Сборник республиканских Педагогических чтений для педагогов в сфере дошкольного образования


Ыбырай өлеңдерінің негізгі идеясы



Pdf көрінісі
бет28/50
Дата06.12.2022
өлшемі3,05 Mb.
#161640
түріСборник
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   50
Байланысты:
Sbornik 241221

Ыбырай өлеңдерінің негізгі идеясы:
Ыбырай Алтынсарин жазған «Қазақ хрестоматиясы» 1879 жылы 
ақынның қазақ мектептеріне арналып жазылған, алғашқы ұлттық оқулық – 
«Қазақ хрестоматиясы» жарық көрді. Ол әйгілі екі өлеңімен ашылды. 
«Кел, балалар, оқылық!» 


50 
міне осы өлеңді оқығанда, әрбір қазақтың жүрегіне ұялайтын және 
мектепке тартатын бір жылулық бар. Ал, Ыбырай Алтынсариннің 
«Өнер білім 
бар жұрттар» 
өлеңін тыңдасақ қазіргі өмірге айтылып жатқандай. Ыбырай 
Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясына» кірген өлеңдерінде де халық-ағарту 
идеясын көтерді және шәкірттерге ой салатындай, еңбекке, әдептілікке
мейірімділікке, ата-ананы қадірлеуге, әдет-ғұрып, салт-сананы сіңіре білуге 
тәрбиелейтіндей ауыз әдебиеті үлгілерін кіргізе отырып, тәрбиелік, білімдік-
танымдық қасиеттеріне ерекше назар аударған.
Шынында 
да 
бұл 
кітаптағы 
шығармалардың 
адамгершілік, 
еңбексүйгіштік, әдептілік пен инабаттылық, зейінділік пен зеректік, ата-ана, ел 
мен жұртқа деген сүйіспеншілік құрмет идеялары ескірмейтін асыл мұра. 
Биылғы жылы ұлы бабамыз 180 жасқа толып отыр. Педагогтің мерейлі 
тойын бүкіл Қазақстан бойынша атап өтуде. Осы мерейлі тойда Алатау 
ауданы, МКҚК №161 бөбекжай-балабақшасы да тыс қалмады.
Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына көрме ұйымдастырылды. 
Арада қанша жыл өтсе де Ыбырай Алтынсарин әр қазақтың жүрегінде 
қалуы тиіс деп ойлаймын. Ы. Алтынсарин мектеп ашып, бізді қараңғылықтан 
күн сәулесіне алып шыққан кемел тұлға. Қазақстанның барлық қалаларында 
ұлы тұлғаға арналған көшелер, мұражайлар, ескерткіштер мен оның атындағы 
жоғары оқу орындары бар. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласында Тәуелсіздіктің 
30 жылдығы қарсаңында ұлы ағартушы, қоғам қайраткерінің 180 жылдығына 
орай – Ыбырай Алтынсариннің бюсті ашылды. Ыбырай идеяларының 
өміршеңдігі оның идеяларының бүгінгі күнмен астасып жатқандығында
сондықтан оның тәрбиелік қызметінің болашақта жалғасын табатыны анық. 
Ыбырай мұрасын мәңгілік өнеге мектебі дейміз. Қазіргі таңда жастарды 
жақсы мінез-құлықпен адалдыққа үйрететін, ел болып ер жетуімізге жол 
нұсқайтын асыл– Ыбырай Алтынсарин мұрасы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет