97
зона элементтерін орналастыру арқылы Текелінің «қала-бақ» ретінде дамуына
мүмкіндік беруге болады.
Сурет 28 - Текелі қаласы табиғи-экологиялық каркасының жобалық үлгісі
Реабилитациялық элементтер. Текелі
қаласы жағдайында қорғасын-
мырыш
комбинатының
қалдық
қоймасы
басты
мәселе
ретінде
қарастырылады. Қоршаған ортаға және жергілікті тұрғындар денсаулығына
жағымсыз әсер етіп отырған бұл қалдық қойма рекультивациялау
жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Техникалық және биологиялық
рекультивациялау жұмыстарын жүргізу арқылы
аумақты ландшафттық парк
ретінде дамытуға болады. Бұл табиғи және мәдени орман қорының артуына,
шығарылған жыныстардың үйінділерін (террикондар) игеруге, жарамсыз
жерлерді қалпына келтіруге негіз болады.
Табиғи-экологиялық каркасты үлгілеу аумақтық жоспарлаудың аясында
табиғи және табиғи-антропогендік жүйелердің біртұтастығы мен иерархиясын
сақтау мақсатында жүргізілуі қажет. Жобалық үлгідегі
табиғи-экологиялық
каркастың үздіксіз сипаты «қала-табиғат» жүйесінде энергия мен зат
ағындарының кедергісіз айналымға түсуін қамтамасыз етеді және осы арқылы
98
қаланың табиғи ортаға үйлесімді енуіне жағдай жасайды. Үздіксіз сипаттағы
табиғи каркаста тіршілік иелері еркін қозғалысқа түседі, ал оның элементтері
қалалық
ортаға таза ауаның келіп, керісінше одан ластағыштардың әкетілуін
қамтамасыз етеді. Яғни, аумақтық жоспарлау барысында әртүрлі жобалық
шешімдердің (көліктік, өндірістік, инженерлік, функциялық) өзара үйлесуі осы
каркас негізінде болады.
Достарыңызбен бөлісу: