2.3 Қазақстан моноқалаларының инновациялық даму үрдістерін географияда оқыту әдістемесі және зерттеу нәтижелері мен тұжырымдары Бүгінгі ғылым мен техниканың қарыштап даму заманында мектеп пен
ЖОО-да дәстүрлі оқыту технологиясының білім алушылардың ғылым
негіздерін мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруіне кепілдік бермей
отырғандығы білім алушылардың білім жетістіктерінің нәтижелерінен
көрінуде.
Сондықтан
оқу-тәрбие
үрдісін
жандандырудың
қазіргі
технологияларын жетілдіріп, оны пән сабақтарын оқытуда тиімді қолдану
арқылы білім сапасын жоғарылату үшін басты бағыт-бағдар берілуде.
Технологиялардың бәрін бір пән сабақтарында қамту мүмкін емес. Сондықтан
білім беру ұйымдарындағы әрбір пәнді ұтымды меңгертуде оқыту
технологиясын таңдап іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы
білім алушының технологияны қабылдауы, оған деген ынтасы, құштарлығына
оқытушы тарапынан көңіл бөлінуі тиіс. Қазіргі инновациялық озық технология
туралы ғалым-педагог В. Беспалько «Слагаемые педагогической технологий»
еңбегінде
«Оқу-тәрбие үрдісінің алдын-ала жүйелі түрде жобалануы – оны тәжірибеде жүзеге асыру, яғни белгілі педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асатын жобасы», - деп қарастырады
141, с.133-134
.
Еліміздің орта білім беру ұйымдарында «География» пәнін оқытудың
мәселелері көтерілуде. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясы
мамандары «География» пәнін оқыту бойынша талдамалы жұмыстар жүргізген
142, б.44-48
. Талдау барысында жаңа педагогикалық технологияларды
қолдану арқылы білім беруге, оқытудың заманауи құралдарының рөліне
тоқталады. Зерттеу жүргізген мамандар: «Географиялық білім беруде, әлі де
болса заманауи технологияларды, ақпарат көздерін, білім берудің сандық
ресурстары мен құралдарын қолдану қажет» - деп санайды.
Оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін арттыруда
заманауи технологияларды пайдалану жаңартылған мазмұндағы типтік оқу
бағдарламасында да қарастырылған
65, б.2-4
. Бағдарламада оқу процесін
ұйымдастырудың педагогикалық тәсілдерін талдауда АКТ-ды қолданудың
ерекшеліктеріне мән берілген. Ал, 10-11-сыныптарға арналған «География» оқу
пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасына ГАЖ
бағдарламаларын пайдаланып орындалатын жұмыстар енгізілген