Энергетика


 дәріс. Қорғаныстық ажырату



Pdf көрінісі
бет12/19
Дата13.12.2022
өлшемі0,72 Mb.
#162498
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Байланысты:
ТБЭУ Конспект лекций каз

10 дәріс. Қорғаныстық ажырату 

Дәрістің мақсаты: қорғаныстық ажырату әрекет ету принципін, қолдану 


аймағын және қорғаныстық ажыратуды орындауын оқып үйрену; ҚАҚ 
сұлбаларымен танысу. 
Мақсаты, әрекет ету принципі, қолдану саласы.


35 
Қорғаныстық ажырату - адам үшін жол берілмейтін кернеудегі 
бөліктерге бір фазалы (бір полюсті) жанасу кезінде және (немесе) электр 
қондырғысында берілген мәннен асатын ағу (тұйықталу) тогы пайда болған 
кезде электр қондырғыларын втоматты ажырату [6]. 
Қорғаныстық ажыратуды тағайындау - адамға қауіпті токтың әсер ету 
уақытын шектеу арқылы электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қорғаныс 
арнайы қорғаныс ажыратқыш құрылғысымен (ҚАҚ) жүзеге асырылады, ол 
кезекші режимде жұмыс істей отырып, адамның электр тогымен зақымдану 
жағдайын үнемі бақылайды. 
Қолдану саласы: кез келген кернеумен және кез келген нейтраль 
режімімен желілердегі электр қондырғылары. Қорғаныстық ажыратқыштың 
ең көп таралуы нейтралы жерге тұйықталған немесе оқшауланған 1 кВ дейінгі 
кернеулі желілерде пайдаланылатын электр қондырғыларында болды. 
ҚАҚ жұмыс істеу принципі, ол кіріс сигналын үнемі бақылап отырады 
және оны берілген шамамен салыстырады. Егер кіріс сигналы тағайын 
шамасынан асса, онда құрылғы қорғалған электр қондырғысын желіден 
ажыратады. Қорғаныстық ажырату құрылғыларының кіріс сигналдары ретінде 
адамның электр тогымен зақымдану жағдайлары туралы ақпаратты өзіне алып 
келетін электр желілерінің түрлі параметрлерін пайдаланады. 
ҚАҚ таңдайтын негізгі параметрлер: жүктеменің номиналды тогы, яғни 
ҚАҚ өтетін электр қондырғысының жұмыстық тоғы; номиналды кернеуі;
тағайындамасы
; құрылғының іске қосылу уақыты. 
Бірнеше ҚАҚ сызбаларын қарастырайық.
Жерге қатысты корпустың потенциалына әрекет ететін, жерге 
тұйықталған (немесе нөлденген) корпуста жоғары потенциал пайда болған 
кезде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған ҚАҚ. Бұл құрылғының датчигі 
(10.1 сурет) Р релесі болып табылады, оның орамасы электр қондырғысының 
корпусы мен Rк көмекші жерлендіргішінің арасында қосылған. Rк көмекші 
жерлендіргішінің электродтары Rж жерлендіргішінің ток ағу аймағынан тыс 
орналасады. 
Қорғаныс жерге тұйықталу кезінде R
ж
жерге қатысты корпустың 
потенциалын φ
ж
=I
ж
R
ж
шамасына дейін төмендетеді. Егер қандай да бір 
себептер бойынша φ
ж
˃ φ
жқос
, (φ
жқос
- жанасу кернеуі рұқсат етілген мәннен 
аспайтын болған кездегі корпустың потенциалы), онда Р релесі іске қосылып, 
өзінің түйіспесімен коммутациялық аппарат катушкасының қоректену тізбегін 
жабады және зақымдалған электр қондырғысының желіден ажыратады. 
Іс жүзінде ҚАҚ бұл түрі жерге қосу немесе нөлдеу қорғаныш 
қасиеттерін қайталайды, жерге қосу немесе нөлдеудің сенімділігін 
арттыратын қосымша қорғаныс ретінде қолданылады. 
ҚАҚ бұл түрі жерге тұйықтау немесе нөлдеу тиімсіз болған кезде 
нейтралы кез келген режимі бар желілерде қолданылуы мүмкін. 


36 
10.1 сурет - Корпус потенциалына әсер ететін УЗО сұлбасы 
Дифференциалды (қалдық) токтарға әсер ететін ҚАҚ өнеркәсіптің 
барлық салаларында кеңінен қолданылады. Олардың тән ерекшелігі - көп 
функциялық. Мұндай ҚАҚ тікелей жанасу кезінде, жанама жанасу кезінде
құрылғы қорғау аймағында жерге қатысты сымдардың оқшауламасының 
симметриялы емес төмендеуі кезінде, жерге тұйықталу кезінде және басқа 
жағдайларда адамның электр тогының зақымдануынан қорғануды жүзеге 
асыра алады. 
Дифференциалды типті ҚАҚ-ның әрекет ету принципі ол тұрақты түрде 
дифференциалды токты бақылайды және оны тағайыншамен салыстырады. 
Дифференциалды тогының мәні бір белгілі
тағайындамасынан асқан кезінде 
ҚАҚ іске қосылып апаттық тұтынушысы электр энергия желіден ажыратады. 
Үш фазалы ҚАҚ үшін кіріс сигналы нөлдік тізбектегі ток болып табылады. 
ҚАҚ кіріс сигналы адамның денесі арқылы өтетін І
h
токпен функционалды 
байланысты. 
Дифференциалды типті ҚАҚ қолдану саласы – кернеуі 1 кВ дейінгі 
нейтралы жерге тұйықталған желілер (TN - S жүйесі).
TN - S типті нейтралы жерге тұйықталған желідегі дифференциалды 
токқа әсер ететін ҚАҚ қосылу сұлбасы 10.2 - суретте көрсетілген. 
Мұндай құрылғының датчигі нөлдік реттік ток трансформаторы (НРТТ) 
болып табылады, оның шығу орамдарында І
h
адам денесі арқылы өтетін токқа 
пропорционалды сигнал қалыптасады. (Т) түрлендіргіш кіріс сигналының 
мәнін тағайыншамамен салыстырады, оның мәні адам арқылы жол берілетін 
токпен анықталады, кіріс сигналын атқарушы органмен (АО) басқару үшін 
қажетті деңгейге дейін күшейтеді. Атқарушы орган, мысалы, контактор, ҚАҚ 
қорғау аймағында электр тогымен зақымдану қаупі туындаған жағдайда 
электр қондырғысын желіден ажыратады.


37 
10.2 сурет - Дифференциалды токқа әсер ететін ҚАҚ желіге (TN – S 
жүйесі) қосылу сұлбасы 
Оқшаулаудың зақымдануы нәтижесінде бір электр қабылдағыштың 
корпусында кернеу пайда болған кезде қорғаныстық ажыратудың әрекетін 
қарастырайық. Мұнда екі жағдай болуы мүмкін: электр қабылдағыш жерге 
тұйықталмаған және электр қабылдағыштың жерге тұйықталған. 
1 - электр қабылдағыштың корпусы; 2 - ажыратқыш серіппе; 3 - желілік 
түйістіргіштің 
түйіспелері; 4 - ілмектер; 5 - 
шарғы
өзекшесі; 6 - ажыратқыш
шарғы; 7,8 - жерге тұйықтағыштар; 9 - түйіспелер. 
10.3 сурет - Қорғаныстық ажыратудың 
қағидатты сұлбасы 
Бірінші жағдайға 9 контактінің ашық жағдайы сәйкес келеді (10.3 
сурет). Қорғалатын электр қабылдағышынан кейбір қашықтықта жерге 7 
жерге тұйықтағышты қағады. Катушкаға 6 кернеуді беру кезінде желілік 
контактордың түйіспесімен электрмен жабдықтау тізбегінің үзілуін жасауға 
мүмкіндік береді. 6 катушкаға токтан ажыратылған жағдайда оның 5 өзекшесі 
2 серіппеге контактіні ажыратуға мүмкіндік бермей, 4 ілмекті ұстап тұрады 
(контактілер сұлбасында ашық көрсетілген, өзек ілмекті ұстап тұрса да). 


38 
Катушкалар орамасының бір ұшы электр қабылдағыштың 1 корпусына, 
екіншісі — сыртқа шығарылатын жерге тұйықтағышқа жалғанады. Электр 
қабылдағыштың 1 корпусы мен 7 шығарылатын жерге тұйықтағыш арасында 
оқшаулама бұзылған жағдайда фазалық кернеу пайда болады. Ажыратқыш 
катушка 6 кернеу астында болады, және оның орамасы бойынша ток ағады.
Өзекшесі 5 тартылып, ұстап тұратын 4 ілмегін босатады. Серіппе 2 желілік 
контактордың түйіспелерін 3 ажыратады, сондықтан электр қондырғысының 
қоректендіру тізбегін ажырайды. Электр қабылдағыштың корпусында жанасу 
кернеуі жоғалады, онымен жанасу қауіпсіз болады. 
Екінші жағдай, электр қабылдағыштың корпусы жерге қосылған кезде, 
түйіспенің тұйық жағдайы 9 сәйкес келеді. Электр қабылдағыштың 
корпусында оқшаулаудың зақымдануы пайда болған кезде кернеу пайда 
болады, оның мәні жерлендіргіштің жерге тұйықталу кедергісіне көбейтілген 
жерге тұйықталу тогына тең жерледіргіште кернеудің құлауын анықтайтын 
болады. Бірінші және екінші жағдайларда қорғау әрекеттерінде 
түбегейлі 
айырмашылық жоқ. 
ЭҚҚ сәйкес қорғаныстық ажыратуды келесі қондырғыларда қолдану 
ұсынылады: қауіпсіздікке қатысты жоғары талаптар қойылатын нейтралы 
оқшауланған электр қондырғыларын (жерге тұйықтау құрылғысына 
қосымша). Мұндай қорғаныс ажыратуының сұлбасы 10.4 суретте көрсетілген. 
10.4 сурет – Нейтралы оқшауланған кезіндегі қорғаныстық ажырату 
сұлбасы 
Релеің КА орамасында жерге тұйықталу тогы пайда болған кезде оның 
түйістіргіш КМ шарғының тізбегіндегі ажырайтын түйіспесі ажырайды және 
түйістіргіш өзінің бас түйіспелерімен электр қозғалтқышты М желіден 
ажыратады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет