Энергетика


  14 дәріс. Электр жабдықтары мен электр желілерін пайдалану



Pdf көрінісі
бет16/19
Дата13.12.2022
өлшемі0,72 Mb.
#162498
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
ТБЭУ Конспект лекций каз

 


49 
14 дәріс. Электр жабдықтары мен электр желілерін пайдалану 
және жөндеу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету 
Дәрістің мақсаты: электр жабдықтары мен электр желілерін жөндеу 
және пайдалану кезінде жедел қызмет көрсету және жұмыс өндірісі кезінде 
қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қорғаныс құралдары мен әдістерін оқып 
үйрену. 
Жедел қызмет көрсету. 
Электр қондырғыларына жеке-дара қызмет көрсететін жедел 
ұызметкерлерінде және осы электр қондырғысына бекітілген ауысымдағы 
немесе бригададағы аға адамдарда, кернеуі 1000 В жоғары қондырғыларда IV
төмен емес және кернеуі 1000 В дейінгі қондырғыларда III төмен емес электр 
қауіпсіздігі бойынша тобы болуы тиіс. 
Ауысымды қабылдау кезінде жедел қызметкер міндетті: 
а) нұсқауда белгіленген көлем бойынша жеке қарау арқылы өз 
учаскесіндегі жабдықтың жағдайы мен жұмыс режимімен сызба бойынша 
танысу; 
б) ауысымды тапсырушы кезекшіден апат немесе ақаулықтарды алдын 
алу үшін мұқият бақылау жүргізуге жататын жабдықтар туралы және 
жөнделудегі немесе резервтегі жабдықтар туралы мәліметтер алу;
в) құралдарды, материалдарды, үй-жайлардың кілттерін, қорғау 
құралдарын, жедел құжаттама мен нұсқаулықтарды тексеру және қабылдау; 
г) оның соңғы кезекшілігінен өткен уақыт ішіндегі барлық жазбалар мен 
өкімдермен танысуға; 
д) ауысымды қабылдауды журналға, ведомостарға жазумен, сондай-ақ 
жедел сұлбада ауысымды қабылдаушы адамның және оны тапсырушы 
адамның қолдарымен ресімдеу; 
е) ауысым бойынша аға адамға кезекшілікке түскені туралы және 
ауысымды қабылдау кезінде байқалған ақаулар туралы баяндау.
Жедел қызметкер өзінің кезекшілік уақытында өзіне тапсырылған 
учаскедегі барлық жабдықтардың дұрыс қызмет көрсетуіне және апатсыз 
жұмыс істеуіне жауапты болып табылады. 
Ауысым бойынша аға қызметкер жеке-дара немесе кәсіпорынның, 
цехтың, учаскенің әкімшілігімен бірлесіп энергия жүйесі диспетчерінің электр 
жүктемесін төмендету және электр тұтыну шығынын қысқарту жөніндегі 
талаптарын және энергиямен жабдықтаушы ұйымындағы жекелеген желілерді 
ауыстырып қосу туралы энергия жүйесі диспетчерінің талаптарын орындауға 
міндетті. 
Өндірістік электр жабдығына (электр қозғалтқыштары, электр пештері 
және т. б.) және әр түрлі технологиялық жабдықтың электр техникалық 
бөлігіне қызмет көрсететін жедел қызметкерлеріне қалқандардың есіктерін, 
іске қосу құрылғыларын, басқару пульттерін және т. б. қарау үшін жеке-дара 
ашуға рұқсат етіледі. 


50 
Электр 
қондырғылары 
үй-жайларының 
есіктері 
(қалқандар, 
құрастырмалар және т.б.) үнемі жабылып тұруға тиіс. 
Электр қондырғыларының әрбір үй-жайы үшін біреуі қосалқы болып 
табылатын кілттердің кемінде екі жиынтығы болуы тиіс. Тарату құрылғылар 
(ТҚ) үй-жайларының кілттері ұяшықтар мен камералардың есіктерін ашуға 
келмеуі тиіс. 
Кілттер жедел қызметкерлердің есебінде болуы тиіс. Тұрақты жедел 
қызметкерлері жоқ электр қондырғыларында кілттер басқару пунктінде 
ауысым бойынша аға жедел қызметкерде болуы тиіс.
Жұмыстарды жүргізу. 
Электр қондырғыларындағы қауіпсіздік шараларына қатысты жұмыстар 
бөлінеді: 
- кернеуді алып тастап жұмыс орындау; 
- ток өткізгіш бөліктерде және оларға жақын жерде кернеуді түсірмей 
жұмыс орындау; 
- кернеуге қосылған ток өткізгіш бөліктерден алыс жерде кернеуді 
түсірмей жұмыс орындау. 
Кернеуді алып тастаумен орындалатын жұмыстарға ток өткізгіш 
бөліктерінен кернеу алынған электр қондырғысында (немесе оның бөлігінде) 
жүргізілетін жұмыстар жатады. 
Ток өткізгіш бөліктерде және оларға жақын жерде кернеуді түсірмей 
орындалатын жұмыстарға тікелей осы бөліктерде жүргізілетін жұмыстар 
жатады.
Ток өткізгіш бөліктерде және олардың жанында кернеуді түсірмей 
жұмыстарды кемінде екі адам орындауы тиіс, оның ішінде жұмыс өндірушіде 
электр қауіпсіздігі бойынша IV - тен төмен емес, қалғандары III-тен төмен 
емес тобы болуы тиіс. 
Кернеуде тұрған ток өткізгіш бөліктерден алыста кернеуді түсірмей 
атқарылатын жұмыс - адамдардың және олар пайдаланатын жөндеу жабдығы 
мен аспабының тоқ өткізгіш бөліктерге кестеде көрсетілгеннен кем 
қашықтыққа кездейсоқ жақындауына мүмкіндік бермейтін және осындай 
жақындаудың алдын алу үшін техникалық немесе ұйымдастыру шараларын 
(мысалы, үздіксіз қадағалау) қабылдау талап етпеітін жұмыс. Бұл жұмыстар 
қызметкерді ток өткізгіш бөліктерден немесе жерден оқшаулау үшін қорғаныс 
құралдарын қолдана отырып жүргізіледі. 
Кернеуі 1000 В-тан жоғары электр қондырғыларында ток өткізгіш 
бөліктердегі және оларға жақын жердегі кернеуді түсірмей жұмыс, адам тоқ 
өткізгіш бөліктерінен не жерден оқшаулауға арналған қорғаныс құралдарын 
қолдана отырып, жүргізілуі тиіс. Адамды жерден оқшаулаған кезде жұмыстар 
қажетті қауіпсіздік шаралары қарастырылған арнайы нұсқаулықтарға немесе 
технологиялық карталарға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. 
Кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларында ток өткізгіш 
бөліктерде және оларға жақын жерде кернеуді түсірмей жұмыс істегенде: 


51 
- жұмыс орнына жақын орналасқан, кездейсоқ жанасу болуы мүмкін 
кернеудегі басқа ток өткізгіш бөліктерді қоршау; 
диэлектрлік галош киіп немесе оқшаулағыш тұғырықта немесе 
диэлектрлік кілемде тұрып жұмыс істеу; 
- оқшаулағыш тұтқалары бар құралды қолдануға; мұндай құрал 
болмаған жағдайда диэлектрлік қолғаптарды пайдалануға. 
Ток өткізгіш бөліктердегі кернеуді ажыратпай оқшаулағыш қорғаныс 
құралдарының көмегімен жұмыс жүргізу кезінде: 
- қорғау құралдарының оқшаулағыш бөліктерін тұтқадан шектейтін 
сақинаға дейін ұстау; 
- зақымдалмаған лак жабыны бар қорғаныш құралдарының құрғақ және 
таза оқшаулағыш бөліктерін ғана пайдалануға. Лак жабынының бұзылуы 
немесе қорғаныс құралдарының оқшаулағыш бөліктерінің басқа да 
ақаулықтары анықталған кезде оларды пайдалану дереу тоқтатылуы тиіс. 
Қоршалмаған ток өткізгіш бөліктердің жанында жұмыс жүргізу кезінде 
осы бөліктер адамың артында немесе екі бүйір жағында болуына тыйым 
салынады. 
Ұзын заттарды (құбырларды, баспалдақтарды және т.б.) енгізуге және 
олармен тарату құрылғыларда (ТК) жұмыс істеуге, егер онда кернеудегі 
бөліктердің барлығы кездейсоқ жанасу мүмкіндігін болдырмайтын 
қоршаулармен жабылмаса, екеулеп ерекше сақтықпен жұмыс өндірушінің 
тұрақты бақылауымен жұмыс істеу қажет. 
Желілердің жөндеу қызметкерлер ашық тарату құрылғыларға (АТҚ) 
кірер алдында нұсқау алуы тиіс және оларды жұмыс орнына III-ден төмен 
емес электр қауіпсіздігі тобы бар қызметкер апарып салуға тиіс; жұмыс 
аяқталғаннан кейін немесе үзіліс кезінде қызметкерлерге ашық тарату 
құрылғылардан (АТҚ) шығуы жұмыс өндірушінің қадағалауымен рұқсат 
етіледі. 
АТҚ мен жоғарывольтты желі
(ЖЖ) қиылысу аралықтарында 
кернеудегі сымдардан төмен орналасқан сымдарды, тростарды және оларға 
қатысты оқшаулағыштар мен арматураларды ауыстырған кезде, тростар мен 
сымдар арқылы өсімдік немесе синтетикалық талшықтардан жасалған 
арқандар жіберілуі тиіс. Оларды қиылысу орнынан екі жағынан жіберіп 
ұштарын зәкірге, конструкцияға және т. б. бекіту керек. 
Сымды (тросты) көтеру баяу және 
бірсарынды
жүзеге асырылуы тиіс. 
Кернеуі бар сымдар мен арқандардан жоғары орналасқан сымдарда, 
тростарда және оларға қатысты оқшаулағыштар мен арматураларда 
атқарылатын жұмыстар кәсіпорынның бас инженері бекітетін жұмыс 
өндірісінің жоспары жасалған жағдайда жіберілуі мүмкін. Онда сымдарды 
түсіруге кедергі келтіретін шаралар және келтірілген кернеуден қорғау 
шаралары көзделуі тиіс. Бұл жұмыстар кезінде, сымдарды және тростарды 
қиылысатын сымдардан кернеуді алмай, ауыстыруға тыйым салынады. 
Тіректен жерге дейін түсірілген сымға (арқанға) жанасумен байланысты
пайда болатын кернеу аймағындағы ӘЖ-дегі жұмыстар, электр қорғау 


52 
құралдарын (қолғаптар, штангалар) қолдана отырып немесе осы сыммен 
(арқанмен) өткізгіштің потенциалын теңестіру үшін қосылған металл алаңнан 
жүргізілуі тиіс. Электр қорғау құралдары мен металл алаңшаларын қолданбай 
жұмыс жүргізуге рұқсат етіледі егер әрбір жанасу орнына жақын жерде 
(жұмыс істейтін адамдардан 3 м-ден аспайтын жерде) сымға (тростарға) жерге 
тұйықтау өткізілсе. 
Найзағай жақындаған кезде ӘЖ мен АТҚ - дағы барлық жұмыстар, ал 
ЖТҚ-дағы әуе желілеріне қосылған электр кірісі және коммутациялық 
аппаратурадағы жұмыстар тоқтатылуы тиіс. 
Жаңбыр мен тұман кезінде қорғаныс оқшаулағыш құралдарды 
қолдануды талап ететін жұмыстарға тыйым салынады. 
Жерге тұйықталу анықталған кезде тұйықталу орнына жабық ТҚ-да 4 м-
ден кем және ашық ТҚ-да 8 м-ден кем қашықтыққа жақындауға тыйым 
салынады 
Осы жерге одан жақын қашықтыққа жақындауға жерге тұйықталуды 
жою үшін коммутациялық аппаратурамен операциялар жүргізу, сондай-ақ 
зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету қажет болған кезде ғана жол 
беріледі. 
Бұл жағдайларда міндетті түрде негізгі және қосымша қорғаныс 
құралдарын пайдалану керек. 
Электр қондырғысынан кернеу жойылғаннан кейін ол ескертусіз 
қайтадан берілуі мүмкін екенін қызметкер есте сақтау керек. 
Сақтандырғыштарды орнату және алу, әдетте, кернеу алынған кезде 
жүргізіледі. Кернеу астында, бірақ жүктемесіз сұлбасында коммутациялық 
аппараттары жоқ жалғауларда сақтандырғыштарды алуға және орнатуға жол 
беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет