49
ұстаз қысқа әңгімелер мен өлеңдер шығара бастайды, оқу құралдарын жазуға
кіріседі. Бүкіл өмірін білім беруге жұмсаған, балаларды оқу, өнерге шақырып,
өлең, әңгіме, ертегілер жазған. Ы.Алтынсарин шығармаларымен бай мұра
қалдырды: лирикалық өлеңдер, қазақ даласының табиғаты және оның
айтылмас байлығы туралы әңгімелер, сол кездегі өмірдің әр түрлі жақтары
туралы публистикалық жазбалар. Бұның бәрі этнография тақырыбындағы
очерктер және экономикалық, әлеуметтік-саяси мәселелерге арналған
жазбалар еді.
Ы. Алтынсариннің педагогикалық мұраларының негізгі идеяларының
бірі-адамның өзара қарым-қатынасы, жастарды еңбекке баулу. Еңбекті сүю
және қадірлеу – Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы.Оны жазушы шағын
әңгімелерінде үгіт, өсиет түрінде берсе, кей шығармаларында халықтың
қоғамдық санасын тәрбиелейтін реалистік суреттер арқылы бейнелейді.
«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінде Ыбырай ең кішкентай
жәндіктердің өзі де тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүргендігін
көрсете келіп, оларды балаларға үлгі етеді. «Қарлығаш, өрмекші ғұрлы
жоқпысың, сенде еңбек ет, босқа жатпа», - дейді.
Ыбырай Алтынсарин «Бақша ағаштары» атты әңгімесінде тәрбиенің
үлкен рөл атқаратынын көрсеткен. «Мейірімді бала» әңгімесінде мейірімділік
баланың отбасына деген махаббатынан басталады. Ыбырай Алтынсарин ата-
ана мен бала арасындағы жылы қарым-қатынасқа ерекше мән берген.
«Бай баласы мен жарлы баласы» атты әңгімесінде Ыбырай еңбекке деген
қоғамдық, таптық көзқарасты бейнелейді. Жазушының шығармаға жасы қатар
екі баланы алып, оларды бай мен кедейдің өкілі етіп суреттеуінің сыры да
оның идеясынан айқын көрінеді. Бұл шығармада жазушы Үсендей болып өсуді
уағыздайды. Ыбырайдың тәрбиелік мәні бар барлық шығармаларын оқып,
біліп өскен мейірімді балалар нағыз отаншыл азаматтар болатынына сенесің.
Өзінің барлық педагогикалық теориясында жас жеткеншектердің
ұлттық тәрбиесін қалыптастырып, жетілдіруде қазақ халқының ғасырлар бойы
тәрбие саласында жиған бай тәжірибесін негізге салу қажет деген пікірді
ұстанғандардың бірі Ыбырай Алтынсарин. Ы. Алтынсариннің педагогикалық
ой-пікірлері оның шығармашылық қызметінің кез-келген саласымен өзектесіп
жатады. Сонымен қатар мазмұны жағынан түсінуге жеңіл, әрі жаттауға оңай.
Бүгінгі білім бағдарламасы да оқу материалдарының баланың жас
ерекшелігіне сай болуын талап етеді. Бүгінгі күнмен сабақтастығы да осында.
Ы. Алтынсариннің дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына әсіресе,
қазақтың мәдениетін, өнерін терең білетін, ақыл-парасаты жоғары, сөзге
шешен, елге сыйлы, би атасы Балғожаның тәрбиесі де ерекше ықпал етті.
Немересін жастайынан адалдыққа, тура сөйлеуге, шешендікке баулиды.
Ыбырай Алтынсарин өзі де табиғатынан алғыр, зерек, еңбекқор болды.
Достарыңызбен бөлісу: