Сурет 36 - Текелі қаласында туризмді дамыту шаралары
-
Өнеркәсіптік зонадағы қолданылмайтын ғимараттар негізінде жаңа
өндірістер ашу. Қаланың табиғи ортасына зиян келтірмейтін және жергілікті
Туристік мекемелер желісін құру
Текелі қаласының көркем жерлерін кеңінен
насихаттау мен жарнамалау
Туристік мекемелер құру және оларға қолдау
көрсету
Тау шаңғысы туристік кешенін жасау
бугельді шаңғы
жолдарын салу
демалыс зоналарының
құрылысы
экологиялық туризм
орталығын құру
коттедж қалашығының
құрылысы
Инфрақұрылымдық нысандар құрылысы
3,4-жұлдызды
қонақүйлер салу
автотұрақтар мен
кемпингтер құрылысы
жол құрылысы
қоғамдық тамақтану
нысандарын іске қосу
112
ауылшаруашылық шикізаттарын өңдеу негізінде экологиялық таза азық-түлік
өндірісін құру және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын ашу қала брендін
қалыптастыруға және жұмыссыздықпен күресуге көмектеседі.
Сонымен, табиғи-ресурстық әлеуетті туризм түрлерін дамытуда тиімді
пайдалану қала артықшылықтарының басым бағыттарының бірі ретінде
сипатталады.
3.
Текелі қаласының қоршаған ортасын адам өмірі мен қызметі үшін
қолайлы етуге бағытталған ұсыныстар.
- «Текелі-экоқала» концепциясын насихаттау және қала деңгейінде
экологиялық бастамаларды енгізу. Осы арқылы қала тұрғындарының санасын
өзгерту, экологиялық таза қалада өмір сүрудің артықшылықтарын насихаттау,
қаланың танымалдығын арттыру арқылы инвестициялық мүмкіндіктер ашу,
экологиялық жобаларды қолдау арқылы қаланы дамытуға мүмкіндік алу жүзеге
асады.
- Текелі қаласында қалдық өңдеу мен іске жаратудың жаңа жолдарын
іздестіру. Бұл жергілікті ортаның ерекшеліктерін ескеру негізінде жаңа
тұрпаттағы қалдық өңдеу заводын салып, іске қосумен байланысты болмақ.
- Қала шаруашылығында энергияны үнемдеуші технологиялар мен
өнімдерді кеңінен пайдалану. Бұл қала көшелері мен ғимараттарын
жарықтандыруда диодты жарықтандыру құралдарын пайдалану, қаланың
«жасыл» көлігін дамыту шараларын қамтиды.
- Қаладағы үйлер мен ғимараттарды сейсмологиялық тұрғыда күшейту,
қаланың архитектуралық бейнесін өзгерту. Бұл қала тұрғындарының қауіпсіз
өмірін қамтамасыз етуге бағытталады.
Зерттеу нәтижесінде негізделген Жезқазған қаласын ғылым мен өндірістің,
өңіраралық көлік-логистика хабы ретінде тұрақты дамыту үшін қала өміріне
қатысты келесідей ұсыныстар жүйесін әзірледік (37-сурет).
Сурет 37 - Жезқазған қаласын тұрақты дамыту мен тиімді басқару ұсыныстары
Көлік және логистикалық хаб құру
Көлік қызметін дамытудың және хаб құрудың алғышарттары. Өңіраралық байланысты қамтамасыз
ету
Ғылым орталығы ретінде дамыту
"Серпін-2050" білім беру
бағдарламасын жүзеге асыру
Тау-кен саласына маманданған
ғылыми кластер құру
R&D (Research & Development)
орталығын құру
Индустриялық жаңғырту, инновациялық экономикаға бетбұрыс
"ескі" кәсіпорындарды
технологиялық жаңғырту
кәсіпкерліктің дамуына жағдай
жасау
экономиканы әртараптандыру
(диверсификациялау)
113
1.
Жезқазған
қаласын
индустриялық
жаңғырту,
инновациялық
экономикаға бетбұрыс жасау бойынша ұсыныстар.
-
Металл
кенін
өндіру
және
өңдеу
саласына
маманданған
«Жезқазғансирекмет»
РМК
мен
«Қазақмыс
Корпорациясы»
ЖШС
құрамындағы қала құраушы кәсопорындарды заман талабына сай
технологиялық қайта құрылымдау. Бұл бәсекеге қабілетті өнім түрлерін
өндіруге, қала бренді болатын өнім өндіруге, жұмыс күшін сақтап қалуға
мүмкіндік береді.
- Кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасау. Жезқазған қаласы жағдайында
қоғамдық қорлардан, жергілікті бюджеттен және мемлекет есебінен іс-шаралар
кешенін (қысқа және ұзақ мерзімді бағдарламалар, стратегиялар құру және т.б.)
ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлікпен айналысатындарға қолайлы микроклимат
қалыптастыру керек. Әсіресе, шағын және орта кәсіпкерлік әлеуметтік-
экономикалық дамудың драйверіне айналуы тиіс.
- Экономиканы әртараптандыру
.
Экономика секторын және жаңа
қызметтерді дамыту, соның ішінде, ғылымды қажетсінетін өндірісті және
әлемдік экономиканың үшінші секторы - үйлесімді қызмет көрсетудің рөлін
күшейту. Қала маңындағы аса үлкен аумақты қамтып жатқан (қаланың жалпы
жер көлемі - 859 872 га, оның 38,3%-і ауыл шаруашылығы жерлеріне тиесілі)
ауыл шаруашылығы жерлерінде қала халқын ауыл шаруашылығы өнімдерімен
қамтамасыз ететін азық-түлік белдеуін құру қажет. Сонымен қатар, іргелес
жатқан Ұлытау аймағының туристік әлеуетін тиімді пайдалану арқылы өңірде
туризмнің дамуына жағдай жасалуы тиіс.
2.
Ғылым орталығы ретінде қалыптастыру және дамыту бойынша
ұсыныстар.
- «Серпін-2050» білім беру бағдарламасын жүзеге асыру. Индустриялық-
инновациялық бағдарлама аясында іске қосылатын өндірістерде жұмыс күшінің
тапшылығын шешу үшін, моноқаладағы халықтың, әсіресе жастардың көші-
қонын тұрақтындыру. Бұл «Серпін-2050» жобасы
арқылы қалаға халық саны
көп облыстардан жастарды көптеп тартуға, жергілікті оқу орындарында қажет
мамандықтар бойынша білім беруге, сол жерде жұмысқа қалдыру арқылы кадр
мәселесін шешуге негіз болады.
- Тау-кен саласына маманданған ғылыми кластер құру. Ө.А. Байқоңыров
ат. Жезқазған университеті базасынан тау-кен саласына маманданған ғылыми
кластер құру қажет. Кластер теориялық білім мен практиканың және өндірістегі
ғылыми енгізілімдердің өзара байланысын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл жаңа
инженерлік - техникалық зиялылар тобының қалыптасуына негіз болады.
- R&D (Research & Development) орталығын құру. Жезқазған қаласы
әкімдігі жанынан немесе қалалық университет базасынан қаланың даму
мәселелерімен және әлемдік урбандалу тенденцияларын зерттеумен
айналысатын ғылыми зерттеу орталығын құру қажет. Бұл орталықтағы зерттеу
жұмыстарында басымдық Жезқазған қаласын дамыту мәселелеріне арналуы
керек. Ғылыми зерттеу және дамыту орталығындағы жұмыстар келесі
бағыттарға негізделіп жүргізілуі қажет:
114
1) әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу.
Адами капиталды
дамытудың тетіктерін жетілдіру, депрессияға бейім мономаманданған
қалаларда жұмыс күшін сақтау және көші-қон легін тұрақтандыру мәселесін
шешу, экономиканы әртараптандыру бойынша іс-шаралар кешенін жетілдіру,
инфрақұрылымдық қамтамасыз ету (жолдар, байланыс желілері, энергиямен
жабдықтау, жылумен жабдықтау т.т.) бойынша тиімді шешімдер қабылдау
бағытында жұмыстар жүргізілуі қажет.
2)
көлік логистикасын дамыту.
Бұл бағыттағы жұмыстар кешенін көлік-
транзиттік қызмет көрсетудің әлемдік тенденцияларын зерттеу, нақты қадамдар
қарастырылған арнайы бағдарламалар әзірлеу, көлік-транзиттік секторын
жандандыру және көлік бизнесін жүргізу жұмыстары құрауы тиіс.
3) «жасыл» даму.
Өндірістік қызметтер барысында өзгерген аумақтарды
және террикондарды рекультивациялау (техникалық және биологиялық),
ландшафттық құрылымдау, қоршаған ортаға шығарылатын қалдықтар көлемін
азайту, ауыз су мәселесін шешу бойынша тиімді шешімдер қабылдау,
биоәртүрлілікті сақтау және жергілікті климаттық ерекшеліктерді тиімді
пайдалану арқылы баламалы энергия (күн және жел) өндірісін дамыту.
Ғылыми зерттеу және дамыту орталығын құру Жезқазған қаласының
жаңаша дамуына, яғни инновациялық қала ретінде қалыптасуына жағдай
жасауы тиіс. Бұл орталық Жезқазған қаласының жергілікті әлеуетін ескере
отырып, өңірлік маңызы бар қаладан республикалық маңызы бар экономикалық
өсу нүктесіне айналдыруы қажет. Сонымен қатар, постиндустриалдық
экономикаға негіз болатын барлық салалар қызметі шоғырланған, «ақыл-ой»
орталығы ретінде дамуына жағдай жасайды.
3)
Көлік және логистикалық хаб құру бойынша ұсыныстар.
- Көлік қызметін дамытудың және хаб құрудың алғышарттары. Өңіраралық
байланысты қамтамасыз ету. 2015 жылы пайдалануға берілген Қарағанды,
Қызылорда және Маңғыстау облыстарын өзара байланыстыратын «Жезқазған-
Сексеуіл-Бейнеу» темір жол бағыты қаланы өткізу орталығы ретінде дамытуға
алғышарт болады. Алдағы уақытта транспорттық қызметті дамыту бойынша
«Қызылорда-Жезқазған», «Жезқазған-Арқалық» автомобиль жолдарының
құрылысы жүзеге асса, қала ірі көлік-логистикалық орталығы ретінде
қалыптасады. Аталған жағдай қала экономикасының әртараптануына,
постиндустриялық тұрақты дамуына негіз болады.
Сонымен қатар, оңтүстік пен солтүстікті және орталық пен батысты
автомобиль жолдары және темір жолы арқылы байланыстыратын ірі
транспорттық орталық ретінде дамитын болады. Бұл облыстар арасында жүк
және жолдаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға, сыртқы ортамен (ірі өткізу
нарықтарымен) байланысын арттыруға жағдай жасайды. Яғни, өңіраралық
экспорт-импорт алмасуларын жүзеге асыратын «көлік торабы» қызметіне
маманданған байланыстырушы қызмет атқаруы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |