Сборник республиканских Педагогических чтений для педагогов в сфере дошкольного образования


Ы. АЛТЫНСАРИННІҢ МҰРАСЫ - ҰРПАҚҚА ҮЛГІ



Pdf көрінісі
бет24/50
Дата06.12.2022
өлшемі3,05 Mb.
#161640
түріСборник
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50
Байланысты:
Sbornik 241221

Ы. АЛТЫНСАРИННІҢ МҰРАСЫ - ҰРПАҚҚА ҮЛГІ
 
Мукашева Айпатша Амангелдиевна
№58 «Балауса» балабақшасы 
қазақ тілі пәнінің мұғалімі 
Маңғыстау облысы 


Сіздердің бүгінгі шәкірттеріңіз – Қазақстанның жарқын болашағы. 
Сапалы білім – жетістікке жетудің жолы әрі экономиканы дамытудың басты 
құралы. «Жеті түрлі ілім білетін» ұрпақ тәрбиелеу –бүгінгі күннің негізгі міндеті.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. 
 
Елбасының педагогтер қауымына арнап айтқан осы бір сөзін өзімнің 
педагогикалық қызметіме ұран етіп алып жүрген жанның бірімін. Қазіргі 
заман талабына сай ресурстарды өз бетімен іздеп, талдай білетін, жаңа идея 
бере алатын, одан әрі дамытатын және жауапты шешімдер қабылдай алатын 
жеке тұлғаны қалыптастыру – еліміздің түбегейлі мақсаты. Бүгінгі таңдағы 
білім саласына қойылып отырған осы міндетті түсінген әр білім саласының 
қызметкері ерекше ізденіспен жаңаша бағытты таңдап білген болса, нәтижелі 
еңбек сапасының жоғары жемісін берері сөзсіз. Өркениетке бағыт алған 
еліміздің болашақ ахуалын бүгінгі берілер білім деңгейімен салыстыра 
қарағанымыз жөн.


40 
Балаларға арналған заман талабынан туындаған шығармалардың 
балалардың ой-өрісін, сана-сезімін дамыта отырып, оларға заман талабына сай 
білім-білік дағдыларын қалыптастырып және тәлім-тәрбие беруге бағытталуы 
– әр оқу қызметінің өзіне ғана тән басты ерекшелігі. 
Атақты ойшыл Әбу Насыр әл Фарабидің: «Адамға ең бірінші білім емес, 
тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол 
келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» деген сөзінің растығын өмір тәжірибесі 
талай мәрте дәлелдегені белгілі. Осы орайда біздің ата-бабаларымыз тәрбиенің 
орны бөлек екенін жақсы білген. Өйткені, ұрпаққа үлгілі тәрбие бере алу – 
қоғамның өзін, елдің тірегін қалыптастыру. Соның ішінде балаға өнегелі 
тәртіп пен адамгершілік тәрбиесін бере білу – өлшеуі жоқ қазына. Айтылған 
ойымның дәлелі – ұлт болашағын болжай білген, қарапайым халықты 
қараңғылықтан жарыққа ұмтылдыру бағытында өз үлесін қосқан зиялы 
бабалар сөзі. 
Қазақтың кең даласының алып қоңырауы атанған, дана, дара Ыбырайы 
- көрегенділігімен ұлтының болашағын болжай білген ұстаз. Қара халыққа 
үкілеп үміт сәулесін жағып, ең алғаш мектеп ашып, қолына «Әліппе» ұстатып, 
«Кел, балалар, оқылық» деп, сауатын ашқан тұлға Ыбырай (Ибраһим) 
Алтынсариннің есімін мектеп жасына дейінгі балаларға таныту басты 
мақсатымыз болуы керек деп білемін. Ғұмырын халық ағарту ісіне, мектеп 
ашып, кітап бастырып, бала оқытуға арнаған ұлт педагогі Ыбырай 
Алтынсариннің туғанына биыл 180 жыл толып отыр.
Ы.Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Талантты ақын, терең 
ойшыл, қайраткер Ыбырайды осылай атауға толық негіз бар. 
Алтынсариннің өзі 1864 жылы 16 наурызда: «Қойды қуған аш қасқыр 
секілді, мен қызу түрде балаларға білім беруге кірістім және осы балалар үш 
айдың ішінде, тіпті орыс және татар тілдерінде оқып-жазуды үйреніп алды. Бір 
сөзбен айтқанда, бұл жақсылар курс аяқталғанша, 4 жылдан кейін бір нәрсе 
үйреніп, лайықты сөйлей алатын болады деп үміттенемін. Сондай-ақ, кейін 
олар жемқор болып шықпас үшін, бар ынта-жігеріммен, тіпті олардың 
моральдық әрекеттеріне де әсер етуге тырысамын» деп жазған сөзінен 
жазушының тәрбиеге жіті назар аударғанын аңғарамыз.
Ыбырай Алтынсарин балаларға арнап, сөзі қарапайым, түсінікті, жатық, 
мағынасы терең, қызықты шағын әңгімелер көп жазған. Баланың ұғымына 
қиын тиетін ауыр сөздер жоқ, сөйлемдері қысқа, әңгімелер көлемі шағын, 
оқиға желісі жинақы. Оның шығармаларын оқи отырып, өз заманының 
беталысын анық аңғарғанын, халық өмірін жаңа арнаға салуда білім мен 
тәрбие мәселесі қатар жүру керектігіне назар аударғанын көруге болады. 
Ыбырай әңгімелерінің негізгі қайнар көзі халық тұрмысынан алынған. Өмірді, 
адам әрекеттерін ешқашан дағдыдан тыс әсірелеп суреттеп, шындықтан 
алшақтамаған. Кейіпкерлерді шынайы өмірге тән әрекеттері арқылы 
бейнелеуді мақсат тұтқан. Автордың бұл әңгімелерінің балалар үшін тәрбиелік 
рөлі ерекше. Оның әңгімелерін тақырып жағынан еңбек пен өнерге баулитын 
және адамгершілікке тәрбиелейтін шығармалар деп, екі топқа бөліп 
қарастыруға болады. 


41 
Ы. Алтынсарин өз шығармаларындағы адамның бойындағы ұлы қасиет 
– адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығын ең басты құндылық деп 
санады. Әңгімелерінің құрылымы, мән-мағынасы, тәрбиелік мәні бала 
санасына ерекше әсер етіп, қызығушылығын оятып, баланың бойына 
тереңінен тәрбие нәрін құйып, қоғамда адамгершілігі жоғары адамды 
қалыптастырады. 
«Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені» деп, келер ұрпаққа адал тәрбие 
беріп, ақ ниетті ұрпақ өсіру жолында Ыбырай шығармаларының тақырыбын 
басты ұранымыз етіп алып, оқытсақ, еш қателеспеген болар едік.
Әрине, бала бойына тәрбиенің бастауының қалыптасар уақыты 5жасқа 
дейінгі кезең. Бұл кезде бала балабақша тәрбиесімен сусындайды. Соңғы 5-10 
жылда балалардың сөйлеу тілінің төмендеп кеткені байқалады. Неге? Себебі, 
ата-аналар балалармен аз сөйлеседі, олар өздерінің жұмыстан қолдары 
босамайтынын айтады. 5 жасқа дейін бала ана тілін меңгермесе, одан кейін де 
өз деңгейінде меңгерудің қиынға соғатыны ғылым жүзінде дәлелденген. 
Сондықтан осы мәселеге баса назар аударған жөн. Ал осы балабақшада 
Ыбырай шығармаларын оқытуға неге басымдылық бермеске?! Ұлы ағартушы 
өзінің балаларға арнаған әңгімелерінде қазақ балаларын халқының ұлттық 
мүддесін көздейтін елжанды патриот етіп тәрбиелеуді мақсат еткен, сол 
себепті тереңнен ойланып, ерекше ізденіспен, жоспарлы түрде жазушы 
шығармаларын мектеп жасына дейінгі балаларға оқи бастадым. Мұндағы 
мақсатым: балаға ұлы бабаны таныстырып, шығармаларын насихаттаумен 
қатар, егеменді елдің болашақ тұлғасын адал, мейірімді, еңбекқор, шыншыл 
етіп тәрбиелеу. Осыдан кейін алдыма міндеттер жүктедім. 
1. Ұйымдастырылған оқу қызметін жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана 
отырып, дәстүрден тыс етіп өткізу арқылы шығарма тақырыбына орай рухани 
тәрбиені бала бойына сіңіру. 
2. Балалардың сөздік қорын дамыту. 
3. Шығарма мазмұнындағы сөздерді пайдаланып, сөйлемді дұрыс 
құрастыруға жаттықтыру. Сөздің дыбыстық құрамын, әсіресе төл 
дыбыстарымызды дұрыс айта білуге үйрету. 
4. Қысқа өлеңдерді жаттату, әңгімелерін мазмұндату арқылы бала тілін 
дамыту. 
5. Ұсынған ойын-тапсырмаларды дұрыс орындау, рөлдік ойындарды 
ойнату арқылы баланың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтумен қатар өнерге 
баулып, ептілікке үйрету.
6. Балаларды бір-бірімен диалогтік, яғни еркін тілдік қарым-қатынасқа 
баулу. 
7. Әңгімелерді тыңдап түсінуге, педагогтің жетекші сұрағына сүйеніп, 
шығарма мазмұнын әңгімелеуге үйрету. 
Мақсатым айқын, міндет қойылды. Ыбырай әңгімелерін, аудармаларын
балалардың жас ерекшелігіне қарай таңдап алдым. «Әке мен бала», «Жаман 
жолдас», «Салақтық», «Жамандыққа жақсылық», «Бір уыс мақта», «Мейірімді 
бала», «Әдеп», «Аурудан аяған күштірек», «Тышқанның өсиеті», «Асыл шөп», 
«Шеше мен бала», «Бақша ағаштары», «Талаптың пайдасы», «Әке мен бала», 


42 
«Қарға мен құрт», «Түлкі мен ешкі». Әр баланың жас ерекшелігімен қатар 
қабілет деңгейі әр түрлі екендігі белгілі. Осы жағын міндетті түрде ескеруім 
керектігін ұқтым. Тапсырмалар беріп, ойындар ойнату барысында балаларды 
есте сақтау қабілеті мен есту мүмкіндігі өте жақсы дамыған, тыңдауға 
қабілетті аудиал, ақпаратты көру дағдысы арқылы есте сақтайтын визуал, 
қоршаған ортаны ерекше сезініп, ақпаратты қимыл-қозғалыс, қолмен ұстау 
арқылы жақсы ұғынатын кинестетик топтарына жіктедім. Мұның бір 
ұтымдылығы: оқу қызметі барысында баланың өзіне ғана тән қабілетін одан 
әрі дамыта аламыз. Енді айтып өткеніміздей, жақсы нәтижелі жұмыс болуы 
үшін тиімді әдіс-тәсілдерді таңдау жолы тұрды. Жаңа әдіс-тәсілдерді 
балалардың өздігінен оқып білмейтін, жаза алмайтындығын ескере отырып, 
таңдадым. 
Менің тиімді деп таңдаған технологиямның бірі Қазақстандық ғалым 
Ф.Вассерманның «Биоақпараттандыру және синергетика» (БжС) білім беру 
технологиясы. Бұл технология бойынша оқыту сапасын басқару-оқыту 
нәтижесін толық көрсететін көрсеткіштер мен критерийлердің талабын 
орындауға бағытталу, оқытудың сапасын нақты анықтайтын стандарттық 
өлшемдер жүйесін құру арқылы сапалық көрсеткіштермен көрінеді. Мұндағы 
өлшем нормаларының бірі – тапсырманы орындау уақыты. Оқу жүйесін 
дамытуда «БжС» білім беру технологиясы ойлану жылдамдығын арттыруда, 
еске сақтауда, оқу үлгілерінің сапасын жаңартуда, оқу материалын игеруде 
үлкен жетістіктерге жеткізетіндігін өз тәжірибемнен көрдім. Бұл әдіс өзін-өзі 
басқару жүйесін қамтып, баланың тәлім-тәрбиесінің жақсаруына да ықпал 
етеді. «БжС» технологиясы бойынша өткізілген оқу қызметтерінің дәстүрлі 
оқу қызметтерінен айырмашылығы:
- Жаңа тақырып ұйымдастырылған оқу қызметінің жалпыланған әдісі 
(ОӘЖӘ) арқылы түсіндіріледі; 
- Тапсырма деңгейлеп беріледі; 
- Тапсырманы орындауға уақыт шектеп көрсетіледі; 
- Баланың өз бетімен ойлау әрекеті қалыптасады. 
Топтағы алғашқы бала тапсырманы орындап болғаннан кейін, қалған 
балаларға тапсырманы орындап бітіруіне 30 секунд уақыт беріледі. Осы 5+10 
әдісі балалардың берілген уақытта тапсырманы орындау жылдамдығын 
арттырады, педагог, тәрбиеші үшін тиімділігі: уақыт үнемделеді, яғни өз 
тәжірибемде тапсырмаларды көбіне сурет арқылы беретіндіктен, маған өте 
қолайлы. Мен бұл әдіс бойынша Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесін 
мектепалды даярлық тобына игертуден бастадым. Алдымен балаларға
мнемотехникамен әңгіме мазмұны түсіндірілді. Содан кейін «Биоинтернет» 
картасы бойынша балалар әңгіме мазмұны желісімен суреттерді ұяшықтарға 
ретімен орналастырады. Келесі «Жаттықтырғыш» картасында автордың 
айтқысы келген ойын ашып, бала өзіндік пікірін айтады. «Қисын» картасы 
бойынша балалар оқиғаны өз ойларынша талқылайды. Мысалы: бала басында 
ерінбей, тағаны жерден алғанда, шиені жеу үшін қайта-қайта еңкеймес еді, 
әкесінің тілін алу керек, т.с.с. «Ауызша сабақ» -1,2,3 және «Әмбебап» картасы 
бойынша «Көз ілгек, сөз ілгек» ойнатамын. Мысалы: Әкесі тағаны қанша 


43 
тиынға сатты, бала шиені алу үшін неше рет еңкейді? –деген сұрақтар беріледі. 
Бала жауап айтуы керек. Бұл баланы аңғарымпаздыққа үйретеді. Осы аталған
карталарды ұйымдастырылған оқу қызметінде күнделікті қолданып 
отырамын. Кейде балалармен күнді «Сенен алғым келеді» шаттық шеңберінен 
бастаймын. Дөңгелене тұрған балалар: «Мен сенің бойыңдағы адамгершілік 
қасиетіңді алғым келеді»,- деп, адам бойында болуы керек, Ыбырай 
шығармаларына байланысты жағымды қасиеттерді айтады. Керісінше, 
жағымсыз қасиеттерден де аулақтыққа тәрбиелеу мақсатында мен: Көп 
сөйлейтін жаман әдеттен арылғым келеді, - деген сияқты өз бойларында бар 
деп білетін әдеттерді айтады. Әр шығарманы өткен кезде кейіпкерлерге 
мінездеме бергіземін. Қаhарман тұлғаларға еліктеп, солардай болып өсем 
деген сөздері жанды сүйсінтеді.
«Аурудан аяған күштірек», «Мейірімді бала», «Шеше мен бала» 
әңгімелері баланы ата-ананы сыйлауға, өзгенің қамын ойлай білуге үйретсе, 
«Жаман жолдас», «Жамандыққа жақсылық» әңгімелері адалдыққа, 
шыншылдыққа, татулыққа тәрбиелейді. «Бір уыс мақтадан» үнемшіл болуды 
ойға түйеді. «Асыл шөпті» түсіндірген кезде шыдамдылық туралы ойларын 
айтып, өздерінің мінезін сипаттап берді. Балалықпен өздерінің, топтағы 
балалардың мінездеріне сипаттама беріп, ашық ойларын айтты. 
«Кел, балалар, оқылық» өлеңін балаларға бөліп жаттатып,
ұйымдастырып, челлендж өткіздім. Алып қоңырау атанған Ыбырай туралы 
айтып, қолдарына қоңырау беріп, әр өлең жолын оқыған бала келесі балаға
қоңырауды ұсына отырып, өлеңді мәнерлеп оқып шықты. Бір қуантарлығы: 
өлең сөзін топ балалары түгел жаттап алады. Өздеріне өлеңнің бәрін өзім 
жаттатар болсам, нәтиже болмас еді. Бір-бірінің айтуы бойынша жылдам 
жаттаған балалар, бүгінде өлеңді мақтанышпен айтады.
Ыбырай шығармаларының желісі бойынша сахналап, көрініс қою- өте 
жақсы, қызықты. «Жаман жолдас», «Асыл шөп», «Әке мен бала», «Бір уыс 
мақта», «Түлкі мен ешкі» әңгімелерінің оқиғасын бала түсініп қана қоймайды, 
бойына жақсы қасиеттерді сіңіреді. Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа 
тап боласың. Азға қанағат қылмасаң, көптен құр қаласың, - деген ойды бала 
ойына түйіп, санасына сіңіріп өссе, нұр үстіне нұр емес пе?! 
Жаңартылған бағдарлама мақсаттарын орындау бағытында осы
жасалған жұмыстардан үлкен нәтижелерге жеттім деп ойлаймын.
- Баланың сөздік қоры көбейіп, сөйлеуі дамыды. 
- Бойларында жақсы қасиеттер қалыптасты. 
- Бір-бірінің әрекеттеріне сыни көзқараспен қарап, өз ойларын ашық 
айтуды үйренді. 
- Ойнай отырып, өлеңді тез жаттады. 
- Өлеңді нақышына келтіре мәнерлеп оқып, әңгімені мазмұндауға 
үйренді.
- Рөлдік ойындарды ойнауға деген құлшыныстары артты. 
- Адалдық, татулық ұғымдарына мән берді. 
- Әр баланың бойында өзіне деген сенімділік пайда болды. 


44 
Сөзімді қорытындылай келе, ұлы тұлғаның қай шығармасын алып 
қарасақ та, құндылығымен ерекшеленіп тұратынын, осыны үлгі етуіміз 
керектігін баса айтқым келеді. Біржақты емес, жан-жақты тәрбие бере алу 
мүмкіндігін беретін шығармалары балаға берер тәрбиенің қайнар бұлағы 
екендігін сезінген педагогика саласының әр маманы ұлы тұлға шығармалары 
арқылы тәрбиелі ұрпақ өсірері сөзсіз.
Мен де Ыбырайдың мұраларын үлгі ету арқылы, ел ертеңі саналы, 
елжанды, адал балалар тәрбиелеуге өзіндік үлесімді қосуды мақсат етіп, осы 
жолда аянбай еңбек ете бермекпін. 
Ұлылар ұлағаты өркениеттің өр тауларына жетелейді. Ендеше, 
Ыбырайдай асыл бабаның тәрбиелік мәні талайды тамсандырған таза, мөлдір, 
кәусар бұлағынан нәрлене білейік, рухани әлдене білейік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет