Алиаскаров думан тоқтарұлы қазақстан моноқалаларының инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың әдістемелік негіздері



Pdf көрінісі
бет44/62
Дата13.12.2022
өлшемі6,67 Mb.
#162633
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   62
Байланысты:
Aliaskarov D.T

Зерттеу әдістері.
Жергілікті жердің ерекшеліктерін (географиялық, 
экологиялық, кеңістіктік) зерттеу жұмыстары 2015-2017 ж.ж. арнайы 
іссапарлар барысындағы кешенді талдау әдістері арқылы орындалды. Онда 
тарихи-географиялық, статистикалық, картографиялық, салыстырмалы талдау, 
қашықтан зерделеу, далалық зерттеу және бақылау, географиялық үлгілеу 
әдістері қолданылды. Жоғарыда аталған теориялық зерттеу жұмыстарына шолу 
және ғылыми іссапарлар барысындағы қолданылған әдістер нәтижесі 
Жезқазған және Текелі қаласы аумағында табиғи-экологиялық каркас 
қалыптастыруға негіз болды.
Негізгі 
бөлім 
(зерттеу 
нәтижелері).
Жезқазған – Қазақстан 
Республикасының орталық аймағындағы аса қуатты өнеркәсіп әлеуеті бар, түсті 
металлургияның маңызды орталықтары орналасқан, білім беру, мәдениет 
ошақтары шоғырланған аумақтың бірі 

134, б.255

. Жезқазған қаласының 
аумағын белгілі бір өзіндік ерекшеліктерімен анықталатын табиғи ресурстар 
мен өндіріс объектілерінің жиынтығы болып табылатын, түсті металлургия 
саласына маманданған біртұтас 
аумақтық-өндірістік кешен 
ретінде сипаттауға 
болады 

135, p.124




85 
Қаланың тұрақты дамуын тежейтін негізгі факторлардың бірі – қоршаған 
орта сапасының нашар жағдайы. Атмосфераның ластану индексі (ИЗА) 
бойынша Жезқазған Қазақстандағы жоғары ластанған қалалар (Алматы, 
Шымкент, Ақтөбе, Теміртау т.б.) қатарында. 2016 жылғы жағдай бойынша, 
АЛИ=7 (жоғары деңгей), атмосферадағы ластаушы заттардың жоғары 
қайталанушылығы=17% (көтеріңкі деңгей), СИ=10 (жоғары деңгей) 

136,
 
с.314


Қаладағы экологиялық қолайсыздықтың негізгі мәселелеріне: атмосфералық 
ауаның ластануы, тұрмыстық қалдықтардың уақтылы тазартылмауы, күл 
үйінділерінің жиналуы, үйінділер мен кен өндіруші кәсіпорындардың қалдық 
сақтауыштары көлемінің үлкендігі, қатты отынмен жұмыс істейтін көптеген 
шағын қазандықтардың ластаушы заттарды шығаруы болып табылады 

137, 
р.250-251

. Мұның өзі еліміздегі қалаларда, соның ішінде экологиялық жағдайы 
нашарлап отырған ресурстық моноқалаларда табиғи-экологиялық каркасты 
қалыптастырудың маңызды екенін көрсетеді. 
Табиғи-экологиялық каркасты құрастыру әсіресе мынадай аумақтар үшін 
тиімді болып табылады 

132, с.97

: 1) табиғи-рекреациялық әлеуеті жоғары 
аумақтар; 2) бағалы табиғи кешендері мен мемлекеттік, халықаралық деңгейде 
қорғалатын аумақтары бар жерлер; 3) экологиялық жағдайдың жоғары 
дәрежеде шиеленіскен аумақтары (мысалы, ірі өндіріс орындарының қоршаған 
ортаға қауіпті заттарды шығаруы және жергілікті халықтың содан зиян шегуі); 
4) халық тығыздығы жоғары аудандар; 5) өзгеру және бұзылу деңгейі жоғары 
аумақтар (пайдалы қазбаларды игеру, ластағыш көздер бар аудандар). 
XX ғ-дың 

кезеңіндегі индустрияландыру дәуірінде өндірістік қала 
ретінде қалыптасқан Жезқазғанды (1954 ж.) экологиялық жағдайы шиеленіскен, 
өзгеру және бұзылу деңгейі жоғары аумақтар қатарына жатқызуға болады. Сол 
себепті, қаланың экологиялық жағдайын жасақтап, оның тұрақтылығын 
сақтаудың басты әдісі, бұл табиғи-экологиялық каркасын жасақтау.
Қала аумағында табиғи-экологиялық каркас элементтерін орналастыру 
үшін, аумақтың функционалдық зоналарын айқындау маңызды. Бұл өз 
кезегінде кеңістіктегі теріс әсерлерді (жасыл желек жеткіліксіз аудандар, 
қаланы «тұншықтырып» тұрған ластаушы көздер аймағы, геоморфологиялық 
күрделі өзгерген аудандар т.т.) анықтауға, тиімді шешімдер қабылдауға 
мүмкіндік береді 

138, с.66-67

. 2015-2017 ж.ж. арнайы іссапарлар нәтижесінде,
Жезқазған қаласы аумағындағы функционалдық зоналардың шекарасы 
анықталды. Қала орналасқан аумақтан келесідей зона түрлерін және зона 
құрайтын құрам бөліктерін ажыратуға болады (24-сурет): 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет