Алиаскаров думан тоқтарұлы қазақстан моноқалаларының инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың әдістемелік негіздері



Pdf көрінісі
бет48/62
Дата13.12.2022
өлшемі6,67 Mb.
#162633
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   62
Байланысты:
Aliaskarov D.T

Реабилитациялық элементтер
геожүйелердің бұрын жоғалтып алған 
экологиялық 
функциялары 
қалпына 
келтіріліп, 
оңтайландырылған 
аумақтардан тұрады. Бұл элементтер кез келген аумақтарда кездесе бермейді. 
Бірақ біз зерттеп отырған Жезқазған қаласында кеніштерден шығарылған 
жыныстардың үйінділерін (террикондар), жарамсыз жерлерін қалпына 
келтіру, оңалту қажет. Себебі, қала орналасқан аумақта антропогендік 
әрекеттер жыл өткен сайын қарқынды сипат алуда. Мұндай аумақтарда 
оңалту іс-шаралары жүйелі жүргізілсе, жылдар өткен сайын мұндай 
объектілер табиғи қалпына ұқсай бастайды: көгалдандыру жүргізіліп, екпе 
ағаштар егілсе, шағын орманды алқап қалыптасады. Бұл жағдайда 
террикондар бұзылған ландшафт қалпынан нағыз рекреациялық маңызы бар 
объектілерге айналады. 
Жалпы алғанда, жоғарыда келтірілген талдау жұмыстарының нәтижесін, 
яғни табиғи-экологиялық каркастың жобалық сызбасын 26-суреттегідей 
үлгілеуге болады.
Сурет 26 - Жезқазған қаласы табиғи-экологиялық каркасының жобалық үлгісі 


92 
Жергілікті климаттық ерекшеліктерге байланысты Жезқазған қаласы 
маңында орман қоры өте мардымсыз. Оның үлесі жалпы жер қорында 1%-ке де 
жетпейді. Ал, табиғи-экологиялық каркас кеңістік көлемі жағынан аумақтың 
кемінде 25%-ын қамтуы тиіс [133]. Осы тұрғыдан алғанда, Жезқазғанның 
табиғи-экологиялық каркасы құрылымдық және көлемдік жағынан өнеркәсіпті 
қаланың тұрғындарына жайлы жағдайлар қалыптастыру үшін тек алғышарт 
бола алады. Экологиялық сауықтыру мәселесін түбегейлі шешу үшін, қала 
маңындағы Жезқазған ботаникалық бағының жұмысын жандандыру қажет. 
Ботаникалық бақтың қызметін әртараптандыру арқылы шаң-тозаңмен 
ластанудан қорғауға, қаланы көгалдандыруға, өсімдіктер қорын көбейтуге 
мүмкіндіктер бар. Бұл өз кезегінде қалалықтар үшін жайлы орта 
қалыптастыруға негіз болады. 
Жезқазған қаласы мысалында құрылған бұл табиғи-экологиялық каркас - 
бос аумақтарды игеру есебінен қалыптасады. Оның негізгі элементтері қаланың 
шығыс, оңтүстік, батыс бағытында қаланы қоршай орналасады. Табиғи-
экологиялық каркас қала «өкпесі» болып саналатын көгалдандырылған 
аумақтарды қалыптастырады.
Ал, Текелі қаласы аумағына құрылатын табиғи-экологиялық каркас «қала-
бақ» ретінде дамуына мүмкіндіктер беруі тиіс. Себебі, Текелі Жезқазған 
қаласымен салыстырғанда орман қорына өте бай және жасыл дамуға негіз 
болатын гидроресурстық әлеует те жеткілікті. Ландшафт қорының 
ерекшеліктерін, географиялық мүмкіндіктерін ескере отырып, қала аумағының 
табиғи-экологиялық каркасын жоспарлауда постиндустриялық даму үлгісін 
негізге алу қажет. Яғни, қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы қоршаған 
ортаның үйлесімділігімен сабақтастықта болуы шарт. 
Текелі жағдайында құрылатын табиғи-экологиялық каркастың әдістемелік 
жолы жоғарыда келтірілген әдістеме бойынша жасалды. Алдымен қаланың 
функционалдық зоналары айқындалды (27-сурет): 
1.
 
Тұрғын үйлер және қоғамдық-іскерлік зонасы.
Жалпы Текелі қаласының 
сызықтық үлгіде орналасуына сәйкес тұрғын үйлер де қала өзендерін 
аралығында, жағалай орналасқан.
Қаланың орталық бөлігіндегі тұрғын 
үйлердің негізін блокты тығыздығы жоғары көпқабатты үйлер құраса, қаланың 
оңтүстік-шығыстағы таулы бөлігіндегі үйлерді жеке үй-жайлар, Д.А. Қонаев 
көшесінің оңтүстігінде негізінен саяжай иеленушілер қоныстанған. Ал, 
қаланың іскерлік орталығы ядрода орналасқан, яғни Текелі және Шыжы 
өзендері суының қосылған аумағында. Бұл жерде негізінен қалалық әкімшілік, 
қоғамдық қызмет көрсету орындарының нысандары орын тепкен. 


93 
Сурет 27 - Текелі қаласы аумағын функционалдық зоналарға
бөлудің үлгісі (моделі) 


94 
2.
 
Өнеркәсіптік зона.
Қаланың өнеркәсіп орындары негізінен шашырай 
орналасқан. Қалаға кіре берістегі батыс бөлікте жылу энергиясы мен 
электроэнергиясын өндіруші
 
«Казцинк-ТЭК» ЖШС, «Суффле Қазақстан 
ашытқы зауыты» АҚ, «Текелі гранит ЖШС» секілді ірі өндіріс орындары 
орналасқан. Сонымен бірге, табиғи шунгит өндіруші «Көксу» тау-кен 
компаниясы» ЖШС, темір-кен концентратын өндіретін «Текелі кенді қайта 
өңдеу кешені» ЖШС, сыра өндіретін «АЗ» ЖШС, металлопластикалық 
бұйымдар шығаратын «Дисконт-Альфа» ЖШС, трикотаж өнімдерін тігетін
«Қазақстан Тексти Лайн» ЖШС-нің филиалы жұмыс жасайды.
Оңтүстік-
шығысында кірпіш шығаратын завод пен қала құраушы Текелі қорғасын-
мырыш комбинатының ғимараттары, солтүстік-шығысындағы Қора өзенінде су 
электр стансасының құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өнеркәсіп 
орындарының батыс және шығыс бағытта өзен аңғарын жағалай орналасуы 
біршама тиімсіздеу. Мысалы, қалалық жылу электр орталығы мұржасынан 
шығарылған зиянды қоспалар жел арқылы тұрғындар қоныстанған қаланың 
орталық бөлігіне таралады. Бұл өз кезегінде қаланың ластануына негіз болады. 
Сол себепті, болашақта қала дамуын жоспарлағанда жергілікті аңғар-таулық 
желдердің бағытын ескеру қажет. 
3.
 
Ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы және қала құрылысы 
мақсатындағы жерлер зонасы.
Бұл зона қаланың батыс және солтүстік-батыс 
аудандарында орналасқан. Мұнда негізінен ауыл шаруашылығы өнімдері 
өндіріледі. Ауыл шаруашылық мақсаттағы Green House жылыжай
кешені де 
осы зонада орналасқан. Сонымен қатар, осы зонада алыс кешенді 
перспективада қала құрылысын дамыту мақсаты көзделген.
4.
 
Рекреациялық зона.
Жалпы, Текелі орналасқан аумақ адамдардың 
демалысы үшін өте қолайлы аймақ. Климаты, қоршаған ортасы жайлы болып 
табылатын бұл зонада тау туризмін, су туризмін және қоғамдық демалысты 
ұйымдастыру өте тиімді. Атап айтқанда, Қора шатқалының көзтартарлық тау 
ландшафттары, Орталық Азиядағы ең биік Бұрхан-бұлақ сарқырамасы
 
(120 м), 
емдеу-сауықтыру бағытындағы «Алтын Шыжы» шипажайы, қала аумағымен 
ағып өтетін төрт өзеннің тоғайлы жағалаулары, қала ішіндегі қайыңды, тал-
теректі саябақтар, таулы ауданның орман ресурстары, іргелес аумақтардағы 
туристік нысандар аталған зонаға негіз болады.
5.
 
Су нысандарының зонасы. 
Қаланың солтүстігенде орналасқан қалдық 
қоймасы маңындағы тоспа суынан бөлек, Текелі, Шыжы, Қора және Қаратал 
өзендері қала аумағымен өтеді, бұл өзен сулары қаладағы су нысандары 
зонасының қалыптасуына негіз болады. 
6.
 
Арнайы белгіленген аумақтар зонасы.
Бұл зонаның құрамына қаланың 
шығысында, яғни Шыжы және Қора өзендерінің аралығында орналасқан зират 
аумағы және қаланың солтүстігінде орналасқан Текелі қорғасын-мырыш 
комбинатының қалдық қоймасы кіреді. 
7.
 
Режимдік аумақтар зонасы.
Бұл аумақта режимдік негізде жұмыс 
жасайтын «Текелі» шекара бекеті орналасқан. 
8.
 
Инженерлік және транспорттық (көлік) инфрақұрылымдар зонасы. 
Қаладағы инженерлік және көлік инфрақұрылымдары жақсы дамыған деп 


95 
есептеуге болады. Жеңіл және ауыр жүк көліктеріне арналған сапалы көлік 
жолдарынан бөлек таулы аудандарға негізделіп салынған дамыған темір жол 
желісі де бар. Бұл өз кезегінде өзге өңірлермен экспорт-импорт алмасуларына, 
сауда-саттыққа мүмкіндіктер береді.
Текелі қаласы және оның маңының табиғи ортасының ерекшеліктеріне 
талдау жасау барысында, жергілікті ландшафт құрылымында әртүрлі 
функцияға ие болатын элементтердің келесідей қасиеттерге ие болатыны 
анықталды (28-сурет). 
 
Сурет 28
 – 
Текелі қаласы мен маңындағы аумақтың табиғи-экологиялық 
каркасына негіз болатын элементтер 
 
2017 жылдың 01 сәуіріне Текелі қаласының барлық жерлері 9387 га 
құрады, оның ішінде қала аумағына кірмейтін жерлер 2394 га, қала аумағы 7008 
га және басқа ауданның жер пайдаланушылары қолданатын жерлер 15 га 
құрайды. Қала қолданысындағы барлық ауылшаруашылық алқаптары 4410 га 
жерлерді құрайды, оның ішінде егістік жерлері 911 гектар, көп жылдық 
екпелері 210 га, тыңайған жерлер 150 га, шабындық 74 га, жайылым 2975 га 
және 90 га бақша жерлері 

140

. Текелі қаласы табиғи-экологиялық каркасының 
басты «ролін» немесе жасыл байланыстырушы қызметін қала аумағынан өтетін 
өзен сулары, яғни үздіксіз су айналымы атқарады (8-кесте).
Кесте 8 - Текелі қаласы және қала маңы табиғи-экологиялық каркасының 
құрылымдық жүйесі (Д.З. Гридневтың әдістемесі негізінде құрастырылды 

132




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет