107
Сандық, статистикалық мәліметтерді өңдеу арқылы құрылған бұл жұмыста
қала және
оның аудандарын картографиялау, әкімшілік-аумақтық бөлінісін
нақтылау, жер көлемі, халық саны, 1 шаршы шақырымға шаққандағы халықтың
саны, халық тығыздығы бойынша рангтерге жіктеу сияқты кешенді жұмыстар
орындалған. Яғни, географиялық, картографиялық және статистикалық
ақпараттар жүйелі көрініс тапқан.
Сурет 34 - Алматы қаласы халқының тығыздығын сипаттайтын ГАЖ
Бұл суреттен студенттер келесідей қорытынды шығарды: 1) халық
тығыздығы ең жоғары аудандар – Әуезов (12 008) және Алмалы (11 538); 2)
халық сирек қоныстанған аудан – Медеу (722); 3) жер көлемі ең үлкен аудан –
Медеу; ең кішісі – Алмалы т.т. Студенттердің
мұндай тақырыптық зерттеу
жұмыстарының нәтижесі жүйелілікке, кеңістіктік талдау жасай білуге,
жұмыстың ғылыми жаңалығын айқындауға мүмкіндіктер береді.
108
Бағалау-бекіту экспериментінің мақсаты - геоақпараттық технологиялар
негізінде болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға
ұсынылған әдістеменің тиімділігі мен ғылыми болжамның дұрыстығын тексеру
болды. Қалыптастыру экспериментіндегі орындалған жұмыстарды саралай
келе, соңғы бекіту кезеңінің нәтижесі шығарылды.
Эксперименттік топта
болашақ
географ
мамандардың
кәсіби
құзыреттілігі
геоақпараттық
технологияларды пайдалану негізінде берілген тапсырманы орындау арқылы
бағаланды. Бағалау қалыптастыру экспериментінде орындаған жұмыстарының
күрделілігіне байланысты орындалды. Мысалы, геоақпараттық бағдарламалар
көмегімен жасалған елді-мекеннің жер бедерін сипаттайтын қарапайым
инфографикалық ГАЖ –
төмен нәтиже
,
көпжылғы жауын-шашын
көрсеткіштеріне талдау негізінде құрылған ГАЖ –
орташа нәтиже
,
математикалық-статистикалық өңдеулер негізінде ірі қалалар халқының
тығыздығын сипаттайтын ГАЖ –
жоғары нәтиже
. Осы ретте, орындалған
жұмыстардың нәтижелеріне қарап, ЭТ студенттерінің
бастапқы анкеталық
сауалнама көрсеткіштерімен салыстырғанда деңгейлерінің неғұрлым өскендігін
көруге болады (9-кесте).
Кесте 9 – БТ және ЭТ студенттерінің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруда
геоақпараттық технологияларды игеру деңгейлерінің сапалы даму динамикасы
Кәсіби құзыреттілігінің
қалыптасу деңгейі
Кәсіби құзыреттілігінің қалыптасу деңгейін көрсеткен
студенттер %-бен
Бақылау тобы
Эксперименттік топ
Алғашқы
диагностика
Соңғы
диагностика
Алғашқы
диагностика
Соңғы
диагностика
1.
Төмен
30 %
10 %
50 %
10 %
2.
Орта
50 %
60 %
40 %
70 %
3.
Жоғары
20 %
30 %
10 %
20 %
Нәтижелерді
қорытындылау
барысында
эксперименттік
топтағы
студенттердің берілген тапсырманы орындауда геоақпараттық технологиялар
негізінде болашақ мамандардың кәсіби құзыреттерінің қалыптасу деңгейі
бақылау топтарына қарағанда анағұрлым жоғарылағанын көрсетті; жоғары
деңгейі – 10 %-ға, орташа деңгейі – 30 %-ға
көбейген, ал төмен деңгейдегі
студенттер – 40 %-ға дейін кеміген.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижесінде біздің ұсынған
әдістемеміз көрсеткендей білім алушылардың алған білімдерін нақтылау,
шығармашылық ойлауға көшу,
ойларын жинақтап айту, зерделей алу, зерттеу
жүргізу машықтары қалыптасып, өздігінен іздену,
салыстыру дағдыларын
меңгертілгенін көрсетті. Болашақ мамандардың білімді меңгеруде танымдық
әрекеттері мен белсенділіктерінің басым болуына ықпал ететін ақпараттық
технологияларды практикалық жұмыстарды ұйымдастыруда пайдалануға баса
көңіл бөлінді.
109
Жүргізілген тәжірибелік-экперимент – жасалған ғылыми болжамның
дұрыстығын
дәлелдеді, яғни ақпараттық технологиялар арқылы болашақ
мамандардың
Достарыңызбен бөлісу: