Алиаскаров думан тоқтарұлы қазақстан моноқалаларының инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың әдістемелік негіздері


Алдыңғы қатарлы елдерде ГАЖ өнімдерін пайдаланудың аясы жыл сайын  кеңейіп келеді. Біз алуан түрлі дерек көздерін талдау негізінде ГАЖ -



Pdf көрінісі
бет53/62
Дата13.12.2022
өлшемі6,67 Mb.
#162633
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   62
Байланысты:
Aliaskarov D.T

 
Алдыңғы қатарлы елдерде ГАЖ өнімдерін пайдаланудың аясы жыл сайын 
кеңейіп келеді. Біз алуан түрлі дерек көздерін талдау негізінде ГАЖ
-
технологиялар қолданылатын салаларды сызба түрінде көрсеттік (30-сурет). 
Сурет 30 -
 
ГАЖ-технологиялар қолданылатын салалар 
Білім беру және мамандарды қайта даярлықтан өткізу саласында 
географиялық ақпараттық жүйелерді пайдалану аса маңызды. ГАЖ объектілер 
мен құбылыстар туралы кез келген деректерді олардың кеңістік орналасуына 
қатысты негізде жинақтау, сақтау, талдау және картаға түсіруге мүмкіндік 
береді. Бұл қазіргі заманғы компьютерлік технология деректер базалары мен 
оларға қатысты операцияларды (деректерді көрсету, талдамалық есептеулер 
жасау, көрнекі түрде карталар жасау және т.б.) біріктіруді қамтамасыз етеді. 
ГАЖ үшін қоршаған ортадағы кез келген объектілер мен құбылыстар зерттеу 
пәні бола алады, сонымен қатар әртүрлі ғылым салаларындағы байқаулар мен 
өлшеулердің нәтижесінде алынған деректер де оның зерттеу аясына енеді.
ГАЖ-өнімдерін алдыңғы қатарлы әлем университеттері өздерінің зерттеу 
жұмыстары мен білім беру процесінде кеңінен қолданады. Мысалы, АҚШ-тағы 
500-ден астам университетте ғылыми зерттеулерде және студенттерді оқытуда 
пайдаланылады. 1996 жылы Қоршаған орта жүйелерін зерттеу институты 
(ESRI) жасаған ARC/INFO бағдарламалық өнімдері пайдаланылады. Бұл 
өнімдер ең алдымен кестелердегі, мәтіндік, картографиялық және басқа 
ақпаратты қамтитын компьютерлік деректер базасын жасау мақсатында 
жасалған. ARC/INFO бағдарламалық өнімдері АҚШ бойынша 40-қа жуық 
департаментте қолданысқа енгізілген. Әсіресе бұл өнімдерді география, 
геология, сәулет өнері, қалалық және аймақтық жоспарлау, орман 
ГАЖ 
өнімдерін 
пайдалану аясы 
Инженерлік-техникалық 
және жер туралы 
ғылымдар
Жобалау, құрылыс,
коммуникация
Медицина және 
денсаулық сақтау
Табиғи ресурстарды
басқару
Педагогикалық 
білім беру 
Әскери, қорғаныс
саласы
Әлеуметтік
сала
Іскерлік және әкімшілік 
басқару
Геодезия және 
картография
Экономика
cалалары


103 
шаруашылығы, қоршаған ортаның жай-күйін зерттейтін ұйымдарында аса 
маңызды орын алады. АҚШ-та жүргізілген сауалнама деректері бойынша, 
ГАЖ-технологияларын оқып-үйренетін оқу орындарының жартысына 
жуығында ARC/INFO бағдарламалық өнімдері орнатылған. Жыл сайын бұл 
елде аталған бағдарламалық өнімдермен жұмыс істеуді үйрететін арнайы 
курстарды 20 мыңнан астам студент оқып шығады.
ТМД елдерінде ГАЖ-технологияларды пайдалану дамыған елдерден 
оншақты жыл кейін жүргізіле бастады. Даму деңгейі мен ауқымы жағынан 
дамыған елдерден әлдеқайда төмен болғанымен, ТМД елдерінде де бұл өнімдер 
қолданысқа ие болып отыр. Ресейде Мәскеу, Санкт-Петербург, Алтай, Томск 
университеттері, Омбы, Пермь, Красноярск, Новосибирск техникалық 
университеттері, Мәскеу және Санкт-Петербургтегі тау-кен университеттері, 
Мәскеу геодезия және картография университеті, Уфа, Түмен мұнай 
университтері, Украинада Киев, Днепропетровск, Одесса университеттері білім 
беру және ғылыми-зерттеулер барысында ARC/INFO бағдарламалық өнімдерін 
пайдаланады.
Бүгінде дамыған көптеген елдердің (АҚШ, Ұлыбритания, Авcтрия және 
т.б.) білім беру жүйесінде сандық технологиялар, ГАЖ-технологиялар кеңінен 
қолданысқа енген. Ал, көрші Ресейде мұны жалпы орта білім беру стандартына 
енгізу мәселесі 10 жылдан астам уақыттан бері көтерілуде. Алайда мұны орта 
білім беруде және оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолдану 
мәселесі әлі де толыққанды шешілмеген. Бірақ, кейбір орта білім беру 
ұйымдарында ГАЖ қолдану тәжірибе ретінде енгізілген. Көптеген әдіскерлер 
мұны мектеп бағдарламасына пайдалану тиімді және білім стандартына енгізу 
қажет деп санайды 

147, с.73-76; 149-151


 
ГАЖ-технологияларының 
ерекшелігі: 
оқытушылар 
мен 
білім 
алушылардың бірлесіп, шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал етеді 

148, 
б.16

. Мысалы, ГАЖ-технологияларын тапсырмаларды орындауға, тиімді 
пайдалуға үйренген білім алушылар өз бетімен білімдерін толықтыруларына 
мүмкіндік береді. Яғни, білім алушылардың өзі ақпараттарды жинауға 
(ізденісіне), жүйелеуге, картографиялық бағдарламаны игеруге, сандық 
мәліметтер базасын құруға, талдау жасап үйренуге, қорытынды шығаруға 
үйренеді. Бір сөзбен айтқанда болашақ маман ретінде қалыптасуына мүмкіндік 
береді. 
Қалыптастыру экспериментінде «Геоурбандалу» элективті пәні бойынша 
жасалған оқу бағдарламасына сәйкес практикалық тапсырмаларды орындауда 
геоақпараттық жүйе технологияларын (ГАЖ) пайдалануға баса назар 
аударылды. Қалыптастыру эксперименті «6В011600 - География» және 
«6В060900 - География» мамандығының 3 курс студенттерімен жүргізілген 
педагогикалық практика барысында орындалды. Педагогикалық практика 
03.10.2016 ж. – 30.12.2016 ж. аралығында эксперименттік топқа ГАЖ-
технологияларымен жабдықталған сыныпта, ал бақылаушы топқа дәстүрлі 
түрде аудиториялық сабақ ретінде жүргізілді. 
Қалыптастыру 
экспериментінің 
бірінші 
кезеңі 
геоақпараттық 
технологиялар танымын және білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін 


104 
қалыптастыруда ақпараттық технологияларды қолдану қажеттілігін, сондай-ақ 
оқытудың тиісті әдістемесін жасау қажеттігін алға шығарады. Қалыптастыру 
экспериментін жүргізу үшін алдымызда келесі міндеттерді шешу көзделді:

білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруда 
ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы ГАЖ бағдарламаларының 
барлық мүмкіндіктерін қолдану, кәсіптік дайындығының деңгейін анықтау;

«Геоурбандалу» элективті курсының практикалық жұмыстарын ГАЖ 
сыныбында орындау арқылы, ГАЖ-технологияларының географиялық білім 
берудегі тиімділігін тексеру.
Алдымен студенттердің компьютерлік технологияларды қаншалықты
игергенін, ақпараттық талдау және кеңістіктік үрдістерді картографиялау 
деңгейлерін анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді
. «Геоақпараттық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет