педагогтің кәсіби шеберлігіне байланысты.
Өз
ісінің шебері, яғни жан-жақты жаңашыл педагог ақпараттық
технологияларды қолдана отырып, баланың білімге ықыласы мен қызығуын
арттыру мақсатында қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерін өзгертіп отыру
қажет. Тәуелсіз елдің негізгі тірегі – білімді ұрпақ. Сондықтан да жаңартылған
білім – болашақтың кепілі, заман талабы.
Достарыңызбен бөлісу: