Алиаскаров думан тоқтарұлы қазақстан моноқалаларының инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың әдістемелік негіздері


кәсіби (танымдық,  ақпараттық,  шығармашылық,  коммуникативтік, зерттеушілік, тұлғалық)  құзыреттілігін



Pdf көрінісі
бет56/62
Дата13.12.2022
өлшемі6,67 Mb.
#162633
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   62
Байланысты:
Aliaskarov D.T

кәсіби
(танымдық, 
ақпараттық, 
шығармашылық, 
коммуникативтік, зерттеушілік, тұлғалық) 
құзыреттілігін
қалыптастыру 
нәтижесінде география мамандығының студенттері географиялық білім беруде 
ГАЖ-технологияларын пайдаланып, тапсырмалар орындауды үйренді. Яғни, 
қалалар туралы әлеуметтік-экономикалық білім, білік дағдылары қалыптасқан, 
өз бетінше зерттеу, талдау жұмыстарын орындай алатын, ақпараттық 
технологияларды игерген білім алушылар тобының қалыптасқанын нық 
сеніммен айта аламыз.
Жалпы, 
диссертациялық 
зерттеу 
жұмысымыздың 
тәжірибелік-
эксперименттік нәтижелеріне қол жеткізілген соң, моноқалаларды тұрақты-
инновациялық дамытуға қатысты өз тұжырымымызды ұсыну қажет деп 
шештік. Экономикадағы жетістіктер, әлеуметтік көрсеткіштердің тұрақтылығы 
және қоршаған ортаның қолайлы болуы, осы салалардың өзара үйлесімділігі 
өңірлердің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. Аталған тұрақты даму 
факторларынан бөлек, жоғарыда моноқалалардағы инфрақұрылымның 
заманауи жағдайын талдау барысында қала дамуына жанама әсер ететін және 
қала дамуын шектейтін факторлар тобы анықталған болатын. Бұл факторларды 
жүйелеу мен индикациялық талдау бізге Текелі мен Жезқазған қаласының 
мысалында қала дамуының көпфакторлы үлгісін жасауға мүмкіндік берді 
(Қосымша Б). Зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, моноқалаларды 
инновациялық дамыту үшін келесі шаралар жүзеге асырылуы тиіс деген 
тұжырымға келдік.
Зерттеу нәтижесінде негізделген Текелі қаласын экоқала ретінде тұрақты 
дамыту мен тиімді басқару ұсыныстары әлемдік экоқалаларға тән атрибуттарды 
осы қаланың өміріне енгізуге бағытталады. Зерттеу нәтижесінде Текелінің 
экоқала ретінде дамуы үшін қала өмірінде мынадай өзгерістер болуы тиіс деп 
санаймыз (34-сурет).
Сурет 34 - Текелі қаласының экоқала ретінде даму шарттары 
Текелі қаласының 
өнеркәсіпті зонасы 
маңында бульварлар 
жасау
Текелі тар колеялы 
жолын жөндеп, іске 
қосу 
Қала мен қала 
маңында арнайы 
бөлінген қауіпсіз
веложолдар салу
Текелі қаласында 
жаңа тұрпаттағы 
қалдық өңдеу 
заводын салып, іске 
қосу
Қалдық қоймалары 
мен күл үйінділерін 
реконструкциялау: 
көму, өсімдіктер егу
Үйлер мен ғимараттарды 
сейсмокүшейту, қаланың 
архитектуралық бейнесін 
өзгерту
Өнеркәсіптік зонадағы 
қолданылмайтын ғимараттар 
негізінде жаңа өндірістер ашу
"Текелі-экоқала" концепциясын 
насихаттау және қала деңгейінде 
экологиялық бастамаларды енгізу
Қала шаруашылығында 
энергияны үнемдеуші 
технологиялар мен 
өнімдерді кеңінен 
пайдалану
Орталық Азия университеті 
базасында ғылыми 
инновациялар паркін жасау


110 
Текелі қаласын тұрақты дамыту мен тиімді басқару ұсыныстары бойынша 
ұсыныстар жүйесін үш топқа бөлдік (35-сурет). 
Сурет 35 - Текелі қаласын тұрақты дамыту мен тиімді басқару ұсыныстары 
1.
Текелі қаласының адам әлеуеті дамуы және әлеуметтік-демографиялық 
жағдайын жақсартуға бағытталған мынадай ұсыныстар енгізіледі
:
-
Адами әлеуетті дамытуға бағыттану. Текелі қаласының халқы жаңа 
бизнес ашып, қосымша білімін жетілдіріп, қалалық басқаруға қатысып, мәдени 
бастамалар жасап және әлеуметтік әлеуетті дамытуға мүмкіндік алуын 
қамтамасыз ету. Бұл өз кезегінде Текелі қаласының даму динамикасын, 
қалалық ортада өмір сүру сапасын жетілдіреді.
-
Орталық Азия университеті базасында ғылыми инновациялар паркін 
жасау. 
Текелі 
қаласында 
ғылыми 
және 
технологиялық 
әлеуетті 
шоғырландыруға мүмкіндік береді. 
-
Қалалық басқаруды орталықсыздандыру (децентрализация) жүйесін 
құру. Текелі қаласын басқаруда тік иерархиялық (сатылы) үлгіден үлестірмелі 
үлгідегі горизонталды (үлестірмелі) басқаруға көшу, яғни өзін-өзі басқаратын 
тұрғын аулалар, кварталдар құру. Қаланы қолайлы мекенге айналдыруға 
қатысты басқаруды осы бірліктерге беру тиімді нәтижелерге алып келеді. 
Қаланы дамыту стратегиясын талдау осы қалалық кішігірім бірлестіктерді, 
шағын бизнес өкілдерін қоса отырып, ашық режимде ұйымдастырылуы тиіс. 
-
Текелі қаласын өзі орналасқан аумақтағы ауылшаруашылық елді 
мекендердің әлеуметтік дамуының негізгі тірегі ретінде дамыту. Текелі осы 
өңірдегі әлеуметтік және мәдени үдерістің шоғырланған нүктесіне айналу үшін 
онда білім мен мәдениет нысандары шоғырландырылуы қажет. Осы арқылы 
жаңартулар пайда болып, ауылшаруашылықты аудандарда адами әлеуеттін 
дамуы жүзеге асады. 
•Адами әлеуетті дамытуға бағыттану
•Қалалық басқаруды орталықсыздандыру 
•Текелі қаласын өзі орналасқан аумақтағы ауылшаруашылық елді 
мекендердің әлеуметтік дамуының негізгі тірегі ретінде дамыту
•Қалада ғылыми инновациялар паркін жасау
Адам әлеуеті мен 
әлеуметтік 
жағдайын 
жақсарту
•Қаланы энергиямен қамтамасыз етуде балама энергия көздерін қолдануға 
көшу. 
•Текеліні Талдықорғанның серіктес қаласы ретінде дамыту. 
•Текелі қаласын өңірлік туризм орталығына айналдыру. 
Жасыл 
экономика 
дамыту 
•"Текелі-экоқала" концепциясын насихаттау және қала деңгейінде 
экологиялық бастамаларды енгізу.
•Текелі қаласында қалдық өңдеу мен іске жаратудың жаңа жолдарын 
іздестіру
•Қала шаруашылығында энергияны үнемдеуші технологиялар мен өнімдерді 
кеңінен пайдалану.
•Қала ғимараттарын қауіпсіз ету шаралары
Қоршаған 
ортаны адам 
өмірі мен 
қызметіне 
қолайлы ету


111 
2. Текелі – өнеркәсіптік-аграрлық қала, бұл жерде 36 өнеркәсіптік 
кәсіпорын, 59 шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Көпшілік кәсіпорындардың 
негізгі өндірістік қорларының әлдеқашан ескіруі және жаңа технологиялық 
жабдықтармен 
қамтылуының 
төмендігі 
энерго-еңбек-материал 
сыйымдылығының өсуіне соқтырып, шығарылатын өнімнің бәсекеге 
қабілеттілігін төмендетеді. 
Текелі қаласында жасыл экономиканы дамыту 
ұсыныстары 
«экоқала» концепциясының негізінде жасалды: 
- Қаланы энергиямен қамтамасыз етуде балама энергия көздерін қолдануға 
көшу. Текелі қаласы орналасқан аумақтың табиғат жағдайы баламалы энергия 
көздерін дамытуға мүмкіндігі зор. Мұндағы күн сәулесінің жылдық орташа 
ұзақтығы – 2753 сағат болса, желдің жылдық орташа жылдамдығы – 4-5 м/с 
құрайды. Табиғат жағдайының осы секілді тиімді тұстары күннен және желден 
энергия өндіретін стансалар орналастыруға қолайлы орын болмақ.
- Текеліні Талдықорғанның серіктес қаласы ретінде дамыту.
 
Бұл Текеліде 
Талдықорғанның тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының бөлімшелерін ашу 
арқылы халықты жұмыспен қамтамасыз етуге, 166 мың халқы бар Талдықорған 
нарығына ауыл шаруашылығы мен құрылыс материалдары өнімдерін 
экспорттауға, қаладан келген демалушыларға туристік қызмет түрлерін 
ұсынуына мүмкіндік береді.
- Текелі қаласын өңірлік туризм орталығына айналдыру.
 
Мұнда тау 
шаңғысын дамытуға қажетті табиғи-климаттық жағдайлар, минералдық 
сулардың негізгі бальнеологиялық топтарынан сульфидті, радонды, кремнийлі 
түрлер кездеседі. Біз Текеліде туризм дамытуға қатысты нақты қадамдар 
жүйесін ұсындық (36-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет