Анықтама №77
7 қараша, 2008 жыл.
Осы анықтама Өміржанова Маржан Оспанқызының 2004
-
2008 жылдар аралығында
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық
-
техникалық университетінің ветеренария
және агробиотехнология факультетінің сырттай бөлімінде оқығандығын растайды.
Анықтама Тасқала аудандық оқу бөлімінің кадрлар бөлімшесіне көрсету үшін берілді.
Факультет деканы Еспенова Т.М.
Сөздік
анықтама –
справка
құжат –
документ
ақпарат –
информация
мекеме –
учреждение
бірлестік –
объединение
қойған қол –
подпись
мөр –
печать
мазмұны –
содержание
мекеменің аты –
название учреждения
білім –
образование
1-
тапсырма.
Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Анықтама қандай құжаттың түріне жатады?
2. Анықтаманың құрылымына қандай мәліметтер кіреді?
3. Анықтаманың жарамдылық мерзімі қандай?
4.
Берілген анықтамаға кім қол қояды?
2-
тапсырма.
Төменде берілген жағдаяттар бойынша анықтама үлгілерін жазыңыз.
1. Ұлттық кітапханаға тапсыру үшін оқу орныңыздан анықтама беріңіз.
2. Жанұя жағдайыңызға байланысты анықтама үлгісін толтырыңыз.
3. Жұмыс орныңызғатапсыру үшін анықтама беріңіз.
3-
тапсырма.
Төмендегі сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.
Деректі растау, жеке адамға байланысты, ақпаратты растау, бірнеше дана, анықтама
нөмірленеді, анықтама мазмұны, анықтама мәтіні, кімге берілгені, мекеме басшылары,
мекеме мөрі, не үшін берілгені, мөр басылады, жарамдылық мерзімі.
ХАБАРЛАНДЫРУ
Хабарландырулармен теледидар, радио, газеттерден және хабарландыру тақталарынан
танысуға болады. Хабарландыру әр түрлі жағдайлар, мысалы, бос қызмет орны туралы,
жылжымайтын мүлікті сату, сатып алу және қандай да бір қызмет түрлерін ұсыну туралы,
сондай
-
ақ қандайда бір шараның өту мерзімін, уақытын, мекенін хабарлау үшін беріледі.
Ресми хабарландырулардың белгілі тәртібі болады. Мысалы, бос қызмет орны туралы
хабарландыруда бірінші —
қандай мекеме конкурс жариялайтыны, екінші —
қандай қызмет
орнына жариялайтыны, одан кейін үміткерлерге қойылатын талаптар мен конкурсқа
қатысуға қажетті құжаттардың тізімі, конкурс мерзімі, мекеменің мекенжайы көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |