106
тенденция сақталған, жауын-шашынның көп мөлшері осы айда түседі); 2)
Айлық минимум 0-ге тең жағдайлар кезігеді. 1951, 1957, 1974, 1975 жылдардың
маусым-қазан айлары аралығында мүлдем жаңбыр жаумаған. Тарихи
деректерді және қазіргі таңдағы метеорологиялық мәліметтерді салыстыра
отырып, ең жаңбырлы ай – мамыр, ең жаңбырсыз ай ретінде қыркүйек айын
айтуға болады.
Сурет 33 - Атмосфералық жауын-шашын және қар жамылғысы
жай-күйін сипаттайтын климатограмма
Бұдан бөлек, ЭТ студенттері Жезқазған қаласының ауа температурасы
туралы да мәліметтерді жүйелеп, тиісті нәтижелерге қол жеткізгенін атауға
болады. Онда студенттер абсолюттік максимум (43°С, 1988 ж., маусым) және
минимум (-41°С, 1951 ж., ақпан) сияқты қызықты мәліметтерді анықтап, оның
себебі мен салдарын түсіндіруге тырысты. «Амплитудалық ауытқулардың
үлкен айырмашылығы Жезқазған қаласының аридті зонада орласуы негіз
болады» - деген қорытынды жасалынды. Яғни, ГАЖ құру студенттер үшін:
Достарыңызбен бөлісу: