Сборник республиканских Педагогических чтений для педагогов в сфере дошкольного образования


Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі



Pdf көрінісі
бет30/50
Дата06.12.2022
өлшемі3,05 Mb.
#161640
түріСборник
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   50
Байланысты:
Sbornik 241221

Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі 
Ыбырай Алтынсарин өз елінде екі жылдай қызмет етіп, 1859 жылы 
Орынборға тілмаш болып ауысады. Бұл кезде белгілі шығыс зерттеушісі 
ғалым-профессор В. Григорьевпен жақын танысып, оның кітапханасын 
пайдалануға мүмкіндік алады. Ыбырай оның кітапханасында әдебиет, 
тарих, философия кітаптарын, ұлы ағартушылардың еңбектерін көп оқиды. 
Өз бетімен көп ізденіп, тілмаш болуды емес, халыққа пайдалы қызмет 
істеуді алдына мақсат етіп қояды. Соның нәтижесінде алғашқы қазақ 
даласында тұңғыш мектеп ашылады. 1876 жылы Ыбырай Алтынсарин
Петербург, Қазан қалаларына барды. Орыс ағартушыларының еңбектерін 
зерттеді. Соларға еліктеп, қазақ тілінде оқу құралдарын ойлады. Сөйтіп 1876 
жылдан бастап «Қазақ хрестоматиясын» жазды. Бұл кітап ана тіліндегі 
алғашқы оқулық еді. Хрестоматияға тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын 
әңгімелері, өлеңдер мен ауыз әдебиеті үлгілерін, аударма шығармаларын 
енгізген болатын.
Мектеп ашу және бала оқыту 
Ы. Алтынсариннің өзінің ең алғаш қазақ даласындағы мектеп ашқан 
қуанышы туралы былай бөліседі: «Осы жылы (1864 жылы) қаңтардың 8-і 
күні менің көптен күткен ісім оңынан келіп, мектеп ашылды, оған 14 қазақ 
баласы кірді, бәрі де жақсы, есті балалар мен балаларды оқытуға қойға 
шапқан аш қасқырдай қызу кірістім. Бұл балалар да менің сенімімді ақтап, 
небәрі үш айдың ішінде оқи білетін және орысша, татарша жаза білетін 
болды»- деп (Н.И Ильминскийге жазған хатында) баяндады. Халық ағарту 
ісін өмірлік міндет қылып алған Ы. Алтынсарин бұл хатында қаншалықты 
қиын болса да өзінің түпкі мақсаттары мен ұлтқа қызмет қылу ұмтылысынан 
ауытқымайтынын жазды. Осы сөздер Ыбырай Алтынсариннің өмірінің 
соңына дейін алға жетелеп, ғұмырлық ұстанымына айналды. Оның өз 
жолына деген сенімімен ізденісі XX ғасырдың басында ақ жемісін берді. 
Балаларға арнайы мектеп, интернат ашу мәселелерін көтеріп, осы мақсатын 
орындады.
Ы. Алтынсарин өз өлеңдерінде балаларды оқуға, білім алуға шақырса, 
әңгімелерінде еңбекті сүюге, қадірлеуге, адамгершілікке, имандылыққа, 
адал достыққа, тазалыққа үйретеді. Осы орайда аталған мектепке дейінгі 
ұйымда өз кезегінде тәрбиеленушілерге тәрбие мен білім беруде 
Ы.Алтынсариннің балаларға жазған шығармалары кеңінен насихатталды. 
Отбасы құндылықтарының сақталуы және ата-ананың рөлі «Әке мен бала», 
«Шеше мен бала» әңгімелерінде бейнеленсе, «Жаман жолдас», «Мейірімді 
бала» шығармалары келешек ұрпақты жақсы мен жаманды айыра білуге, 


53 
баланың бойына мейірім шуағын шашуға жетелейді. «Бақша ағаштары», 
«Таза бұлақ» сынды шығармалары еңбек етуге және тазалыққа өз кезегінде 
балалардың үлкен мен кіші арасындағы ізеттілікке тәрбиелейді.
Осы тақырыптарды қамти отырып, бөбекжай-бақшада келесі 
технологияларды қолдана отырып, жұмыс жүйесі жолға қойылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет