51
ДАЛАНЫҢ АЛЫП ҚОҢЫРАУЫ
Досмуханбетова Акбота Алимбердиевна
«Балапан» бөбекжай-
бақшасының меңгерушісі
Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы
Бір аллаға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық
Ы.
Алтынсарин
Мақсаты
: мектеп жасына дейінгі балаларға Ы. Алтынсарин
әңгімелерінің тақырыптарын, идеясын, қоғамдық мәнін түсіндіру.
Мектеп жасына дейінгі балаларды Ыбырай әңгімелеріндегі
кейіпкерлердің жақсы мінез-құлық, орынды іс-әрекеттерін талдау арқылы
адамгершілікке, адалдыққа,
мейірімділікке, қамқорлық жасауға баулу.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ой еркіндігін, эстетикалық сезімін
ояту.
Күтілетін нәтиже:
- мектеп жасына дейінгі балалар әңгімедегі көркем сөз айшықтарымен
танысады;
- әңгімені мнемокесте арқылы қысқаша әңгімелеу арқылы тілі
дамиды;
- сахналау арқылы кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз мінез-
құлықтарын, іс-әрекеттерін талдайды
.
Бала Ыбырай
Ыбырай Алтынсарин қазақтың
аса көрнекті ағартушысы, ақын,
жазушы, этнограф, фольклоршы және қоғам қайраткері, шын есімі Ибраһим
1841 жылы 20 қазанда Қостанай облысы Затоболье ауданында дүниеге
келген. Ыбырай Алтынсариннің әкесі еңбекқор шаруа адам болған. Оның
анасы Айман сауатты, көптеген халық ертегілері мен әндерін білетін.
Ибраһимнің анасы оған ерте жастан халық ертегілері мен әндерін үйреткен
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші ұлы тұлғаның ұяда көрген
тәрбиесі – ділмәр шешендікке, көшпелі билікке
құрылған дала даналығы
болатын. Сөйлесе сөздің көсемі болған билерге тән шешендік өнерді
қаршадайынан терең меңгерген,
сөзге орамды, тілге ұстар азамат болып
ержетуіне атасы, көрнекті ел ағасы Балғожа бидің де ықпалы аз болмағаны
сөзсіз. Атасының жанынан жыр шығаратын қасиеті немересіне үлгі бола
білді. Жас жеткіншек Ыбырай сол дәуірдегі өзге балалардай,
ең алдымен
ауылдағы молдадан мұсылманша оқып, сауатын ашады. 1850 жылы тоғыз
жасар Ыбырайды атасы Орынбор округі бойынша Торғай облысында қазақ
балаларына арнап ашылып жатқан жеті жылдық мектепке береді. Осы сәтте
Балғожа бидің немересіне арнап жазған өсиет өлеңінде жас Ыбырайдың
болашағына деген үлкен сенімді көреміз:
52
Ата-анаңды өнер білсең асырарсың
Надан боп, білмей қалсаң, аһ ұрасың,
Шырағым, мұнда жүрсең, не етер едің,
Қолыңа құрық
алып кетер едің,
Жүргенмен, не мұратқа жетер едің?
Осы орайда бұл мектепті 1857 жылы «өте жақсы» деген бағамен
бітіріп шығады.
Достарыңызбен бөлісу: