Сборник республиканских Педагогических чтений для педагогов в сфере дошкольного образования



Pdf көрінісі
бет25/50
Дата06.12.2022
өлшемі3,05 Mb.
#161640
түріСборник
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   50
Байланысты:
Sbornik 241221

Әдебиеттер
1.
«Қазақ хрестоматиясы» Алматы «Білім» баспасы, 2003ж.; 
2.
«Өнер-білім бар жұрттар» Алматы, «Жалын» баспасы, 1991ж.; 
3.
«Әл-Фараби көпірі» Шәмшиден Әбдіраманов Алматы, «Жалын» 
баспасы, 1988ж. 
 
ДАЛАНЫҢ АЛЫП ҚОҢЫРАУЫ 
 
Есимсейтова Жанар Жолмухановна, 
Омарова Жибек Сериковна
№ 95 «Алматы» балабақшасының 
 тәрбиешілері 
Нұр-Сұлтан қаласы 
Бір аллаға сыйынып, 
Кел, балалар оқылық! 
Оқығанды көңілге 
Ықыласпен тоқылық! 
Оқысаңдар балалар, 
Шамнан шырақ жағылар. 
Тілегенің алдыңнан 
Іздемей–ақ табылар. 
Ыбырай Алтынсарин 
 
 
Елбасымыз «Тарих толқынында» кітабында Қазақстандағы халық ағарту 
ісінің тұңғыш абызы деп аталған Ыбырай расында да қазақстандық білім 
берудің іргетасын қалаушы, халқын білімге жетелеуде даланың алып 
қоңырауларының бірегейі. 
Ең бастысы, Ыбырай ұлтын жан-тәнімен сүйген Ұлы тұлға. Он тоғыз 
жасында–ақ игі іске жол бастаған, қазақ даласында үкімет пен жергілікті 
биліктің кедергісіне қарсы жүріп, тұңғыш қазақ мектебін ашқан Ыбырайдай 
ізденімпаз ізгі жанның арқасында Қазақтың даласында «Дала қоңырауы» 


45 
сыңғырлады. Ұлы ағартушының жүректілігі Мәңгілік елімізді өркендету үшін 
қызмет атқарып жүрген азаматтарға үлгі боларлықтай. 
Әз Жәнібектің билеріне: «Дүниеде не өлмейді?»- деп жолдаған сауалына 
Жиренше шешен: «Жақсының аты, Ғалымның хаты өлмейді» - деп жауап 
қайтарған екен [1.43]. Бүгінде Жиренше шешен айтқан осынау көреген сөздің 
мәні жылдар өткен сайын дәлелдермен толығып, ұстаз, ғалым жайлы жазылар 
әр естеліктің кіріспесіне айналып отыр.
Бізде бүгінгі баяндамаға арқау болып отырған қазақ халқының 
мақтанышы, ұлы ұстаз, тұңғыш ағартушы-ғалым, жазушы Ыбырай 
Алтынсариннің есімін де осы керемет сөздермен байланыстыра баяндағымыз 
келіп отыр. 
Ыбырай бабамыз салған Ұлы жолда еңбек етіп, еліме ұрпақ тәрбиесінде
тәлім беруді таңдағаныма өзімді бақытты сезінемін. 
Балабақшадағы әрбір бүлдіршін педагогтің- АЙНАСЫ. Менің ойымша, 
тәрбиеші де шығармашыл тұлға болуы керек, өзіндік ойлау қабілеті бар, бір 
объектіні әртүрлі қырынан көре білуі керек.
Шығармашылық ойлау, кез келген мәселені шешуге шығармашылықпен 
қарау, қазіргі жағдайдан шығудың жолын көре білуге ұмтылдыру. Балалар 
тәрбиешіге қарап, оған ұқсағысы, онымен бар ойын, бөліскісі келуі керек.
Педагог балаға үнемі қуаныш, сенімділік, қауіпсіздік сезімін бере 
отырып, болашағына деген сенімін арттыру керек деп ойлаймын. Бала деген 
біздің болашағымыз екенін бір сәт естен шығармауымыз керек. Ыбырай 
атамыздың да аңсаған арман тілегі де осы. Мектепке дейінгі мекеменің 
табалдырығын аттаған педагог өзінің барлық жеке басының мәселелерін 
есіктің сыртында қалдыруы керек. Бала өзінің сүйікті тәрбиешісінің жүзіндегі 
күлкіні көргісі келеді, және сол күлкіні балаларға сыйлай бере білуіміз керек. 
Меніңше, балаларға білім мен тәрбие беріп қана қоймай, өзіміз де 
олардан көп нәрсені үйренетін сияқтымыз. Бала деген жазылмаған ақ парақ 
сияқты. Оған жақсы із қалдыратын біздер, яғни педагогтар. Балалар болмаса, 
кім жаңа күннен ләззат алуды, реніштерді еске алмауды және әлемге ашық 
көзбен қарауды үйренесіз бе? Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істей 
отырып, мен олардың қаншалықты әртүрлі, болжауға болмайтын, қызықты, 
күлкілі, таңқаларлықтай ақылды екеніне таң қалуды тоқтатпаймын.
Ыбырай Алтынсарин өзінің бар қайрат-жігерін, күш-қуатын, бар саналы 
ғұмырын ағартушылыққа, ізгілік педагогикасына, яғни өзінің халқына қызмет 
етуге сарп еткен ғалымдардың бірі. Қазақ балаларының көкірегін оятқан, елі 
үшін өмір бойы адал еңбек еткен ұлағатты ұстаз. Ыбырай Алтынсарин – 
балалар әдебиетінің атасы. Ыбырай Алтынсариннің мазмұнды және 
мағыналы өлеңдері, қысқа әңгімелері қазақ әдебиетінің тарихында өшпес 
орын алады. Әңгімелері өте жеңіл, тартымды. Біз өз презентациямызда 
ұсынған «Әке мен бала» әңгімесін балалар тез қабылдап, оны сахналап қана 
қоймай, әсерлі сезімде болды. Осы әңгімесі арқылы балалар бұрын сонды 
естімеген «Таға» сөзін меңгерді, оны не екенін ұғынды. Баласының жіберген 
қатесін көре білді. Киелі сахнаның қасиетін түсініп, қызығушылықтары артты. 
Сондай-ақ Ыбырай Алтынсарин бала тәрбиесіндегі ананың еңбегіне аса мән 


46 
беріп, ата-анаға деген баланың айрықша сезімін, баланың ата-анаға деген 
қамқорлығын, перзенттік парызын есіне салып, ғибратты сөздермен жеткізе 
білген. 
Оның шығармаларының мұндай қасиеттері олардың жастарға да, 
үлкендерге де ортақ екенін көрсетеді. Сондықтан да Ыбырай Алтынсарин 
қазақ балалар әдебиетінің атасы деп танылған. Ыбырай Алтынсарин жас 
ұрпаққа дұрыс тәрбие беру, оларды жас кезінен баулу мәселесіне ерекше көңіл 
бөлген. Оның «Баланы дұрыс күт, түзу тәрбиеле, қисығын түзе, адасса түзу 
жолға сал. Есейіп кеткен соң қисығын түзеу қиынға соғады» [2]. - деген 
тұжырымды сөздері әлі күнге дейін өзекті. Балабақша қабырғасында тәлім-
тәрбие алып жатқан бүлдіршіндерді инабаттылыққа, тектілікке, имандылыққа, 
сонымен қатар балаларды жастайынан еңбекке де тәрбиелеуді қазіргі 
уақыттың талабы, міндеті деп қарауымыз керек. Бала тәрбиесіне байланысты 
Ыбырай Алтынсариннің Ильминскийге жазған хатында: мен балаларды
жазалауды сүйетін қатал адам емеспін. Бірақ тентек етіп өсірсең балалардың
адамгершілік қасиетін бұзып аласың, деген жолдарын кездестіруге болады [3]. 
«Жеміс ағаштары» атты әңгімесінде тәрбиеде үлкен мән-мағына барын айта 
отырып, өзінің тәрбие жөнінде көзқарасын білдіреді. Осы талап пен 
міндеттерді орындаудың ең бір тиімді құралы – оқу. Оқу қызметтерімізде 
Ыбырай Алтынсариннің өміршең идеяларын жалғастыру мақсатында 
балабақшамызда апталық өткізілді.
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын дәріптеу 
мақсатында ата- аналар мен балалар арасында челлендж өткізіліп, 
дипломдармен марапатталды. Балаларды мұражайларға, кітапханаларға апару 
жүзеге 
асқан. 
Ыбырай 
Алтынсариіннің 
180 
жылдығына 
орай 
балабақшамыздың кітапханасы бірқатар кітаптармен толықтырылды. Оқу 
қызметтерімізде балаларды «Бақша ағаштары», «Әке мен бала», «Жаман 
жолдас», «Бір уыс мақта», «Қарлығаш пен дәуіт», т.б. [4] әңгімелерін оқып, 
мазмұнын ашу, балалардың қатысуымен сахналық көріністер қою. 
Балалардың сөйлеу тілін дамыту мақсатында Ыбырай Алтынсариннің «Кел, 
балалар, оқылық!, «Жаз» өлеңдерін жатқа айтқызу арқылы балаларды білімге, 
өнерге шақыруымыз керек деп ойлаймыз.
Балабақшада меңгерген білімдерін, одан әрі дамыту мақсатында ата- 
аналар атамыздың әңгімелерін, өлеңдерін үйде балалармен бірге еске түсіріп, 
кері байланыс жасайды. Жұмысымызды қорыта келе, Ыбырай Алтынсариннің 
әңгімелері мен өлеңдерін өзіміздің қәсіби және жеке өмірімізде кеңінен 
қолданамыз деп толық айта аламыз.
Дархан далада тек білімнің нұры ғана емес, ұлтқа бөлінбейтін 
адамдардың достығының, туыстық байланысының шырағы бола білген 
заманауи кеменгер – Ыбырай Алтынсарин атамыздың білім нәрімен 
сусындатуға әрқайсымыз борыштымыз. Қазіргі таңда Ыбырай 
Алтынсариннің есімімен көптеген оқу орындары, қалалар мен обылыс 
орталықтарында көшелерге есімі берілген. Елімізде педагогтер қауымының ең 
үздік өкілдері Ыбырай Алтынсарин атты төс белгімен марапатталады. Әр 
қалада, облыс орталықтарында ол кісінің құрметіне жыл сайын 


47 
конференциялар өткізіліп тұрады. Осы орайда менде өзімнің Қостанай 
қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-интернатта оқып, білім 
алғанымды мақтанышпен айта аламын. Сол кезде ұстаздарымыз осы мектепте 
оқығандарыңды болашақта мақтанышпен еске алып, ол кісінің өлеңдерін 
жатқа айтуларың керек дейтін. Осы орайда ойыма мына бір өлең жолдары 
түсіп отыр. 
«Ата-анаң қартайса, 
Тіреу болар бұл оқу, 
Қартайғанда мал тайса, 
Сүйеу болар бұл оқу» [5.] яғни бұл өлең жолдарымен оқу білімнің 
пайдасы қандай, ол не үшін керек екенін оның өмір үшін, жарқын болашаққа 
қажет екенін талдап көрсетеді. Оқыған, білімді, сауатты адамның 
артықшылығы қандай екенін жастарға өсиет етіп қалдырғанын көруге болады. 
Баяндамамызды қорытындылай келе, әрбір педагог өзінің оқу қызметтерінде 
ұлы ағартушымыздың әңгімелері мен өлеңдерін балалардың сөйлеу тілін 
дамыту мақсатында іске асырса, нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Өзіміздің ана- 
тілімізді дамытуға қосқан үлесіміз деп ойлаймыз. Әбір ақын – 
жазушыларымыздың өлеңдерімен сусындап өскен бала ұлтын, елін, ана-тілін 
қадірлейтін ұлтжанды болып өсер еді деп ойлаймыз, солай болады да. 
Күтілетін нәтиже : 
Тәрбиешілердің жоба тақырыбы бойынша теориялық деңгейін көтеру. 
Сөйлеуді дамытудың заманауи әдістері мен технологияларын енгізу. 
Тәжірибені жалпылау және тарату. 
Ата- аналар үйде балалармен өлеңдерін қолдануға ынталандыру.
Балалардың сөйлеу тілін дамыту бойынша тәрбиешілермен өзара 
әрекеттесу. 
Балалардың сөйлеу тілін дамытуда поэзияның қажеттілігі туралы түсінік 
қалыптасады. 
Балаларда поэзияға деген қызығушылықтары қалыптасады. Балалардың 
байланыстырып сөйлеу деңгейі артады. 
Балалардың сөздігі жаңа сөздермен, сөзтіркестерімен толықтырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет