Алиаскаров думан тоқтарұлы қазақстан моноқалаларының инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың әдістемелік негіздері



Pdf көрінісі
бет52/62
Дата13.12.2022
өлшемі6,67 Mb.
#162633
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   62
Байланысты:
Aliaskarov D.T

 

143, б.2-4

.
 
Яғни, оқу процесінде жаңа технологияларды пайдалану – бұл жаңа уақыттың 
талабы. Бұл технологиялар оқу уақытын тиімді пайдалануға және сабақ 
барысындағы іс-әрекеттің өнімді болуына, көптеген нәтижелерге қол жеткізуге 
мүмкіндік береді.


99 
Осы орайда, географиялық білім беруде және білім беруші географ 
мамандар даярлауда жаңа инновациялық технологияларға негізделген оқыту 
әдістемесіне сұраныс артады. Әрине, бұл сұраныстың орындалуын заманауи 
географиялық білім берудегі ГАЖ-технологиялар атқарады. Сол себепті де, біз 
өз тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарымызды географиялық білім берудегі 
инновациялық ГАЖ-технологияларын пайдаланып орындауды қажет деп 
шештік.
Болашақ географ мамандардың қалалар географиясы туралы кәсіби 
құзыреттілігін қалыптастыруда геоақпараттық технологияларды қолдану 
әдістемесін практикалық тексеруден өткізу тәжірибелік жұмысымыздың 
мақсатын
айқындап берді. Тәжірибелік экспериментті ұйымдастыру үш 
кезеңді қамтыды.
- анықтау экспериментінде ГАЖ-технологияларының болашақ географ 
мамандар үшін тиімділігін, мүмкіндіктерін анықтап алу;
- қалыптастыру экспериментінде болашақ географ мамандарды ГАЖ 
бағдарламаларымен жұмыс жасауға үйрету, яғни алынған теориялық білімдерін 
практикада 
қолдануға, 
ғылыми-педагогикалық 
кәсіби 
біліктерін 
қалыптастыруға дағдыландыру;
- бағалау-бекіту экспериментінде алынған нәтижелерді тексере отырып, 
математикалық-статистикалық өңдеулер арқылы зерттеу болжамының 
дұрыстығын дәлелдеу. 
Біз ұсынып отырған әдістеменің дұрыстығы мен тиімділігін тексеру 
бойынша тәжірибелік - эксперименттік жұмыс 2014 – 2017 оқу жылдары Абай 
атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалды. «6В011600 
- География» және «6В060900 - География» мамандығының 3 курс студенттері 
қатыстырылды. 
Мазмұндық-құрылымдық моделдің алға қойған мақсат-міндеттері 
бойынша – болашақ географ мамандардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіруде 
ГАЖ-технологияларын пайдаланып оқыту, оның тиімділігін практикалық 
тексеруден өткізу арқылы дәлелдеу қажет болды. Осы орайда, тәжірибелік 
жұмыстың алғашқы 
анықтамалық кезеңінде
ГАЖ (GIS)-технологиялардың 
ерекшелігі, қолданыс аясы, әлеуеті мен мүмкіндіктеріне қатысты зерттеу 
жұмыстары орындалды.
Ақпараттық кезеңге аяқ басқан қазіргі қоғамда ақпарат ең басты ресурсқа 
айналып келеді. Сол себепті неғұрлым мол ақпарат қорына ие болған адамдар 
тобы соғұрлым дұрыс, негізделген және тиімді шешімдер қабылдай алады. 
Дегенмен, ақпаратты жинақтау ғана емес, оны толығымен пайдалануға 
мүмкіндік беретін құралға ие болу аса маңызды болып табылады. Осындай 
әмбебап құралдың қызметін қазіргі заманғы ГАЖ-технологиялар атқарады 

144, б.14

. Соңғы онжылдықта ГАЖ қолдану өлшеусіз артып келеді. ГАЖ-
технологиялары жаңарған сайын, өзінің қолданыс аясы да ұлғаюда. Тіпті 
кейбіреулер мұны: «ГАЖ-технологияларының алтын ғасыры» - дейді. Алғашқы 
қолдану аясы картография саласы болса, қазіргі таңда жер туралы 
ғылымдардың барлық саласында, статистика, археология, мемлекеттік басқару, 
білім беру мен ғылыми зерттеулерде кеңінен қолданылады 

145




100 
Қазіргі кезде ГАЖ жасауға ғылыми және білім беру мекемелері ғана емес, 
халықаралық ұйымдар (Біріккен Ұлттар Ұйымы, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, 
ЮНКТАД және т.б.), мемлекеттік мекемелер, министрліктер мен 
статистикалық басқармалар, геологиялық, картографиялық және жер 
қатынастары жөніндегі мекемелер де қатынасады.
Көптеген дамыған елдерде географиялық ақпараттық жүйелерді және 
автоматтандырылған картографияны дамыту, геоақпараттану саласындағы 
мемлекеттік саясатты қалыптастыру, ақпаратты ұлттық жоспарлау, жинақтау 
және таратумен айналысатын ұлттық және аймақтық мекемелер құрылған.
Ал, ғылым саласында, оның ішінде инженерлік және Жер туралы 
ғылымдарда ақпараттық технологиялар геоақпараттануды және географиялық 
ақпараттық 
жүйелерді 
(ГАЖ) 
қалыптастырды. 
Бұл 
атаулардағы 
«географиялық» дегеннің өзі 
кеңістіктік
деген мағына берумен қатар, зерттеу 
ұстанымының
 кешенділігі
мен 
жүйелілігіне
де қатысты қолданылған. Әлемдегі 
ең алғашқы ГАЖ ХХ ғасырдың 60-жылдарында Канада мен АҚШ-та жасалған 
болатын. Қазіргі кезде алуан түрлі салаларда ГАЖ қолданылады. ГАЖ барлық 
кеңістіктік деңгейлерді (ғаламдық, аймақтық, ұлттық, жергілікті) қамтып, 
қоршаған орта мен қоғам туралы барлық дерлік ақпаратты (картографиялық, 
статистикалық, қашықтан зондылау, меторологиялық және т.б.) жүйелейді.
ГАЖ бағдарламалары деректерді жинақтап, деректер базаларын жасау, 
оларды компьютерлік жүйелерге енгізу, сақтау, өңдеу, түрлендіру және 
қолданушының сұранысы бойынша әртүрлі нұсқада (картографиялық, кестелер, 
сызбалар, мәтіндер) беруге мүмкіндік береді (29-сурет).
Сурет 29 - Географиялық ақпараттық жүйелердің қызметі
 
ГАЖ технологияларын сан алуан салаларда кеңінен қолдану нәтижесінде 
осы ұғымның өзін әртүрлі ғылыми әдебиетте түрліше түсіндіру орын алды:
ГАЖ – аумақтық таралуы бар кез келген ақпаратты қабылдау, өңдеу, 
сақтау, талдау және беретін адам-бағдарлама-машина кешені; 
ГАЖ – белгілі бір аумақ бойынша қажетті картографиялық және 
тақырыптық ақпаратты алу арқылы ондағы кез келген жағдайға қатысты шұғыл 
шара қолдану мүмкіндігі;
Деректерді жинақтау 
Деректер базаларын жасау 
Деректерді компьютерлік жүйелерге енгізу 
Деректерді сақтау
Деректерді өңдеу
Деректерді түрлендіру
Қолданушыға әртүрлі нұсқада беру 


101 
ГАЖ – алуан түрлі тақырыптық ақпаратты белгілі бір кеңістік сұлбасына 
салу арқылы аумақ туралы жаңа ақпарат алу;
ГАЖ – кез келген картаны, планды және сызбаны құрастырумен қатар 
жүргізілетін талдамалық және картометриялық зерттеу және талдау;
ГАЖ – белгілі бір процестерді, құбылыстарды үлгілеу және олардың жай-
күйінің уақыт кезеңіндегі өзгерістерін зерттеу; 
ГАЖ – кеңістіктік ақпаратты көрсету әдісі және оны динамикалық түрде 
берудің мүмкіндіктері; 
ГАЖ – ресурстар мен аумақтарды басқару;
ГАЖ – жылдамдық, сапа және дәлдік; 
ГАЖ – ғылым, технология және бизнес; 
ГАЖ – картография, картометриядағы және кеңістіктік талдау 
құралдарындағы революция;
ГАЖ – кеңістіктік идеологияға негізделген жаңа дүниетаным мен жаңа 
ойлау жүйесі [146-147, с. 11-14].
Осы келтірілген анықтамаларды жалпы түрде былайша жүйелеуге болады: 
«ГАЖ – қоршаған орта мен қоғамның аумақтық ұйымдасуын талдау, үлгілеу, 
болжам жасау және басқаруға қатысты ғылыми және қолданбалы міндеттерді 
тиімді шешу мақсатында кеңістіктік деректерді жинақтау, өңдеу, бейнелеу және 
тарату, деректерді және аумақ туралы білім қорын жүйелеуді қамтамасыз ететін 
аппараттық-бағдарламалық кешен» [148, б.12]. Бұл анықтама ГАЖ қасиеттері 
мен функцияларын неғұрлым толық қамтиды.
ГАЖ ұғымы мен оның анықтамаларының мәнін әртүрлі қырынан қарауға 
болады. 
География ғылымдары тұрғысынан алғанда
, географиялық ақпараттық 
жүйелер табиғи және әлеуметтік-экономикалық жүйелерді танып-білу, зерттеу 
және үлгілеудің құралы болып табылады. ГАЖ Жер туралы ғылымдар мен оған 
жапсарлас әлеуметтік-экономикалық ғылым салалары зерттейтін объектілер 
мен құбылыстарды зерттеу үшін қолданылады. 
Технологиялық тұрғыдан 
алғанда
, ГАЖ кеңістіктік географиялық (геологиялық, экологиялық және т.б.) 
ақпаратты жинақтау, сақтау, түрлендіру, бейнелеу және тарату құралы болып 
табылады. 
Өндірістік тұрғыдан алғанда, 
ГАЖ құрылғылар мен басқару, 
шешімдер қабылдау үшін қажет бағдарламалық өнімдердің кешені болып 
есептеледі, бұл кешендегі ең басты құрамбөлік қызметін автоматты 
картографиялық жүйелер атқарады.
Осы аталғандар негізінде географиялық ақпараттық жүйелерді бір жағынан 
ғылыми зерттеудің құралы түрінде, екінші жағынан ГАЖ-индустрияның 
технологиясы мен өнімі ретінде қарастыруға болады. Қорыта келгенде, 
ғылыми-техникалық ілгерілеу жағдайында ГАЖ ғылым мен өндірістің 
кірігуінің өнімі болып табылады.
Ғылым мен білім беру саласы ГАЖ-өнімдерді қолдану ауқымы жөнінен 
басқа салалардың барлығынан алда тұр. Өйткені кез келген елде мұрағаттық 
және тағы басқа ақпарат қорына жылдам қол жеткізу мүмкіндігінің болуы 
елдегі ақпараттық тордың даму деңгейін және жалпы алғанда елдің еркін, 
демократиялық сипатын көрсетеді. Мұндай ақпарат ғылыми қызметкерлерге, 
білім алушыларға ғана емес, кез келген азаматқа қол жетімді болуы қажет. 


102 
Ақпарат массиві арасында әсіресе тарих, табиғат жағдайлары, экономикалық 
және әлеуметтік жағдайды сипаттайтын көрсеткіштерді қамтитын деректер 
базасының орны ерекше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет